Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Күні: 12.10.2017 ж Сынып: 5 | Мектеп: №8 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні:Марикбаев Нағашбай. Қатысқандар саны:28 Қатыспағандар саны: 28 |
Сабақ тақырыбы | Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру |
Сабақ мақсаттары | Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру |
Бағалау критерийлері | алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттап мини эссе жазады. Суретті хат жазады. Шарты: сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар...... |
Құндылықтарды дарыту
| Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады. |
Пәнаралық байланыстар | Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз. Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы) |
АКТ қолдану дағдылары | Сабақта бейне-баянмен жұмыс жасайды |
Бастапқы білім | Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сабақ басында: Б «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетіңіз. Осы сұрақтардың аясында бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырыңыз | «Тамгалы тас» бейнематериалы https://www.youtube.com/watch?v=td98ss3MwuE |
Сабақтың ортасы | М «Петроглифтер», «пиктография», «тотемизм», «анимизм», «магия» ұғымдарының мағынасын презентация арқылы түсіндіріңіз. Зерттеу сұрақтары Петроглифтерде көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген? Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған? Тастағы суреттер алғашқы адамдардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат береді? Зерттеу мен талдау Т Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштері туралы шағын мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасын оқушыларға ұсыныңыз. Оқушылар бұл петроглифтерді келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, зерттейді: 1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т.б. тізімін жасайды; 2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды; 3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды: - қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар? - бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін? - осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар? Б Өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштерінен табылған петроглифтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Интерпретация Ж Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеуші маман» кейпіне еніп, өз таңдаған петроглифтің «құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпарат іздейді, оны құндылығын сыныпқа негіздейді. М Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз. Көрмеге зерттеу барысында жинақталған материалдарды, суреттерді, жазбаларды ұсынуға болады. Б Оқушылардың жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесін қорытындылау үшін алғашқы адамдардың сенім-нанымдары туралы туралы алған білімдері бойынша кем дегенде бес-он сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастыруды тапсырыңыз. 3-4 оқушының жазған әңгімелерін сынып алдында оқытып талқылау жүргізіңіз. Бағалау. Мұғалім оқушыларды жұмыс барысында бақылып, өзінің журналына белгілеп алып отырады. Барлық оқушылардың дәптерлерін қарап шығап, бағалап өтеді. Ең үздік жазған оқушыларды атап өтеді. | Петроглифтер-ежелгі заманғы және ортағасырлық өнердің бірегей ескерткіштері http://bm.yvision.kz/post/421180 Тамгалы петроглифтері http://www.uralrockart.ru/p1_gl4_1.html Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж. |
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма. Оқушыларға үйге тапсырма ретінде суретті хат жазуды тапсырыңыз. Шарты: сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу. Кері байланыс Маған ұнады...... Мен тілеймін...... Маған .......... қиын болды | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |