Оқу ісінің міндетін атқарушы: Калтаева Г.Д.
Мектеп: | Рассвет негізгі орта мектебі |
Күні: | 04.04.17 | Мұғалімнің аты-жөні: | Кошмурзина Гулдана Жылкышиевна |
Сынып: | 5 | Қатысқандар саны: 4 | Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ тақырыбы | Тың игеру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | Оқыушыларға тың игерудің неліктен жүргізілгенін, зардаптары мен пайдасын түсіндіру. |
Сабақ мақсаттары | Барлығы: Оқушылар тың деген сөздің мағынасын, тың игеру не үшін жүргізілген біледі. |
Көбісі: Қазақстан аймағында тың игеру кезіндегі іс-шараларын жіктей алады. |
Кейбірі: Тың игерудің зардаптары мен Қазақстан экономикасына әсерін түсіндіре алады. |
Алдыңғы білім | Тың деген сөздің мағынасын біледі. Қазақстанда жүргізілгенін біледі. |
Сабақ барысы: |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 2 мин | Амандасу. Оқушыларды түгендеу. «Ізгі тілек» тренингін өткізеді. Оқушыларды қатар тұрғызып, стикерге тілек жазуды тапсырады. | Амандасады. Кезекші кім жоғын айтады. Оқушылар қатарға тұрып, стикерге бір тілек жазып, алдындағы оқушының арқасына жабыстырады, кейін ол стикерлерді алып оқиды. | Стикер |
Үй тапсырмасы 8 мин «Жарнамалау» | Ұлы Отан соғысы тақырыбын «Жарнамалау» әдісі арқылы оқушылардан ауызша сабақ сұраймын. | Оқушылар ауызша жауап береді. Ұлы Отан соғысының өкілдерін сыныптастарына таныстырады, олар туралы құнды ақпарат береді. | Слайд, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері |
Негізгі бөлімі «Мюнстерберг» әдісі 2 мин | «1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру жоспарын бекітті» сөйлемін адасқан әріптер арасына жасырады. Арвлрпваромипа1954рапврадплхшзшщжылыаирпапрңалотыңэжзщвчраекгцщгещзежәнезншенцукйтыңайғанкзкщегнцмчопжерлердіщунуекцчскыгашигеругншщззкжоспарынбюпнгншрнкщзцбекіттічсыкнцхшзгш. | Оқушылар адасқан әріптер арасынан «1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру жоспарын бекітті» сөйлемін табады. Арвлрпваромипа1954рапврадплхшзшщжылыаирпапрңалотыңэжзщвчраекгцщгещзежәнезншенцукйтыңайғанкзкщегнцмчопжерлердіщунуекцчскыгашигеругншщззкжоспарынбюпнгнш рнкщзцбекіттічсыкнцхшзгш. | Үлестірмелі материалдар |
Сабақтың ортасы «Сұхбат» әдісі 10 мин | Тың игеру дегеніміз не? Тың игеру қай жылдары өткізілді? Қазақстанның қандай облыстарында тың игеру жүргізілді? Қазақстанда тың игеру үшін неше мың жұмысшы көшіп келді? Аталған жұмысшылар қай елдерден көшіп келді? Тың игеру кезіндегі Топырақ эрозиясы дегеніміз не? Тың игерудің пайдасы қандай болды деп есептейсің? Тың игерудің зияны қандай болды деп ойлайсың? Тың игеру барысында Еңбек Ері атанған қазақстандық тұлғалардан кімдердң білесің? | Оқушылар сұхбат барысында қойылған сұрақтарға жауап береді. Бір-біріне маңызды мәлімет беріп отырады. | Микрофон |
Ой толғау 7 мин | Қазақстанға тың игерудің қалай әсер еткенін ортаға салуды тапсырады. | Оқушылар Қазақстанға тың игерудің ролі қандай болғаны туралы өз ойларын білдіреді | |
Кескін картамен жұмыс 5 мин | Қазақстанның тың игерілген облыстарын анықтауды тапсырады. | Қазақстанның тың игерілген облыстарын анықтап, кескін картаға түсіреді. | Қазақстанның кескін картасы |
Сабақтың аяғы Бекіту «Т» кестесі 5 мин | Тың игерудің пайдасы мен зияны туралы ойларын кестеге түсіруді ұсынады. | Оқушылар тың игерудің пайда мен зиянын ажыратады. Салыстыру арқылы кестені толтырады. | АКТ слайд үлестірмелі материал |
Кері байланыс «Бір сөзбен» 3 мин | Қиылған 12 сөздер жинағынан оқушыға ұнаған сөздерді таңдап алуды ұсынады. | Оқушылар өздеріне ұнаған сөздерді алып, кейін сол 3 сөзден сөйлем құрап, сабаққа, мұғалімге керібайланыс береді. | Қима қағаздар |
Бағалау «Қосу, алу, қызықты» 2 мин Үй тапсырмасын беру 1 мин | Тақтаға «Қосу, алу, қызықты» кестесін іліп, сабақ кезеңдерінде оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалап отырады. Оқушының аты-жөні | + | - | | | | | | «Тың игеру» тақырыбын үйге оқып келуге береді. Тақырып соңындағы кестені толтырып келуді тапсырады. | Оқушыларды бағалау барысында әділдік болды ма, жоқпа қадағалап отырады. Өз ойларын айтады. Күнделіктеріне жазып алады. | |