Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық материалдар»
ТАРИХТЫ БІЛУ-ПАРЫЗЫҢ ! (ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР)
Тарих пәнінің мұғалімі: Сәрсенғалиева Маржан Сәрсенғалиқызы
Тарихты білу-парызың !
Тарих дегеніміз оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даиалардың құр күнтізбесі емес, тарих халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын өмірге ұмтылған талпынысының, мәңгі, жасампаздығының жарқын бейнесі.Олай болса тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағұлматтар, қаншама қызықты дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына бойлатады.
Ал ұстазға әрбір сабақ, оның өту барысы, оқушыға жеткізу технологиясы, бәрі-бәрі түсінікті де анық сияқты, бірақ сабақта кедергіге, аяқасты қалыптасқан проблемаларға, ірілі-ұсақты түрлі педагогикалық ситуацияларға келіп тірелгенде жұмбақты ұтымды әрі нәтижелі шешуді талап етеді.
Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, еңбек ету қабілетін дамыту, жанындағы досыңнын жұмысына анализ беріп үйрену, мыңдаған фактілердің ішінен ең керектісін, ең қажеттісін бөліп алу, өз ойын еркін жеткізе білу, қорытынды жасау, өз жұмысына баға беру-міне бұл мұғалімнің алдына қойған негізгі мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолдарын қаншама педагог-ұстаздар, әдіскерлер, жаңашылдар зерттеп, қаншама көп методикалық әдістемелер, кітаптар шығарып жатқаны белгілі. Олай болса мен бүгін педагогика ғылымына “ерекше тың жаңалық енгізейін”,- деп отырғам жоқ, өзімнің біраз жылғы педагогикалық іс-тәжірибелерді ортаға салып, тәжірибе алмастыруды жөн көрдім.
Бүгін ағыл-тегіл ақпарат ағымында, ғылым мен техника жаңалықтарының күн санап өсіп отырған заманында, сана сезімнің үнемі толығу, интелентуалды шыңдалу заманында белсенді азаматтық позиция тәрбиелеу үшін оқушылардың өзін және өзгені сыйлау, төзімділікке, өз бетінше ойлап қортынды жасау үшін, таяз ойлы құр кітаптағыны оқытып, жаттату, жарғылар мен жолдауларды зырылдатып оқыту, таныстыру аз, бұл әдістер оқушыны қызықтырмайды қайта бізді олардан алыстатады.
Қазақстан тарихынан даярлаған творчестволықсырмалар, методикалар, дидактикалық материалдар мұғалімге оқушылардың білімін іс үстінде тексеруге, ал оқушылар өздерінің қаншалықты тарихи білімді екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады. Солардың бірі тарихи танымдық ойындар.
Тарихи танымдық ойындар-сабақ процесіндегі ең бір нәтижелі жұмыс түрі. Олар көбінесе сабақта білім толықтыру, дүние танымды кеңейту үшін қолданылады.
Оқушылармен жұмыс жасау түрлері әртүрлі. Мысалы: “төртінші артық” “математикалық шкатулка”, “ералаш” т.б. оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, тарихи викториналар оқушының ойға сақтау, білімін тиянақтауға, ал сөзжұмбақтар, криптограммалар, бас қатырғыштар немесе хроникалық тапсырмалар, терминдер мен аттарды, даталарды еске сақтауға үйретеді.
Бұл методикалық әдістемені тек тарих сабағында ғана емес сонымен қатар сабақтан тыс шараларында да пайдалануға болады.
Сондықтан, бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көріп, танып білу заман талабы.
Олай болса, оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, оның болашағын, жеке басын сыйлау біздің бірінші міндетіміз.
Мысалы, Сіздің алдыңыздағы оқушы үй жұмысына тиянақты даярланбаған, бірақ, осы тапсырма бойынша өз пікірі бар, “Менің ойымша, мен былай ойлаймын” деген сиқырлы сөзді қосып, өз ойын айтуда.
Қуаныңыз, ьұл сөз кішкентай болса да, келген жеңіс. Сондықтан сеніміңізді жоғалтпаңыз, жалт еткен ұшқынды үрлеп қайта лапылдата түсіңіз, оның жолын қызықтырып таба біліңіз. Ал қаншалықты үйретіп, қаншалықты тәрбиелегеніңізді, қаншалықты дағды қалыптастырғаныңызды мына диаграмма арқылы үнемі есептеп отырсаңыз еш қателеспейсіз.
Мына терміндердің шығу тарихына қысқаша түсініктеме бер.
Мына елдердің мемлекеттік басқару жүйесінің схемасын сыз.
Ақ орда
Ноғай ордасы
Моғолстан
Аңгіме не жайында?
Тапсырма: Төмендегі тексте қандай құрылыс орны жайында баяндалады.
1.Бұл мавзолей өзінің архитектуралық ерекшелігімен және ішкі сыртқы орнаменттерімен басқаға ұқсамайды. Кейін қатты бүліншілікке ұшыраған, біздің уақытқа батыс жақ қабырғасы мен кейбір бұрыштары ғана жеткен.
2. Бұл архитектуралық құрлыстың үстіңгі бөлігі-күмбез. Қабырғалары квадрат және ромбы тәріздес кірпіштерден салынған. Ал қабырғалары П әрпі басылған кірпіштерден қаланған.
3. Бұл мавзолей куб тәріздес күйдірілген кірпіштен қаланған. 16 қырлы шатыр тектес күмбез бұл құрлысқа аса сән беріп тұр.
Крассворд
1
2
3
4
Көлденеңінен:
Оғыз мемлекетінің астанасы.
Мұсылмандардың діні.
Жазуыбар тас плита.
Киіз үйдің төбесі.
Тігінен:
16-17 қазақ хандығының астанасы.
МЫНА шығармалардың авторын дұрыс тауып жаз.
1.Махмуд Қашғари – 1. Диван-и-Хикмет
2. Әль-Фараби -2. Ғылымның бастауы
3. Ахмет Яссауи -3. Құтадғу-білік
4. Жүсіп Баласағұн -4. Дивани-лұғат ат-түрік
Жауаптары:
1.__________________________________
2.__________________________________
3.__________________________________
4.__________________________________
Тарих әлеміне саяхат
Оқушылар орта ғасырдағы Қазақстан қалаларына саяхатқа шығады.
Саяхаттың мақсаты:
Саяхат барысында оқушылар неғұрлым, бұл тарихи ескерткіш қала жайында, оның мәдениеті мен атақты адамдары жайында көп мағлұмат жинауы керек. Бұл саяхат басқа дәуірге, оның атмосферасына еніп, оның тарихи жүйелілігіне, оқиғалардың бір-бірімен байланысына терең үңіледі.
Қысқаша түсініктеме:
Сынып бірнеше эксппедициялық топтарға бөлініп, әртүрлі елдерге, архивтерге, құнды құжаттарға, әдебиеттерге сапар шегеді. Қорытынды-сында бұл зерттеулері жайында қысқаша, қызықты информация даярлау керек.
Оқу тәрбиелік мүмкіндігі:
Мұндай саяхат оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық ынталануын дамытады. Сонымен қатар оқушылар эмоционалды энергетика жинақтайды.
Рөлге бөлу:
Тарихшы
Экпедиция бастығы
Барлаушы
Фотограф
Журналист
Видеоинженер
Ойынды жарақтау
Экпедицияға қажетті заттар
Оқулықтар
Әдебиеттер
Карта
Қосымша материалдар
Бағыты белгіленген бет (Схема)
Ойын этаптары:
Экспедиция алдында нақты мақсаттар қойылады, қорытындысында 4-5 минутбаяндама дайындау керек. Осыдан кейін топтар арасында творчествалық жұмыс басталады. Жұмыс бөлінген тапсырмалар бойынша өтуі мүмкін.
Мысалы: барлаушы – қажетті ақпарат жинайды, ғылыми-
қызметкер оқып, ең негізгі фактілерді
бөліп, баяндама немесе хабарлама даярлайды.
Сабақтың қорытынды бөлімінде-шығармашылық топтың есебі. Топ жетекшісі соңынан экспедиция жұмысы жайлы хабарлама жасап, қорытынды жасайды.
«Тарихи оқиға» сайысы
Сыныпты 2-3 топқа бөлеміз де бір тарихи оқиғаны оқып, сол туралы мәлімет даярлауды тапсырамыз. Мысалы «Ұлы Отан соғысы» деген тақырыптан 1 топ бастайды, сосын мұғалім қай топты көрсетсе сол топ жалғастырады, оқиғаның кез-келген жерінен үзіп, келесі топқа жалғау ұсынылады.
Ойын мынадай сапа бойынша бағаланады:
Мазмұндылығы, жүйелілігі, тарихи фактілердің келтірілуі, қосымша материалдармен толығуы, ойдың үзіліп қалмай, бірден жалғасын табуы.
«Шешендер» сайысы
Қазақ даласы шешендерге, ақындарға, дау-тартысты әділетті шешетін билерге, ақыл айтар ел ағаларына бай болған. Ел басына күн туған заманда, жаугершілік заманда, румен-ру, елмен-ел арасындағы тартыстарды әділетті шешіп ел мархабатына бөленген. Төніп келген қатер мен жауды сөзге тоқтатқан.
Ойынға қатысушыларға тапсырма:
Жаугершлік заман. Аулыңның үстіне ат ойнатып қатерлі жау келіп тұр. Қарсы шығып, соғысқаннан пайда жоқ, жаудың күші басым. Сіздің міндетіңіз сөзбен, нақты аргументтермен өз ойыңызды байланыстыра отырып, жауды тоқтату керек. Ойында шешеннің тапқырлығы мен шешендік дауыс ырғағы міндетті түрде ескеріледі. Ойын белгілі бір уақыт ішінде ғана өту керек.
«Тарихи тұлға» сайысы.
Бұл ойынға танымы мол оқушылар мен ұстаздардан эксперттер тобын құрамыз, олар ойыншылардың жұмысына баға беріп. Қорытынды жасайды. Сыныпты бірнеше топқа бөліп, әр топқа алдын ала даярланған бір тарихи тұлғаның мінездемесі беріледі. Әр топ мінездемемен танысып, мінездеме кімге берілгенін белгілі бір уақыт ішінде анықтау керек.
Ескертпе: конкурстар мен күтпеген үзілістер арасында қазақ күйлерін немесе қазақ композиторларының шығармаларынан үзінді қоюға болады.
Пресс-конференция.
Пресс-конференция оқушылардан өте тыңғылықты өзіндіндік жұмыс пен ұйымшылдықты қажет етеді. Бұл ойынды оқу материалын бекітуде, жаңа тақырыпты оқу кезінде өткізген ұтымды. Ол үшін ой толықтыру мақсатында қосымша материалдар, қайталауға бағыт-бағдар, түсініксіз сұрақтарға алдын-ала жауаптар беріледі
Қысқаша түсініктеме:
Бұл ойынды екі жұма өткізбес бұрын сыныпты әр түрлі топтарға бөлеміз. Олар: ғалымдар, эксперттер, қоғамдық ұйым өкілдері, жуналистер, жай адамдар т.б.
Оқушыларды топқа бөлгенде шама келгенше білім деңгейлерін біркелкі етіп бөлген дұрыс .
Оқу тәрбиелік мүмкіншілігі:
Ойын оқушылардың танымын, шығармашылық белсенділігін, ойын дамытады. Қосымша әдебиеттер оқу арқылы дүние танымын молайтады. Көпшілік алдында өзін ұстау, аудитория алдында сөйлеп өз ойын еркін айтып, қорғап үйренеді.
Жүргізуші:
Тарих пәнінің мұғалімі немесе алдын ала даярланған оқушы.
Ойынның көрнекілігі
Журналистер қай елден, қай теледидар мен қай газеттен екенін білдіретін эмблемасымен, сұраққа жауап берушілердің аты-жөні, қызметі туралы анықтамалармен, пресс-конференция деген жазумен, мүмкіндік болса дыбыс күшейткіштерімен, микрофондармен қамтамасыз етілуі керек.
Ойынның әр кезеңдік түсініктемесі:
Мұғалім пресс-конференция өткізуге керекті мамандарды алдын ала таңдап, келісіп шақырады. Алдын-ала тақырып, қаралатын сұрақтар анықталып, оқушылардың назарына ұсынылады.
Бұл ойын алғашқы рет ойналғалы тұрса, қандай сұрақтар, мазмұны, қалай қою керек, иқашан қою керек, қосымша әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керек деген сұрақтар төңірегінде қосымша мәліметтер беріп, үйрету қажет. Ал ары қарай оқушы өздігінше даярланады.
Сыныптағы столдар әр журналистке ыңғайлы жұмыс жасайтындай етіп қойылады. Әр столда журналистің реквизиті тұрады. Ал оларға қарсы стол басында мамандар, қонақтар, тарихшылар, эксперттер т.б. отырады.
Ойын барысы:
Пресс-конференция жүргізуші мұғалім конференцияға қатысушы адамдармен таныстырып, құттықтау сөзімен бастайды. Сосын ойынға қатысушыларды, журналистерді таныстырып, жұмыс регламентін белгілейді.
Мысалы: 1.Мамандардың сұраққа жауабы /4-5минут/
2.Үзіліс /10-15 минут/
3.Журналистер конференцияда алған мәліметтері бойынша мәлімдеме жасайды, жазған жұмыстарын оқиды. /10-15минут/
4.Ойынға қорытынды жасау. /5минут/
Қысқаша кеңес:
Сұрақ қойған адам қайдан, қай газет-журналдан екенін айтып, сұрақты қысқа әрі нұсқа және кімге қоятынын ашып айту керек.
Сұрақты кезектесіп, таласпай, бір-біріне кедергі жасамай қою керек.
Сұрақты жауап берушінің ар-ожданына, намысына тимейтіндей етіп қою керек.
Сұраққа жауап берілгенде келтірілген фактілерді міндетті түрде блакнотыңызға жазып, кейін мақалаға пайдалану керек.
ТАРИХИ ТАҒЛЫМ ОЙЫНЫ.
1-сайыс. Өздерін таныстыру. Әр топ тарихи аттарын және эмблемелерын қорғайды.
1-сайыс. Бәйге: әр сұраққа 1 ұпай.
I-топ
Прогресс дегеніміз не? (Алға жылжу.)
Дигерлер дегеніміз кімдер?(Жер.)
Хрющев дәірі қалай аталады?(Хрющев жылуы.)
Жүгері эпопеясының авторы? (Хрющев.)
Абылайдың шын аты ?(Әбілмансұр.)
1771-1781ж.ж Орта жүздің ханы? (Абылай.)
25-жыл бойы бас бостандығынан айрылған тарихшы? (Бекмаханов.)
Абай жолы романының авторы? (Әуезов.)
1964-1984ж.ж КСРО-ның бірінші хатшысы? (Брежнев.)
1822ж қабылданған жарлық? (Сібір қазақтарының жарлығы.)
II-топ
Тәелсіздік туралы заң қашан қабылданды? (16.02.19917)
Тіл туравлы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек, 1997ж. 27 шілде.)
Қуғын сүргінді ұйымдастырушы кім? (Сталин.)
Тың және тыңайған жерлерді игеруде қанша адам келді? (2млн.)
1783-1797ж. көтерілістің басшысы кім? (Сырым Датұлы.)
Кіші жүздің Ресейге одақ болуын қалаған хан? (Әбілқайыр)
Жеті жарғының авторы? (Тәуке хан.)
Абылайдың жалған аты? (Сабалақ.)
Кариб дағдарысы қашан болды? (1962ж.)
Капитализм дегеніміз не? (Жалдамалы еңбекшілердің еңбегін қанау.)
3-сайыс. Шешендік сөздер.
Қазақ оцйшылдарының жазып қалдырған тарихи ой-тағылымына сипаттама жасау. (1-ұпай.)
4-сайыс. Дебат
Бу машинасы. Дженни механикалық машинасы
Иә. Қарсы.
5-сайыс. Сөздік сынақхат.
Арғымақтардың артында жазылған сөздердің анықтамасын айт.
6-сайыс. Капитандар сайысы.
Егер мен……
Алдарында жатқан заттардан әр-түрлі еңбек құралдарын жасау.
Ойынның қортындысын шығару.
АШЫҚ САБАҚ
Сабақ тақырыбы: “XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының қолөнері” .
Ұйымдастыру уақыты: Амандасу танысу.
Үиге қандай тапсырма берілді? $30-31. XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының шаруашылығы.
Ал, олай болса , уақытты босқа өткізбей тездетіп үй тапсырмасын тексерейік.
Олай болса тексеруді бастайық.
Жалпы ауызша сұрақ.
Қазақтар көшіп, қона бермей, неге бір орнында отыра бермеген? (Ауыл маңының таза болмауы, шөптің таусылуы, маусымға байланысты.)
Қазіргі кезде мал шаруашылығының жағдайы қандай деп ойлайсыңдар? (Оқушы көзқарасы біздің аылда)
Ал, енді жұппен жұмыс істеп көрейік.
Ал, енді топпен жұмыс жасайық. (ойын түрінде.)
I топ- “Терминологиялық диктант.”
II топ- “Жетпей тұрған дыбысты тап.”
III топ- “Сен білесің бе?”
IV топ- “Қатесін тап.”
Енді жекелей жұмыс жасап көрейік. (Крассворд)
Үй жұмысына қорытынды жасау. Қорыта келе, балалар қазақта “Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы” деген ұран сөз бар екен, мағынасын кім қысқаша түсіндіреді?
Ал, енді XV-XVII ғасырдағы қазақтардың мал шаруашылығымен танысып болсақ, енді осы ғасырдағы қолөнермен танысайық.
Мазмұны
1Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты
2Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы
3Түрік дәуірінің антропологиясы
4Халық болып қалыптасу үдерісі
5Глоттогенез
6Этносаяси, аумақтық тұтастық
7Алаш атауы
8Қазақ атауы
9Қазақ жүздері
10Дереккөздер
Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.
Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.
Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарыдікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.
Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.И.Cмағұловтардың деректері бұл өңірдің лнтропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.
Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді.
Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендіғін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек.
Ғұндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностық топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.
Түрік дәуірінің антропологиясы
Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі.
Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа карай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек.
Сырттан келіп қосылған халықтар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.И.Cмағүловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.
Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.[1]
Халық болып қалыптасу үдерісі
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.
Глоттогенез
Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес.
Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар.
Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді.
О.Сүлейменовтің шумертүркі тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады, соның кейбіріне ғана тоқталайық:
Реті
Шумер тілі
Түркі тілдері
1
Ада — әке
Ата (Ада) — әке
2
Ана — шеше
Ана, Апа — шеше
3
Ту — туу
Туу — туу
4
Туд — туу
Туды — туды
5
Тир — тіршілік
Тірі, тіршілік
6
Шуба — бақташы
Шопан — бақташы
7
Ру — соғу
Ұру — соғу
8
Гаг — кіргізу
Қақ, қағу — кіргізу
9
Таг — тағу
Тақ, тағу
10
Заг — жақ
Жақ
11
Заг-гин — жақындау
Жақын
12
Me — мен
Мен
13
Ане — анау
Әне
14
Уш — үш
Үш
15
Ен — өте
Ең
16
Кен — кең
Кең
17
Узук — ұзын
Ұзын
18
Уд — от
От
19
Дингир — Құдай, аспан
Тәңір
Біз бұл кестеде шумер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырдық. Ал қазақ тілі түркі тілдерінің тармағына жатады. Бұл жерде бір ескерте кететін мәселе, көне түркі тілі мен кейбір түркі тілдес халықтардың қазіргі тілінде шумер тіліне айтылу үндестігі жағынан да, мағынасы жағынан да жақын сөздер тіпті жиірек кездеседі.
Сонымен, шумер-түркі сөздерін осы салыстырудан нені байқаймыз. Біріншіден, шумер лексикасы түркілердікімен салыстыруға келеді. Сөздердің сыртқы үндестігімен қатар ішкі мағынасында да бірлік бар. Екіншіден, шумер тілі мен түркі тілдері бір-бірімен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта болғандығын көрсетеді
Этносаяси, аумақтық тұтастық
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.
Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.
Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
1. Ру-тайпа.
2. Халық.
3. Ұлт.
Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі.
Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.[1]
Алаш атауы
Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты.
"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы.[1]
Қазақ атауы
"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.
Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.
"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.
X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.
X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.
1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.
"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.
Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:
1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;
2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.[1]
Қазақ жүздері
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады.
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады.
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.