Просмотр содержимого документа
«"Тұлғатану" арнайы курсының бағдарламасы»
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
«Тұлғатану»
АРНАЙЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрастырған: Альдекенова А.Т.
Тарих пәні мұғалімі
Ақсу қаласы
2016 жыл
Түсініктеме
7-сынып
«Тұлғатану» арнайы курсы бағдарламасында ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі Қазақстан тарихының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына айрықша үлес қосқан тарихи қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы, отанын қорғаудағы ерлігі, еңбек жолы сипатталады. Мектеп бағдарламасымен салыстырғанда курста тарихи тұлғалар туралы ақпарат толықтырылып, әрқайсысы жөнінде жекелей мәлімет беріледі және оқулықта қамтылмаған тұлғалар жөнінде тың материал ұсынылған. Оқушыға тарихи қайраткерлердің қоғамдағы ролін толық, жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан қайраткерлеріміздің өміріндегі ең маңызды деректер, маңызды оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер іріктеліп алынады.
«Тұлғатану» арнайы курсын оқытудағы мақсат – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысына, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат тәрбиелеу.
Курс төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
- оқушылардың басты назарын тарихи тұлғалардың қоғам тарихындағы орнына; олардың өмір мен қызметіне, еліміздің дамуына қосқан үлесіне аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
-оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
-Тіл мәдениетін жетілдіру арқылы озық пікір сайыстарға қатыстырып шешен сөйлеуге, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге үйрету.
-Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
«Тұлғатану» арнайы курсын оқытуға гимназиялық компоненттен жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат берілген
Күтілетін нәтиже
Қазақ елінің тарихына рухани үлес қосқан, өз елі үшін қан төгіп тарихта ізі қалған тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушылар бойында өз еліне, тарихына дегенқұрмет сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Тарихи тұлғалар жайлы деректермен таныса отырып, жан-жақты талдап әр оқушыда еліміздің тарихына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Отаншылдыққа тәрбиелеуге, халқымыздың өткенін, арман-аңсарын жақсы білуге көмектеседі.
Нәтижені бағалау құралдары
Курсты өткізу негізінде сынақтар, тестілеу тапсырмалары алынады, ізденіс жұмысын жүргізу, эссе жазу, рефераттар қорғалады. Оқушылар арасында шағын конференциялар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылады.
ІІ Құжаттар бөлімі
1. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
Кіріспе. (1 сағат) «Тұлғатану» курсының негізгі мазмұны, жалпы сипаттамасы мен негізгі мәселелері.
І бөлім. Сақ сармат дәуірі.
Сақ – сармат дәуірінде ерлігімен ерекшеленген тұлғалар (5 сағат)
Сақтардың тұңғыш патшасы – Тарғытай. Сақтардың көсемі – Ишпақай. Сақ жұртының ұлы тарихи тұлғасы, айбынды көсемі – Алып Ер Тоңға. Массагеттер патшасы – Томирис. Сақ ғұламасы – Анахарсис. Массагеттердің ханы Мәди көсем.
Ғұндардың әйгілі билеушісі – Мөде. Ғұн ұлысының ұлы қолбасшысы – Балаәмір, Аттила.
Үйсін мемлекетінің төрелік еткен билері: Дәу би, Елсау би, Майқы би, Бәйдібек би,
ІІ бөлім. Б.з. V-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихи қайраткерлер (10сағат)
Түрік қағандығының негізін салушы – Бумын. Түрік қағандығының көрнекті қоғам қайраткері – Тоныкөк, әскери қолбасшысы – Күлтегін. Түркеш қағандығының басшысы – Сұлу қаған.
Түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы – Қорқыт
ХІ-ХІІ ғ.ғ. қазақ жеріндегі ғалымдар, әдебиеттің ірі ғұлама өкілдері. Сүлеймен Бақырғани Хакім ата, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иассауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Әбу – Райхан Бируни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири өмірі мен шығармашылық жолы
ІІІ бөлім. ХІІІ- ХV ғ.ғ. көрнекті қоғам қайраткерлері мен жырау-ақындары
(7 сағат)
ХІІІ ғ. ауызша әдебиет өкілдері
Найман Кетбұға, Қодан Тайшы, Асан Қайғы,
ХІV- ХV ғ.ғ қазақ жерінде өмір сүрген жырау –ақындар
Сыпыра Жырау Сұрғылтайұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Қазтуған Сүйіншіұлы,
ХІV- ХV ғ.ғ. қазақ батырлары
Қара Қыпшақ Қобыланды, Қаржас Қалқаман батыр, Арғын Ақша батыр, Алшын Жалаңтөс батыр, Шапырашты Қарасай батыр
ІV бөлім. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ хандары мен әдебиет өкілдері, би-шешендер.
(10 сағат)
ХV- ХVІІ ғ.ғ. Қазақ хандары
Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек. Бұрындық хан. Қасым хан. Хақназар хан. Тәуекел хан. Есім хан. Жәңгір хан. Әз-Тәуке.
Ауызша әдебиет өкілдері
Доспамбет жырау. Марғасқа жырау. Ақтамберді жырау.Үмбетей жырау. Бұхар жырау
Би-шешендер. Батырлар
Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би
Қорытынды (1 сағат)
ІІІ Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Тарихи тұлғалардың саясат, мәдениет, ғылым, ағарту саласындағы қызметін, қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай білу,
мұғалімнің басшылығымен тарихи құжаттар , әр түрлі дерек көздерінен мол мәлімет алу;
оқушы тарихи құжаттарды, әр түрлі деректер көздерін пайдалана отырып, өздігінше конспект, тезистер дайындайды;
түрлі деректермен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін сабақта пайдалануы;
жеке тарихи қайраткерлердің тарихтағы рөлін ашып көрсетуі және оған баға беруі;
Ғаламтор, кітапхана құжаттарымен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы;
Отан тарихын зерттеп, оның материалын күнделікті сабақта пайдалануы;
төменгі сынып оқушылары алдында әңгіме айтып беріп, шағын баяндамалар жасауға қолдана біледі.
ІV. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, сабақ түрлерінің сипаты
Сабақ түрлері:
танымдық-зерттеу сабағы;
шолу сабақ;
дәріс;
ойын түріндегі сабақ;
жұптық-топтық тәсілдері енгізілген аралас сабақ;
семнар;
экскурсия;
кездесу, пікірлесу сабағы;
конференция сабақ;
өзара пікір алмасу сабағы;
оқушылардың өзара белсенділігін арттыру сабағы.
Сабақ әдістері:
түсіндермелі сызба әдістері;
салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту;
өздігінен жұмыс ұйымдастыру әдісі;
тірек-сызба арқылы түсіндіру әдісі;
тест;
ой қозғау, өз ойларын тұжырымдау;
ізденісті-зерттеушілік;
баяндау;
сайыс, жарыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
Аққошқаров Е.. Қазақ тарихынан. А, 1997.
Байбатшин Ә.. Қазақ даласының ежелгі тарихы. А, 1998.
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энциклопедиясы.А, 2004.
Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін, 1,3 том.. А, 2002.
Қазақстан тарихы: көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. А, 1994.
Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. А, 2006.
«Қазақ» Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. «Білім», 1994
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
«Қазақстан тарихы очеркі» Алматы, 1996 жыл
М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» А., «Қазақстан», 1995
Сабыров «Қазақстан тарихы»Алматы, 2004
Сұлтанов Т. «Қазақ хандығының тарихы» Алматы, Мектеп
М. Солтангазина, Б. Шәкиев, Ф. Лекерова. Тарихитұлғалар. – Алматы: Алматыкітап. – 2009. - 321 б.
Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар[Мәтін]: Танымдық-көпшілік басылым. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005. – 386 бет
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Р/с
Мазмұны
Сағат саны
Өтілу мерзімі
Ескерту
1
Кіріспе. «Тұлғатану» курсының негізгі мазмұны, жалпы сипаттамасы мен негізгі мәселелері.
1
І бөлім. Сақ сармат дәуірі.
Сақ – сармат дәуірінде ерлігімен ерекшеленген тұлғалар
(5 сағат)
2
Сақтардың тұңғыш патшасы – Тарғытай. Сақтардың көсемі – Ишпақай.
1
3
Сақ жұртының ұлы тарихи тұлғасы, айбынды көсемі – Алып Ер Тоңға. Массагеттер патшасы – Томирис.
1
4
Сақ ғұламасы – Анахарсис. Массагеттердің ханы Мәди көсем.
1
5
Ғұндардың әйгілі билеушісі – Мөде. Ғұн ұлысының ұлы қолбасшысы – Балаәмір, Аттила.
1
6
Үйсін мемлекетінің төрелік еткен билері: Дәу би, Елсау би, Майқы би, Бәйдібек би,
1
ІІ бөлім. Б.з. V-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихи қайраткерлер (10сағат)
7
Түрік қағандығының негізін салушы – Бумын. Түрік қағандығының көрнекті қоғам қайраткері – Тоныкөк, әскери қолбасшысы – Күлтегін.
1
8
Түркеш қағандығының басшысы – Сұлу қаған.
1
9
Түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы – Қорқыт
1
10
ХІ-ХІІ ғ.ғ. қазақ жеріндегі ғалымдар, әдебиеттің ірі ғұлама өкілдері. Сүлеймен Бақырғани Хакім ата, Ахмет Иүгінеки,
1
11
Қожа Ахмет Иассауи
1
12
Әбу Насыр Әл-Фараби
1
13
Махмұд Қашғари
1
14
Жүсіп Баласағұн, Әбу – Райхан
1
15
Бируни, Мұхаммед Хайдар Дулати,
1
16
Қадырғали Жалаири
1
ІІІ бөлім. ХІІІ- ХV ғ.ғ. көрнекті қоғам қайраткерлері мен жырау-ақындары
(7 сағат)
17
ХІІІ ғ. ауызша әдебиет өкілдері
Найман Кетбұға, Қодан Тайшы, Асан Қайғы
1
18
ХІV- ХV ғ.ғ қазақ жерінде өмір сүрген жырау –ақындар:Сыпыра Жырау Сұрғылтайұлы
1
19
Шалкиіз Тіленшіұлы
1
20
Қазтуған Сүйіншіұлы
1
21
ХІV- ХV ғ.ғ. қазақ батырлары
Қара Қыпшақ Қобыланды, Қарға бойлы Қазтуған
1
22
Қаржас Қалқаман батыр, Арғын Ақша батыр
1
23
Алшын Жалаңтөс батыр, Шапырашты Қарасай батыр
1
ІV бөлім. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ хандары мен әдебиет өкілдері, би-шешендер.
(10 сағат)
24
ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ хандары
Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек. Бұрындық хан. Қасым хан.