Қазақстанның қандай облыстарында тың игеру жүргізілді?
Қазақстанда тың игеру үшін неше мың жұмысшы көшіп келді?
Аталған жұмысшылар қай елдерден көшіп келді?
Тың игеру кезіндегі Топырақ эрозиясы дегеніміз не?
Тың игерудің пайдасы қандай болды деп есептейсің?
Тың игерудің зияны қандай болды деп ойлайсың?
Тың игеру барысында Еңбек Ері атанған қазақстандық тұлғалардан кімдерді білесің?
“Сұхбат” әдісі
Тың игеру дегеніміз не? Бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.
Тың игеру қай жылдары өткізілді? (1954-1964 жылдар)
Қазақстанның қандай облыстарында тың игеру жүргізілді? (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар)
Қазақстанда тың игеру үшін неше мың жұмысшы көшіп келді? (650 мың жұмысшы, алайда 130 мың жұмысшы керек еді)
Аталған жұмысшылар қай елдерден көшіп келді? (Украина, Белоруссия, Ресей, Молдавия)
Тың игеру кезіндегі Топырақ эрозиясы дегеніміз не ? (жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы)
Тың игерудің пайдасы қандай болды деп есептейсің? (Ауыл шаруашылығы дамыды, мәдениет үйлері мен мектептер салынды, әр түрлі техникалар әкелінді, теміржолдар салынды т.б.)
Тың игерудің зияны қандай болды деп ойлайсың? (Мал шаруашылығы құрдымға кетті, қазақ мектептері жабылды, жер эрозияға ұшырады, ұлттық құрамға да ісері болды.)
Тың игеру барысында Еңбек Ері атанған қазақстандық тұлғалардан кімдерді білесің? (Қ. Әбдіғұлов, Н. Алдабергенов, К.Дөненбаева т.б.)
Кескін картаға тың игерілген Қазақстанның облыстарын түсіру.