Просмотр содержимого документа
«"Астана Отанымыздың жүрегі" эссе»
«Астана – Отанымыздың жүрегі»
Н.Ә.Назарбаев
Елордасы Астана болашағына айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. «Қисық таяқтың көлеңкесі де түзу болмайды» демекші тоталитарлық жүйе қазақ еліне талай зиянын тигізіп, ел ғылымы мен білімінің дамуын кертарталықпен үнемі кешеуілдетіп отырды. Тарихи дерек көздерін арқау етсек,сонау 1979 жылы қазақ жерінде неміс автономиясын құру жоспары жасалған болатын. Ал сол автономияның орталығы Целиноград болып бекітілуі қажет еді.Сол кездегі Целиноград қазіргі Астана еді. Ел ағаларының арқасында төнген қауіп сейіліп, еліміздің іргесі бүтін қалды.
ХХ ғасырдың соңында елордасы Ақмолаға көшіріліп , оған Астана деп жаңа атау берілуі тосындау көрініп еді. Алайда елбасымыздың сол кезде қабылдаған тарихи шешімінің дұрыс болғандығын күллі «Алаш »жұрты қазіргі таңда мойындап отыр. Бүгінгі күнде Астана өзінің сымбаттылығымен, жаңашылдығымен, әр алуан бояуымен әлемнің қызығушылығын оятып отыр . Елордамыздағы жаңалықтар, соның шінде ғылым мен білім саласындағы жаңашылдық, шынайылық әрі еңбекқорлық тек бізді ғана емес, барша жұртты таңғалдырып отырғандығы рас.
Елбасымыз «Қазір бой жырыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп айтуының өзі көрегендігі мен сындарлы саясатының айғағы.Осыған орай Нұрсұлтан Әбішұлы аянбай қолынан бар келгенін жасап бағуда.Білім, ғылымды дамыту мақсатында түрлі реформаларды жүзеге асырып жатқандығы тағы бар. Осы кезекте президентіміздің «Астанасына қарап елін таниды» деген сөздері ойыма еріксіз оралып отыр.Себебі Астанамыз қаншалықты сұлулық, көркемдік, өркениеттілік әрі ғылым мен білім ордасына айналар болса,еліміздің қалған қалалары да оған қарап бой түзері анық. Астанада бой көтерген спорт нысандарын, мәдениет ошақтарын, өнеркәсіп орындарын, түрлі әсем ғимараттарын айтпағанда білім, ғылым ордалары қаншама. Астана еліміздің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін ең тартымды қалаға айналып отыр.Мұнда - Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті сынды білім ошақтары көптен – көп.Өз кезегінде бұл білім ордаларында білікті ұстаздардан білім алып шыққан және оқып жатырған еліміздің патриот болашақ жастары қаншама. Оған дәлел Астанадағы түрлі білім, ғылым ордалары, мәдениет ошақтары болса, кешегі өткен«ЭКСПО» қазақ еліне деген әлем қызығушылығын арттыра түсті. «ЭКСПО» ға әлемнің түкпір – түкпірінен адамдар ағылып келіп жаты.Сол көрмеде қазақ елінің
өнер тапқыштары, жас ғалымдары өз туындыларын паш етіп, әлем
жұртшылығын таңқалдырды.
Біз жаңа ғасырға, жаңа технологиялар заманына өркениетті ұлт ретінде еніп, тарих аренасынан ойып тұрып орын алдық. Ал барлық жетістіктерімізді ең қымбат байлығымыз - тәуелсіздігіміздің айғағы деп білемін.Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан сан түрлі асулары – еліміздің егемендігі мен, халық бірлігінің арқасы.Әлемнің талай мемлекеттерін құлдыратып, жұтатып жіберген аждаһадай арпалысқан ғаламдық жаһанданудан аман қалған Астананың бүгінгі күні ғылымы мен білімі қарқынды дамып, жаңа бағытта көркейіп, гүлденуде. Астана күн өткен сайын құлпырып, өзінің рухани келбетін жаңартып, жыл сайын ажарлана түсуде. Бұның барлығы елбасымыздың сындарлы саясатының айғағы емес пе?
Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде. Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел» екендігін дәлелдесе екен.
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектеп