Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс 226 мың шаршы км жалпы ауданымен Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, бұл республиканың барлық аумағының 8,3%-н құрайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Өз өлкемнің тарихы»
Омароа Сәуле Орынбасарқызы
Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары
колледжінің тарих пәні мұғалімі
Қызыдорда қаласы
Өз өлкемнің тарихы
Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс 226 мың шаршы км жалпы ауданымен Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, бұл республиканың барлық аумағының 8,3%-н құрайды.
Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, оның төменгі ағысында орналасқан.
Облыс солтүстік – батысында- Қарағанды, Солтүстігінде- Қарағанды, оңтүстік- шығысында- Оңтүстік - Қазақстан облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.
Байқоңырда әлемге танымал ғарыш айлағы орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағының аумағын Ресей Федерациясы ұзақмерзімдік жалға алған.
Ежелгі дәуір
Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ – массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б.з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.
VIII ғасырда Орталық Азияны және Қазақстан оңтүстігін арабтар бағындырып Ислам дінін таратады. IX-X ғасырларда Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағыстарында оқыз тайпаларының ерте феодалдық мемлекеті құралады. Ортағасырлық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы оғыз тайпаларына пайда әкелді.
Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.
Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика және басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь-Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.
Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенелері Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.
Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мың жылдың аяғы — б.э.8 ғасырда ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының қазіргі Байқоңыр қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан. Жетіасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық аудандары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетіасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.
Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.
1946-1951 жылдары ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 жылдың екінші ортасында – 1990 жылы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.
Сығанақ – қалашық, қазіргі Қазақстанның Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығыс 18 км, Сырдария өзенінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан.
Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған.
Қала алғашқы рет X ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, XI ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы.
1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы. XVI ғ.-XV ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы.
1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.э. 5 ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының аясында жүргізіліп, зерттелуде.
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған.Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.
Перовск станциясы теміржол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді.
Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар пойыз Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.
Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбанына айналды.
Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет пойызын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингтер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында орасан зор митинг болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі.
Сонымен 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.
Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қазақ халқының тарихи дұрыс атының қалпына келтірілуі еді. Яғни Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды.
Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.
Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса, орталық ғылыми-зерттеу ғимараты жанынан қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.
Қазақстан Республикасы
1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланың Қызыл-Орда атауы Қызылорда, ал облыс атауы Қызыл-Орда атауынан Қызылордаға ауысты.
1992 жылдың қаңтарында «Возрождение» аралында сынақ полигоны жабылды, бұл оба, сібір язвасы, лепра ауруларының таралуына тосқауыл болды. «Барсакелмес» қорығындағы өмір қайта басталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қызылорда Бақберген Досманбетов Мәди Кереев. 1999ж.
2. Алаштың Ақмешіті. Ержан Байтілес. 2009ж
3.Тәуелсіздік толғауы. Жақсылық Рахмтулла. Кемалбек Сағымбайұлы. 2002ж 4.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Бас редакциясы, 1998ж