(Ж, Т) 2-тапсырма «Тарихи кілемше» 1-қадам - мәтінмен жұмыс. Топтағы оқушылар мәтінмен оқып танысады, әр топ қоржыннан тапсырмалар топтамасын алады. 2-қадам – топтық жұмыс 1 топтың тапсырмалары: 1.Алғашқы адамдардың тастан жасалған құралдарын ата (кем дегенде үшеуін) 2.Арыстанды өзенінің бойынан табылған алғашқы адамдардың тұрағын ата және картадан көрсет. 3.Сурет бойынша әңгімеле 2-топтың тапсырмалары: 1.Рулық қауымда өмір сүрудің артықшылықтарын ата(кем дегенде үшеуін) 2.Батыс Қазақстаннан табылған алғашқы адамдардың тұрағын ата және картадан көрсет. 3.Сурет бойынша әңгімеле 3топтың тапсырмалары: 1.Алғашқы адамдардың түрлерін ата(кем дегенде үшеуін) 2.Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталарынан табылған алғашқы адамдардың тұрақтарын ата және картадан көрсет. 3. Сурет бойынша әңгімеле Бағалау: «Алтын сақа» Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін топтарға түрлі-түсті асықтар беріледі. Ең көп асық жинаған топ алтын сақаға ие болады. (Жт) 3-тапсырма «Ассоциация-Тұжырым» (М) Сендердің жинаған асықтарыңның түстеріне қарағанда қандай ұғымдарды елестетесіңдер? Қызыл – от, Көк – су, Жасыл - шөп, табиғат, т.б Осы үшеуінің яғни оттың,судың,өсімдіктердің алғашқы адамдардың өміріндегі маңызы қандай? (Т) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма – «Жарнама» Топтық жұмыста алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде таныстырыңыз. Әңгіме құрастыру. Көрініс көрсету. Сурет салу. (Т) Бағалау – Дескрипторлар бойынша |