kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Батыс Алаш-ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Батыс Алаш-ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы»

БАТЫС АЛАШ



Жолдасова Эльмира Алддамбергеновна




«Ақсай техникалық колледжі» МКҚК

БҚО,Бөрлі ауданы,Ақсай қаласы


Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.

Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына   айналады.
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев,     Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы   басқалар   кіреді
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына   айналады.
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев,     Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы   басқалар   кіреді

Патша үкіметі тұсында білім алып, империяның құқық қорғау органдарында жемісті қызмет істеген қазақ заңгерлерінің бірі Жанша (Жаhанша, Жаhаншаh) Досмұхамедұлы Досмұхамедов болатын. Ол 1917 жылы жария болған Алаш автономиясының да аса ірі қайраткерлерінің бірі әрі бірегейі болған еді. 
“Менің қоғамдық-саяси қызметім тұңғыш рет 1910 жылы көрініс тапты, - деп жазыпты Жаhаншаh Досмұхамедұлы 1930 жылы ОГПУ тергеушісіне берген көрсетілімінде өз қолымен, - мен университет бітіргеннен соң Орал болысына келіп, Орал қаласында орыс тілінде жарық көріп тұрған “Уральский листок” (“Орал парақшасы”) газетіне қазіргі Қазақстан аумағына ішкі Ресейден шаруаларды жүйесіз көшіріп әкеліп қоныстандыруға қарсы бірнеше мақала шығарған болатынмын. Осы мақалаларым үшін мені Орал губернаторы облыстық басқармада [оқыған уақытымда алып тұрған] стипендиялар өтеуіне қызмет ету құқымнан айырды”. Бұл кезде Жанша Досмұхамедұлы саяси көзқарасын империя астанасындағы қоғамдық белсенділігі зор мазасыз да білімқұмар студенттік шақ қалыптастырған, туған еліне қызмет етуге құлшынған жиырма үш жасар жас заңгер-маман еді. Шаруасы орташа малшы шаңырағында туып-өскен бала әуелі Бұлдыртыда ауыл молдасынан мұсылманша сауат ашып, одан Жымпиты қалашығындағы орыс-қазақ мектебі мен Орал реальды училищесінде білім алған-ды. Оқуға қабілеттілігімен көзге түскен. Сондықтан да жоғары мектепті облыстық басқарма қаржысымен оқу құрметіне ие болса керек. 
Ол Сібірге кетті, сондағы сот мекемелерінде ақпан революциясына дейін қызмет атқарды. Адвокат болып, өзінің кәсіби іскерлігімен, адалдығымен, әділдігімен, шешендігімен көзге түсті. Сот қараған әлденеше қиын істе қорғаушы ретінде жеңіске жетіп, азаматтарға құқықтық жәрдем берудегі біліктілігімен беделі артты. 1914 жылы Том округтік соты Каин учаскесі прокурорының жолдасы (орынбасары) лауазымына тағайындалды. Өмірлік серігі болған Ольга (Янга) Константиновна Колоссовскаямен осында бас қосты. Жұмысшы және солдат депутаттары құрған үйездік атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. 
Алайда Досмұхамедұлына туған елі де мұқтаж еді. Патшаның тақтан құлауына орай туған саяси мүмкіндіктерді халық мүддесіне бұра алатын саналы да зерделі азаматтар қатарында оны да жұрты іздейтін. Каин үйезатком төрағасының орынбасары лауазымымен бір айдай уақыт істер-істеместен, Жанша қазақ революциялық ұйымдарынан шақыру алды да, ойланбастан жолға жиналды. Ол сәуірдің ортасына қарай Орал қаласына оралды. 
Орал облысының барлық болыстарынан сайланып келген 800 делегаттың қатысуымен 1917 жылғы 19 сәуірде Орал қаласының цирк үйінде қазақ құрылтайы ашылды. Халық өкілдері, қолайлы саяси ахуал шабыттандырған ерекше көтеріңкі көңіл-күймен, төрт күн бойы мәжіліс құрды. Сол бірінші облыстық қазақ съезінің төрағалығына бір ауыздан Жаhанша Досмұхамедұлы сайланған-ды. 
Құрылтай Төрағасы ретінде ол халық өкілдері жиналысының мазмұнды өтуіне тікелей әсерін тигізді.Жанша Досмұхамедұлының ұсынуымен съезд алғашқы күні мемлекеттік басқарудың түрі туралы және уақытша үкімет пен соғысқа көзқарасты айқындау жайында мәселелер қарады. Съезде ел ішіндегі тыныс-тіршіліктің ағымдағы ахуалы мен болашағы қызу талқыға түсті. Маңызды қаулылар алынды. 

Жаhаншаһ Досмұхамедұлы құрылтай құрған Орал облыстық қазақ атқару комитетінің төрағасы, сондай-ақ Мәскеуге шақырылып отырған бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайланды. 21-28 шілдеде Орынборда өткен алғашқы күлліқазақ съезі Жаншаның Орал облысынан мұсылмандар құрылтайына делегаттығын қуаттап, оны Киевте өтпек федерацияшылдар съезіне де делегат етіп сайлады.
1917 жылғы мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезі Жанша Досмұхамедұлын Бүкілресейлік “Шора-и-Ислам” комитеті (исполком мусульманской организации - Икомус) төрағасының орынбасары лауазымына сайлады. Одан кейін Жаhаншаh 1917 жылғы қыркүйекте Уақытша үкіметтің жанынан құрылған Россия Республикасының Уақытша кеңесіне (Предпарламентке) мүше болып сайланады, құрылтайшы жиналыс туралы заң жасау жөніндегі ерекше мәжіліске - комиссия мүшелігіне енгізіледі. Ол 1917 жылғы жаздан қараша айының ортасына дейін Петербургте тұрып, осы қызметтермен шұғылданады. Жанша – большевиктердің қазан төңкерісіне тікелей куә болған, буырқанып-толқыған Петербург оқиғаларын көзбен көріп, тікелей түйсінген саясаткер.
Екінші жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан) Жаhаншаh “Алаш-Орда” Халық кеңесінің, яғни Алаш (Қазақ) автономиясы Үкіметінің (Алаштың Ордасының) мүшесі болып сайланды. 
Үкімет тұрақты жұмыс істемекке орнығу үшін құрылтай шешіміне сәйкес Алаш қаласына (Семей) көшетін болды. 1918 жылдың қаңтарында Орынборды қызылдар басып алды, ал ақпанда өткен Орал облысы қазақтарының екінші съезі Жаhаншаhқа Алаш автономиясын Мәскеудің тануы үшін халкомкеңеспен келіссөз жүргізуді тапсырды. Сондықтан ол құрамына Орал облыстық земство басшылары енген делегацияны бастап, орталық кеңес өкіметі ордасына қарай сапарға шықты. Мәскеуде Жанша Досмұхамедұлы Кеңестік Ресей Халық Комиссарлары Кеңесіндегі бірқатар басшы қызметкерлерінің қолдауына ие болды. Қайтар жолда, 1918 жылғы 17 көкекте, оларды Саратов большевиктері тоқтатып, тұтқындамақ болады, сапарларының мән-мақсатына күдік келтіреді. Сонда Жаһанша (Джиганша Дос-Мухамедов) совдептің атқару комитеті мәжілісінде бірнеше мәрте сөйлеп, өздерінің Халкомкеңеске барған миссияларының мәнісін, онда атқарған жұмыстарын, Алаш-Орданың кеңес жолына қалай ауыстырылатын, оның жобасын баян қылады. Орал облысының қазақтарына, земстволық және қоғамдық ұйымдарына, лауазымды адамдары мен барлық азаматтарына үндеу мәтінін жазып, саратовтық большевиктерге таныстырады, үндеуді солардың көмегімен баспаханада бастырып, жариялайды, оны ұшақпен ақтар қоластындағы жерлерге жеткізіп, аспаннан тастатуға келіседі. 
Орал қаласына келген соң делегацияны ақ казактардың Әскери үкіметі тұтқынға алады. Себебі Жаншаның кеңес өкіметімен қарым-қатынас орнатып қайтқан болатын. Алайда, ұзамай, Сталиннің “Правда” газетінде басылған хаты арқылы, Мәскеудің тек таптық негізде құрылған автономияларды танитыны мәлім болады. Онда кімнің кім екені нұсқап көрсетілгендіктен, яғни кеңес үкіметі атынан Сталин “ұлт буржуазияларының жергілікті кеңес билігін мойындамай, кіндік өкіметпен тікелей байланыс жасау арқылы еңбекші халықты езгіде ұстағылары келетінін” “әшкерелегендіктен”, Жанша Досмұхамедұлы тұтқыннан босатылады. Ол серіктерімен Жымпитыға кетеді. Сонда кезекті облыстық съезді шақырады. 1918 жылғы 18-24 мамырда өткен Орал қазақтарының Жымпитыдағы съезі өзіндік Республиканы - Ойыл уәлаятын құрды. Уәлаятқа бес үйез енді: бұрынғы Орал үйезінің орнына Шыңғырлау, бұрынғы Ілбішіннің орнына Жымпиты, бұрынғы Гурьевтің орнына Сағыз, жаңадан Темір және Ойыл үйездері құрылып, уәлаят үкіметінің қаулы-қарарларына сәйкес, жұмысқа кірісті. Орыс офицерлерінің оқытуымен жігіттер әскери өнерге жаттықтырыла бастады. Жаhаншаh Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы ретінде халық милициясын құру, әскери мектеп ашу, салық жинау жұмыстарын уәлаяттың басқару құрылымын ретке келтірумен қатар қолға алды. 
Ойыл уәлаяты негізінде 1918 жылғы қыркүйектің 11-інде Алаш-Орданың Батыс бөлімшесі құрылды. Бұған себеп болған жәйт - соғыс жағдайы, Алаштың орталық Ордасымен (Үкіметімен) жедел байланыстың нашарлауы, ең бастысы, Алаш автономиясының жалпақ территориясын басқаруды жетілдіру мүддесі еді. Жанша мен оның серіктері Халық кеңесі мүшелері алдына бұл мәселені табанды түрде қойып, төтенше жағдайларда немесе хабарласу мүмкіндігі болмай қалған кездерде Бөлімшенің Орталық Алаш-Орда құқтарын пайдалана алатынына дейінгі пұрсат берілген шешімге қол жеткізеді
1919 жылдың соңына қарай Жанша Досмұхамедұлы басқарған Батыс Алаш-Орда мен кеңес өкіметі құрған Қазақ революциялық комитеті арасында келіссөздер жүргізіледі. Ақыры, Батыс Алаш-Орда әскерлері желтоқсан айында ақтардың Елек корпусын талқандайды да, батыс-қазақ үкіметі ашықтан ашық күллі билік құрылымы, әскери жасағымен бірге кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 жылғы 11 қаңтарда Қазревком мен І-армия ревәскеркеңесінің өкілдері қатысқан Алашорда Батыс бөлімшесінің мәжілісінде Алашорда мен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің бірігіп-қосылатыны туралы шешім қабылданады. Бірақ ол, большевизмнің негізгі қаруларының бірі - өтірік уәдемен алдауы салдарынан, іс жүзінде орындалмайды
Наурыздың 20-сына қарай олар Мәскеуге жетеді. Мұнда Досмұхамедұлы серіктерімен бірге Алашорда қызметі жайында баяндама жазып, бір-бір данасын “тікелей Ленин, Сталин, Троцкий жолдастарға” тапсырады. “Осыдан кейін, 3 шілдеде, ВЦИК біздер - алашордашылар жөнінде № 18 қаулы шығарды, онда біздердің Алашордадағы бұрынғы жұмысымыз үшін ешқандай қуғын-сүргінге түсірілмейтініміз және бізге кез-келген кеңес, тіпті партия жұмысын істеуге мүмкіндік берілетіні туралы айтылды”...Бұрынғы алаш қайраткерлерін 1928 жылдың соңына қарай абақтыға жауып, жауапқа тарта бастаған науқаннан шошынғаннан Досмұхамедұлы 1930 жылғы ақпанда Мәскеуге ауысып, “Скотовод” (“Малшы”) басқармасында экономист болып істейді. Алайда, бәрібір, қазақстандық чекистер құрған торға тұтылады: сол жылы күзде, алдағы қысқа әзірлік мәселесіне байланысты Қызылордаға іссапармен келгенінде, тұтқынға алынады. Заңгер басымен, жасанды айып тағумен айналысқан құпия полициядан заңсыздықпен жасалған қилы қысым көреді. Ол жолы бес жылға Воронежге жер аударылады. Сосын, 1937 жылғы “үлкен террор” кезінде, Мәскеудегі пәтерінде ауырып жатқан жерінен тағы да тұтқынға алынып, ұзамай атып тасталады. Үлкен қайраткердің басқаруымен республикалық режимде екі жылдай дербес өмір сүріп тұрған Ойыл уәлаяты үкіметінің (Батыс Алаш-Орда бөлімшесінің) тарихи қызметі де, оның өзінің ғылыми-публицистикалық мұрасы да әлі күнгі өз зерттеушісін тосуда. 


 























































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Батыс Алаш-ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы

Автор: Жолдасова Эльмира Алдамбергеновна

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457463

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?аза? ?дебиеті. Алаш арда?тылары. "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-diebiieti-alash-ardak-tylary"
    ["file_id"] => string(6) "227139"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1440609440"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Доклад на тему "? .Б?кейхан-?лт м?ддесіні? жанашыры""
    ["seo_title"] => string(47) "dokladnatiemubokieikhanultmuddiesininzhanashyry"
    ["file_id"] => string(6) "312586"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459355994"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства