kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1914-1918 жылғы соғыстың басталуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проводилься открытый урок по историй. Ученики хорошо участовали

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1914-1918 жылғы соғыстың басталуы»

Сабақтың тақырыбы: «1914-1918 жылғы соғыстың басталуы»
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: Оқушыларға соғыстың басталу себептерін,сипатын, әскери соғыс қимылдарының жүргізілу стратегиясы мен тактикасын түсіндіріп кету, соғыстың адамзат үшін аса қауіптілігінің нақты картинасын беру. Соғыста шешуші рөл атқаратын әскери-соғыс техникасы туралы, екі жақ күштің арасалмағы жөніндегі берілген нақты дәлелдер, фактілер, көрсеткіштер арқылы білім негізін қалыптастыру. 
дамытушылық: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту. 
тәрбиелік: ХХ ғ.бас. дүние жүзінде болған тарихи оқиғаларды түсіне білуге, талдау жасау арқылы өзіндік ойлауға, сын көзбен қарап үйренуге тәрбиелеу. 
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. 
Қолданған стратегиялар: Жигсо 
Көрнекілік: маркер, ватман, скотч, д/ж саяси картасы, интерактивті тақта. 
Топтың жұмыс процесіне байланысты міндет: Оқушылар бірін-бірі оқытуда жұппен, топпен түсініп, оқып талдайды, топтастарының сұрағына жауап береді,бірін-бірі толықтырады, қорытынды шығарады. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут 
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды түгендеу. 
- Сыныпты екі топқа бөліп отырғызу. (Ол үшін топ мүшелерін суреттегі сәйкестік арқылы анықтау.) 
Әр топ суреттер арқылы үйге берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды.  әр топқа бағалау парақтарын таратып беру. Бірін-бірі бағалайды. 
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «І д/ж соғыстың басталуы және барысы». 
Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың мақсаты қандай деп. (оқушылардың пікірін тыңдап, мұғалімнің қорытынды жасауы) 
2. Үй тапсырмасын сұрау: интерактивті тақтада орындау 7- минут 
1. ХІХ ғ. соңы-ХХғ.бас. халықаралық қатынастардың шиеленісуі нәтижесінде құрылған одақтарды ата. 
2. Екі одақтың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтап айтып беріңдер. 
3. Дүние жүзін бөлісудегі ірі мемлекеттердің алдына қойған мақсаттарын жеке-жеке талдап бер. Тақтадағы тапсырманы сәйкестендір. /Картадан к-рсет/ 
4. Балқан соғысын бірінші д/ж соғыс себептерінің бірі деп қарастыруға бола ма? 
5. І д/ж соғыстың басталу себептерін ата. 
ІІ. Жаңа сабақ жоспары: ЖИГСО стратегиясы бойынша 
1-бөлік: Бірінші д/ж соғыстың басталуы. 
Соғыстың басталуына сылтау да табылды. 1914 жылы 28 маусым күні Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд пен оның зайыбы қастандықпен өлтірілді.( қастандық жасаған сербиялық студент Гаврило Принцип ) Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарды. 1914жылы 23 шілде күні Автро-Венгрия (Германияның соғысқа итермелеуімен ) Сербияға ультиматум жолдап, 28 шілдеде оған соғыс жариялады. Сербия Ресейден көмек сұрады. Ресей дереу жұмылдыру жұмысын бастады. Соған жауап ретінде 1914жылы 1 тамызда Германия Ресейге , 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. 4 тамызда Англия үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялады. Соғыс дүние жүзілік сипат алды. Үштік Одақ жағында 4 мемлекет, ал Антанта жағында 34 ел соғысты. Сонда 38 ел қатысты. 4 жыл 3 ай 10күнге созылды. Соғыста 10 млн адам қаза тауып, 20 млн адам жараланған. Алғашқы күннен-ақ Европада 2 майдан құрылды: 
-Батыс майдан – Бельгия мен Францияға қарсы -Шығыс майдан – Ресейге қарсы. Ресейде де 2 майдан құрылды: -солтүстік-батыс майдан – Шығыс Пруссиядан Буг өзеніне дейін -оңтүстік-батыс майдан – орыс-австро шекарасынан Прут өзеніне дейін. 2–бөлік: 1914- ж соғыс қимылдары. Соғысты бастаған Германия ең алдымен Францияны жаулап, содан кейін Ресейге шабуыл жасауды көздеді. Бұл «Шлиффен жоспары» деп аталады. Оны Басштабтың басшысы генерал фон Шлиффен жасаған. Ол жоспар бойынша Бельгия арқылы Францияға соққы беру көзделді. Яғни Бельгия Францияны жаулап алудағы плацдарм ретінде көрді. (Плацдарм – француз тілінен аударғанда соғыс бастауға қолайлы аудан деген сөз.) Жоспар 3 тамызда іске асырылуға тиіс еді. Бірақ Бельгияның қарсылық көрсетуі ұзаққа созылды. Бұл Францияны басып алуды кештетті. Франция да қатты қарсылық көрсетті. Бір ай шайқастан кейін ғана Парижге енді. Бұл батыс майдандағы соғыс қимылдары еді. Осы уақытта Ресей Шығыс Пруссия операциясын бастады.Оны Гумбинян деген адам басқарды. Енді германия Шығыс пруссиядан айырылып қалмас үшін көпшілік әскерді күшті шығыс майданға ауыстырды. Орыс әскерін қуып шықты. 1914-15жж Германия екі бағытта шабуылдап, әлсіреп қалды. 1914ж ең ірі шайқас Марна өзеніндегі шайқас. Ол Германия мен Франция арасында қыркүйек айында болды. Нәтижесінде неміс әскері сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін екі жақ та қорғанысқа көшті. 1914жылғы шайқаста Антанта одағының артықшылығы байқалды. Үштік Одақ жағына Осман империясы тартылып, 1914жылы 29 қазанда Ресей, Англия, Францияға қарсы соғыс ашты. Англия флотының басымдығы арқасында Африка емн Мұхит аралдарындағы Герман отарлары басып алынды. 1914ж 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады. 
3-бөлік: 1915-16жж соғыс қимылдары. 1915жылы 22 сәуірде Германия алғаш рет химия қаруын Ипр өзеніндегі шайқаста қолданды. Ең басты соғыс қимылдары шығыс майданда жүрді. Орыс әскерлері Галицияны, Буковинаны, Польшаны, Литваны, Латвияның бір бөлігін тастап кетуге мәжбүр болды. Үштік Одақтың мүшесі Италияға Антанта Тирольды, Триесті, Адриатиканың шығыс жағалауын ұсынды. Оған келіскен Италия 1915ж мамырда Австро-Венгрияға қарсы соғыс ашты. Ол Антанта жағына өтіп кетті. 1915жылы күзде Үштік Одаққа Болгария қосылды. Нәтижесінде Төрттік Одақ құрылды.олар: Австро-Венгрия, Германия, Туркия, Болгария. 1916жылы соғыс қимылдары Батыс майданға ауысты. Ақпан айында Верден қамалы жанында орналасқан француз қорғанысын бұзуды жоспарлады.Бірақ қорғанысты бұза алмады. Бұл «Верден қырғыны» деп аталды. Осы уақытта немістердің Верденге шабуылын әлсірету үшін ағылшын-француз әскерлері Сомма өзені бойында шабуылға шықты. Бұл шілде мен қарашаның аяғына дейін жалғасты. Осы шайқаста ағылшындар мен француздар тұңғыш рет танктерді қолданды. Екі шайқаста да орасан зор шығынға ұшырады. Және де 1916жылы 4 маусымда Шығыста Ресей армиясының Оңтүстік-батыс майдандағы жаңа шабуылыбасталды. Генерал Брусиловтың әскері Австро-Венгрия майданын бұзып өтіп, Буковинаны, Галицияны өзіне қайтарып алды. Сәтті шайқастар болды. 
4-бөлік: Гинденбург жоспары. 
Жалпы, 1915-16жж шайқастар Үштік Одақтың күш-қуатын әлсіретті. Антанта одағының басымдығы көріне бастады. Барлық жерде халық соғыс кезіндегі бар қиындықты бастан кешірді. Оларда Отангды жақтайтын патриоттық сезімдер бойкөтеріп, жергілікті халықтар ереуілдерге, көтерілістерге шыға бастады. 1916жылы 29 тамызда Германия әскері басшылығына фельдмаршал фон Гинденбург келді. 1917жылы соғыстың жаңа жоспары жасалды. Ол бойынша барлық майдандағы шабуылдардың бірдей жүргізілуі тоқтатылуы тиіс болды және майдан шептері қысқартылуы керек болды. 16-60 жас аралығындағы ер адамдар әскерге шақырылатын болды. 1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемлекеттермен қатар, бейтарап елдердің сауда және жолаушы кемелерін суға батыратындығын жариялады. Бұл әрекет АҚШ-ң мүддесіне тікелей қайшы келіп, оның сауда флотына қауіп төнді. Ресеймен бірігемін деген жоспарын Ресейдегі ақпан төңкерісі жоққа шығарды. Ресей өз ішіндегі жағдайларға орай соғыстан тыс қалды. Осы жағдайларға байланысты 1917 жылы 6 сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялады. АҚШ-ң соғысқа қосылуы Антанта болгын күшейтті, жеңіс қай жақта болатыны айқындалды. 
5-бөлік: Соғыстың аяқталуы. 
Германия Шығыс майданнан Батыс майданға бар күшін әкелді. 1918жылы наурызда Германия шабуылға шықты. Шілдеде соңғы шабуылы да нәтиже бермеді. Антантаның күші керісінше арта берді.АҚШ әскерінің Европаға келіп жетуі француз армиясының 18 шілдеде Марна түбінде жаңа шабуылға шығуына мүмкіндік берді. 8 тамыз айында Антанта әскерлері (француз Фоштың басшылығымен) Аррас аймағындағы неміс майданын бұзып өтіп, Батыс майдан, Балқан және Таяу Шығыста жалпы шабуылын бастады.Олар бір күннің ішінде немістің 16 дивизиясын құртып жіберген. Ол туралы неміс генерал Людендорф «герман армиясының д/ж соғыс тарихындағы ең қаралы күні болды » деп жазады. 1918жылы 28 қыркүйекте Салоника майданында толық талқандалған Болгария бітім туралы келісімге қол қойды. Қазан айында Туркия да тізе бүкті. Австро-Венгрия бөлшектенді.Орнына жеке ұлттық мемлекеттер –Чехословакия, Венгрия, кейін Югославия құрылды.Австро-Венгрия Антантамен 1918жылы 3 қарашада бітімге қол қойды. Сөйтіп, Германия одақтастарынан айырылып, майданда жалғыз қалды. Өз ішінде революция басталды.Герман халқы да соғысты тоқтатуды талап етті.1918жылы 11 қарашада Гремания Компьен орманында генерал Фоштың штабында бітімге қол қойды. Бірінші д/ж соғыс аяқталды. 
Мұғалім: Енді осы бес айналым бірігіп, презентация жасайды. Ортаға осы тақырыпқа ортақ барлық сипаттарды жинақтап жазыңыздар. Суреттерін іліп, түсіндіру.3-3 мин. 
ІІІ. Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау. Интерактивті тақта арқылы.

  1. І д/ж соғыстың болған уақыты: 
    а)1910-14жж ә)1912-16жж б)1914-18жж в)1915-19жж 
    2. 1916жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды шайқас: 
    а)Верден қырғыны ә)Марна шайқасы б)Ипр шайқасы в)Сомма шайқасы 
    3. 1916жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта 
    тұңғыш рет қолданған әскери техника: 
    а)зеңбірек ә)танк б)миномет в) ұшақ 
    4. І д/ж соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны: 
    а)30 ә)32 б)36 в)38 
    5. АҚШ-ң соғысқа кіріскен уақыты: 
    а)1917ж 6 сәуір ә)1917ж 6 қаңтар 
    б)1917ж 6 маусым в)1917ж 6 наурыз 
    6. Соғысты бастаған Германия ең алдымен қай мемлекетті басып алғысы келді? 
    а) Францияны ә)Ресейді б)Англияны в)Пруссияны 
    7. Шығыс майдан қай мемлекетке қарсы құрылды? 
    а)Франция ә)Англия б)Ресей в) Бельгия 
    8. Нешінші жылы Италия Антанта жағына өтіп кетті? 
    а)1914ж ә)1915ж б)1916ж в)1917ж 
    9. Ипр өзеніндегі шайқас қай майданда жүрді? 
    а) Шығыс майдан ә)Батыс майдан 
    б) Солтүстік теңізде в)оңтүстік майдан 
    10. І д/ж соғыстан кейін Германия ...... 
    а)жеңді ә)жаңа отарларға ие болды 
    б) уақытша бітімге қол қойды в) жеңілді 
    ІҮ. Бағалау.

Оқушылар ұжымда ақылдасып, топтың әр мүшесіне баға қояды. 2-минут 
Ү. Үйге тапсырма:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
1914-1918 жылғы соғыстың басталуы

Автор: Даулеткалиева Оксана Аскаровна

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403919

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?аза?стан ?лы Отан со?ысы жылдарында. "
    ["seo_title"] => string(41) "k-azak-stan-u-ly-otan-sog-ysy-zhyldarynda"
    ["file_id"] => string(6) "175199"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424249281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бірінші д?ние ж?зілік со?ыс "
    ["seo_title"] => string(31) "birinshi-duniie-zhuzilik-sog-ys"
    ["file_id"] => string(6) "229109"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441616140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бірінші  д?ниеж?зілік со?ыс "
    ["seo_title"] => string(30) "birinshi-duniiezhuzilik-sog-ys"
    ["file_id"] => string(6) "141386"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418116887"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Бірінші д?ниеж?зілік со?ыс"
    ["seo_title"] => string(32) "birinshi-duniiezhuzilik-sog-ys-1"
    ["file_id"] => string(6) "308368"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458571759"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(172) "Конспект урока ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар және бірінші дүниежүзілік соғыс"
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_uroka_khkh_g_asyrdyn_basyndag_y_khalyk_aralyk_k_atynastar_zh_nie_birin"
    ["file_id"] => string(6) "417021"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495209182"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства