kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

25 жыл: Бір ел, бір тағдыр.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай - талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Жаугершілік заманда «Арғымақ – жалсыз, ел – малсыз»  болған күнде сайып қыран батырлар әлеуметтік топ болып қалыптасты. Қазақ халқында неге батыр көп? Менінше, оның осылай болу себептері бар. Біріншіден, көшпелі халық, оның ішінде қазақ халқы – дала перзенті, алғашқы өмірге келген күннен бастап, ол табиғатпен әуелі бетпе-бет, ал өсе келе жекпе-жек кездесті. Сондықтан да ол ерте есейді, қажырлы, қайратты, тапқыр болуға үйренді. Ұлт  мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Сондай ерлігі белгілі, аты белгісіз батырдың бірі – Өтей батыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«25 жыл: Бір ел, бір тағдыр.»

58 мектеп – гимназия, Астана қаласы


БИМЕНДИН БОЛАТ ДУСИМБЕКҰЛЫ

Тарих пәнінің мұғалімі,

тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының

Академигі


«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).


Тәуелсіздік жолындағы қаһармандық


Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай - талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Жаугершілік заманда «Арғымақ – жалсыз, ел – малсыз» болған күнде сайып қыран батырлар әлеуметтік топ болып қалыптасты. Қазақ халқында неге батыр көп? Менінше, оның осылай болу себептері бар. Біріншіден, көшпелі халық, оның ішінде қазақ халқы – дала перзенті, алғашқы өмірге келген күннен бастап, ол табиғатпен әуелі бетпе-бет, ал өсе келе жекпе-жек кездесті. Сондықтан да ол ерте есейді, қажырлы, қайратты, тапқыр болуға үйренді. Ұлт мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Сондай ерлігі белгілі, аты белгісіз батырдың бірі – Өтей батыр.

Қазақ халқының ірі эпик ақыны, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің айтуынша, қазақ – мың өліп, мың тірілген халық. Халқымыздың басынан небір ауыр кезеңдер өтті. Туған жерімізге, жау да шапты, халық қолдан жасалған аштықтан қынадай қырылды. Ата – бабаларымыз соғыстан көз ашпады. Қырып жатыр, тонап жатыр, елді жау шауып, омырауымыз көз жасына көмілген кез Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қатал қан ащы қасірет жылдар еді. Жерімізді басып алу үшін жоңғарлар жағадан, қалмақтар етектен тартып жатыр. Бір ғана қалмақтың өзі жеті жақтан шабуыл жасаған.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі жағдайы аса ауыр болды. 1718 жылы Тәуке хан дүниеден озып, Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери феодалды шонжарлар арасында ішкі тартыс басталды. Сол жылдары атқамінер батырларымыздың бірі Өтей батыр болған. Өтей батыр Кіші жүздің Атырау облысындағы Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысқан. Сол кезде не бары 35 жаста болған. Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан батыр. Сол жерде біздің бабамыз 1749 жылы қаза тапты.

Бізге жеткен ауызша деректер және шежірелер бойынша Өтей батыр 1714 жылы дүниеге келді, яғни биыл 2014 жылы Өтей батырдың 300 жыл мерей тойы. Өтей батыр негізінен Торғай Тобылдың бойын мекендепті.

Жерін сақтауды ойлаған Кіші жүз ақсүйектермен және жауынгерлері Орта жүзден көмек сұраған. Өтей батырды Кіші жүзге көмекке аттандырған ағасы Шақшақ Жәнібек батыр болған. Өтей батыр Орта жүзден қалың қол жинап, Тайсойған бойында қалмақтармен болған алапат майданға кіреді. Жойқын, ауыр соғыс болды. Қалмақтар оңайлықпен беріспейді. Бірде қазақтар, бірде қалмақтар жеңіп, екі жақ итжығысқа түсіп, көп қырқысады. Ақыры қазақтар оларды титықтатып тықсырып, кері шегіндірді. Қалмақтар қашып, қазақтар оларды тура қуады. Сол жағдайда қашып кеткен қалмақтар, қырылып қаламыз деп құлық ойлайды. Қазақтың шепті бұзып бас батырларын өлтіруге келісімге келеді. Қалмақтарды талқандап жүрген бас батырдың бірі – Өтей батыр болған. Қалмақтар оны қарауылға алады. “Аңдыған жау алмай қоймас” - деген ғой, қалмақтар айласын асырып, батырдың ашық қалған көк желкесінен найзаларын қадайды. Өтей батыр оқ тәніне кірген найзаға да қарамай, өзінің әскеріне «Алға!» - деп айғай салады. Батырға найза қадаған қалмақ жауынгерін қазақтың бір батырын жер қаптырады. «Жер қаптырыңдар жоңғарларды» - деп Өтей батыр сол жерде мерт болады. Әлі құрып, көзі жұмылар алдында «Мені елге апарамын деп әуреленбеңдер, топырақ осы жерден бұйырсын» - деп уәж айтады. Жолдастары, балалары батырды сол араға жерлеп, басына белгі қойып кетеді. Қазақ жерін жау табанына азат еткен соң, Кіші жүз ақсүйектері Өтей батырдың ерлігіне құрмет ретінде басына там салдырып, көк тас қойдырады. Сол ақсүйектердің бірі Есентемір Бөкен би атақты Кіші жүздің биі болған. Бүгін Өтей батырдың қорымы Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге Кіші жүздің атақты биі Есентемір Бөкен би – жерленген. Даңқты Бөкен бидің о дүниеге аттанарда «Мені Өтей батырдың қорымына жерлеңдер, 35 жасында Қарақұрым қалмақтармен шайқасып, Кіші жүздің халқын азат еткен Өтей батыр алдындағы қарызымыз зор» – деген.

Өтей батырдың ісі – халқымызды бірлікке, бүгіндікке бастайтын ұлағатты іс. Сөйтіп қасиетті Қызбел жерінде Торғай елінде қазақ жұрты бар болғаны 35 жасында шаһит кеткен өзінің қаһарман батырларының бірі Өтей баба рухына 2008 жылы ескерткіш қойылды.

Жалпы Өтей кім болған енді соған нақты тоқтала кетейік.Өтей-руы Кіші Арғыннан шыққан Орта жүздің батыры.Еділ бойы қалмақтардың қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған. 1725 жылы Орта жүз Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлы мен Кіші Арғын Жәнібек Қошқарұлы екеуі Әбілқайыр сұлтанды кіші жүз әскерінің қолбасшысы етіп сайлатады. Бүкіл Кіші жүз елі бұл екі батырдың Әбілқайырды сайлатуына қарсы болады. Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Бөкен, Малайсары секілді беделді билері, Әлімұлы елінен шыққан Жетірудің басшысы қарт батыр Тама Есет Көкіұлы төртеуі Орта жүздегі Қожаберген жырау мен Қазыбек биге,Сәмеке ханға адам жіберіп, Әбілқайыр сұлтанның әскербасы болуына қарсы екендігін айтады, және Орта жүзден үш батыр сұрайды. Осы өтініш бойынша Орта жүздің көсемдері Кіші жүзге үш батыр жібергенін тарихи деректер дәлелдейді. Ол батырлар, Орта жүздің Кіші Арғын Қараман атасынан шыққан Бөгенбай Қожекеұлы болса,екіншісі Уақ Еренші руынан шыққан Бармақ батыр, үшіншісі еліне қорған болған жас батыр Өтей батыр еді. Осы батырлар Кіші жүздің ер азаматтарын біріктіріп, қол бастап, Еділ қалмақтарына және түрікпендерге қарсы соғыста ерен ерлік көрсетеді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Арқада тағы бір Өтей болған. Ол Уақ-Бидалы руынан шыққан. Онымен Бөкен бидің сүйегі жатқан жердегі Өтейді әрине, шатыстыруға болмайды. Екі Өтей екеуі екі кезеңде өмір сүрген.

Түйіндей айтқанда, қазақтың кең даласын сонау аласапыран заманыңда «Найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қорғаған батырлар тұлғасы еліміздің болашақ ұрпағына үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ұлы бабаларымыз іс-әрекеттерінің алдында бас иген ұрпақтары сол қилы заман оқиғаларына түрлі тарихи жырлар, ұзақ толғаулар арнап, ұрпаққа жеткізеді. Біздің парызымыз сол деректерді ғылыми сараптаудан өткізе отырып шынайы қазақ тарихындағы батырлардың ерлігін паш ету.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қ. Әлім, С. Меңдібай «Терең тамыр» Астана. Фолиант. 2009 жылы.

  2. Сүлейменов М. Мерген би // «Астана айнасы» газеті, 2001 ж., 3 тамыз, № 136 Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Астана 1997 жылы.

  3. Н. Әбуталиев. «Шоқ жұлдыз» Қостанай газеті 17.04.2009 жылы.

  4. “Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз” Атырау газеті 18.06.2008 жылы.

  5. «Қазақ Совет Энциклопедиясы» – Алматы 1996 жылы. ІІ, ХІ том.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
25 жыл: Бір ел, бір тағдыр.

Автор: Бимендин Булат Дусимбекович

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384444

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "М.Ма?атаев "А?ын та?дыры- поэзия та?дыры""
    ["seo_title"] => string(35) "mmakataievakyntagdyrypoeziiatagdyry"
    ["file_id"] => string(6) "303279"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457499736"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«?аза?стан-2050» Стратегиясы: бір халы? – бір ел – бір та?дыр»"
    ["seo_title"] => string(51) "kazakstan2050stratieghiiasybirkhalykbirielbirtagdyr"
    ["file_id"] => string(6) "275100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452518593"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Бір Отан! Бір та?дыр! Бір Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(32) "bir-otan-bir-tag-dyr-bir-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "278247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453047441"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Бір Отан! Бір та?дыр! Бір Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(34) "bir-otan-bir-tag-dyr-bir-ielbasy-1"
    ["file_id"] => string(6) "278248"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453047449"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Бір Отан! Бір та?дыр! Бір Елбасы!"
    ["seo_title"] => string(34) "bir-otan-bir-tag-dyr-bir-ielbasy-2"
    ["file_id"] => string(6) "278249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453047456"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства