kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елдің асыл тірегі -ата заң

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Респуликасының Ата заңы 1995 ж қабылданды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елдің асыл тірегі -ата заң»

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Елдің асыл тірегі -ата заң.

Білімділік мақсаты:  Ата Заңның  бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге және ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Алдынала жүргізілетін жұмыстар: Өлең оқылады Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, ән тыңдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер, суреттер,буклет, ән. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру ізденіс кезеңі .Кіріспе әңгіме Құрметті  ұстаздар, оқушылар ! Бүгінгі   «Елдің асыл тірегі -ата заң. »  атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер ! Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Мемлекеттік әнұран  орындалады.

Еліне арналатын тілегішін, Ей, ұлым -Отанымның түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп тұрған Қадірін Ата Зыңның білемісің ?! ,- деп ақын  жырлағандай бүгін оқушыларымызға  Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды өткізбекшіміз. Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Топтармен таныстыру
І топтың аты- Жалын тобы- ұраны "Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, Жігерлі де, білімді, айбаттымыз"
ІІ топтың аты -Тұлпар  -ұраны « Асау тұлпар желдей ескен арыңды, Оқу менен еңбекке сал барыңды»
ІІІ топтың аты -Сұңқар- ұраны: « Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда. «Жас Қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс». Назарбаев Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі  құндылығымыз- дың қағидаттарын  бұлжытпай орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 20 жыл толып отыр.Конститутция –кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыпта-суының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз. Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

І-кезең. «Отаным десем ойыма...» дегенде ойларыңа не келеді? - Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.
Отаным десем ойыма...
Шалқыған байтақ жер келер,
Отаным десем ойыма...
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт
Отаныма еш қашан мекен де болмас тең келер.
- Ал, сен Отан жайлы не айтасыңдар? (әр топтан балалар түсініктерін айтады.)
Ата Заңым!
Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын- демекші биыл Конститутцияға 20 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына балалардың сый тартуы . ( тақпақтардан үзінді айтады.) ІІ - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» топтар сұраққа жауап береді. 1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл ﴿ 2.  7-бап. Баланың бiлiм алуға құқықтарын қорғау ( Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және оған тегiн жалпы орта және бастауыш кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. Заң Қазақстан Республикасында қабылданған бiлiм беру стандарттары шегiнде баланың мiндеттi жалпы бiлiм алу құқығына кепiлдiк бередi) 3.«Конституция» термині қандай мағынаны білдіреді? (Құрылым)
4. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – (Тәуке хан) 5.  4-бап. Балалардың тең құқылығы   ( Нәсiлiне, түсiне, жынысына, тiлiне, дiнiне, саяси және өзге де сенiмдерiне, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтiк шығу тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, баланың тууы мен денсаулық жағдайына, оның ата-анасына немесе заңды өкiлдерiне не кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан барлық балалар тең құқықтарға ие.) 6.20-бап Баланың міндеттері. «Әрбір бала ҚР-ның Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, ескеркіштерді сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті».

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Әрбір Қазақстандықтың -Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Балалардың сый тартуы . ( тақпақтардан үзінді айтады.) 3 кезең- «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады(. 1.1998 ж 10 маусым (ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті.) 2.1991 ж 1 желтоқсан (Қазақ тарихында тұңғыш рет букіл халықтық сайлау өтіп онда Н. Назарбаев президент мандатына ие болды ) 3.1991 16 желтоқсан ( Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні) Балалардың сый тартуы . ( тақпақтардан үзінді айтады.) Қорытынды.

Ата заңың-мерейің, Мәртебең мен беделің, Ата заңмен өркендеп, Өсіп, өрлей берейік!

Ата Заңымыздың құқықтық құндылығы жоғары деңгейде. Олай болса, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы – Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін!

Қазақстан - елдің аты, Қазақстан - жердің аты. Қазақстан - ел жаннаты, Қазақстан - жер жаннаты. 

Ән. Хор: «Атамекен» әнің авторы: Е.Хасанғалиев




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Елдің асыл тірегі -ата заң

Автор: Серикова Бақтылы

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 386148

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "«Елдіктің асыл тірегі – ата заң» (праздничная программа)"
    ["seo_title"] => string(56) "ieldiktin_asyl_tirieghi_ata_zan_prazdnichnaia_proghramma"
    ["file_id"] => string(6) "452842"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517045006"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ата За?-Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(25) "atazantuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "292126"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455216429"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Ел мен т??ан  жерін отаны? с?ю".  (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(41) "ielmientuganzhierinotanynsuiutrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301192"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456877684"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Елімнің жүрегі Астана"
    ["seo_title"] => string(25) "ielimnin_zhurieghi_astana"
    ["file_id"] => string(6) "393696"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487561690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства