Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»»
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»
Атажұрт танымдық сайысы
Мақсаты:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Көрнекілігі: Слайд, бағалау парағы, марапаттау қағаздары.
Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбы аясында өтетін Атажұрт танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен, - дей келе ортаға бүгінгі «Атажұрт» танымдық сайысымыздың үміткерлерін шақырайық:
І топ – «Тәуелсіздік» тобы
ІІ топ – «Желтоқсан» тобы
ІІІ топ - «Болашақ» тобы.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Бүгінгі «Атажұрт» сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
ІІ. Сайыстың кезеңдері.
Бүгінгі біздің сайысымыз мынандай 5 кезеңнен тұрады:
І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы)
ІІ кезең «Самғау» (даталар сөйлейді)
ІІІ кезең «Шарықтау» (сұрақ жасыру)
ІV кезең «Жерұйық» (мына сөзді кім айтқан)
V кезең «Шырқау» (ұяшық таңдау)
VІ кезең «Көрермен көзайымы» (ән жасыру)
Сайысымызды бастамас бұрын топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтсін. І – «Тәуелсіздік» тобы - 3 оқушы
ІІ – «Желтоқсан» тобы - 3 оқушы
ІІІ - «Болашақ» тобы – 3 оқушы
Әрқашанда алды бол,
Артыңдағыны ұмытпа!
Болашағыңды бүгіннен ойла,
Тарихыңды ұмытпа!
«Ал, іске сәт!» дей отырып сайысымызды бастайық.
І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы)
І – «Тәуелсіздік» тобына сұрақтар:
Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)
Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)
Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)
Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)
Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)
«EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)
ІІ – «Желтоқсан» тобына сұрақтар:
Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)
Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)
Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)
Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)
ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
«Қазақстан - 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар - 7 ақпан, қар барысы)
ІІІ – «Болашақ» тобына сұрақтар
1. Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт? (Шардара)
2. «Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? (1723-1728жж)
3. Қазақ хандығының негізін қалағандар? (Керей мен Жәнібек)
4. Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар? (15 мил)
5. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен? (Ертіс)
6. Қазақстанның ең биік шыны (Хан тәңірі)
7. Қазақстан Республикасының 1920 жылы болған астанасын атаңыз? (Орынбор)
8. Қазақстан Рспубликасының территориясы көлемі бойынша дүние жүзінде
нешінші орында? (9 орын)
9. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болды? (1992 жыл 2 наурыз)
10. VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада қай жылы қай қалада өтті? (Қазақстан Республикасы Астана және Алматы)
І кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы) бойынша әділқазыларға сөз берейік.
Келесі ІІ кезең «Самғау» (даталар сөйлейді) , яғни әр топ мүшелері даталардың сырын ашу керек, ұпайы жоғары топ бастайды: І – «Тәуелсіздік» тобы
ІІ – «Желтоқсан» тобы, ІІІ – «Болашақ» тобы
1986 жыл 16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы
1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент сайланды
1991 жыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды
1992 жыл 2 наурыз – БҰҰ-на мүше болды.
1992 жыл 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды
1993 жыл 28 қаңтар – Тұңғыш Конституция қабылданды
1993 жыл 15 қараша – Ұлттық валюта –теңге айналымға енді
1995 жыл 30 тамыз – Жаңа Конституция қабылданды
1998 жыл 6 мамыр - жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
ІІІ кезең «Шарықтау»
«Жасырынған қалалар»
Бұл турымыздың ережесі тақтаға ілінетін 9 ұяшықта Қазақ халқының ежелгі қалалары жасырынған әр сұраққа 20 ұпай беріледі. Егер сұраққа қиналса қосымша көмек алуына болады көмек алса ұпайдың жартысы қосылады. Егер келесі топ кезек сұрап кезегін берсе кезек сұраған топ жауап берсе ұпайды өзі еншілейді , жауап бере алмаса ұпай кезегін берген топқа қосылады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі
1) Сыр бойындағы бұл қала ортағасырларда қатты дамыды. Белгілі ғалым Ақышев бұл қаланы Отырардан кейінгі екінші қала деп атады. Ал Фазлолох ибн Рузбихан қаланың базарында күніне 500 түйе сойылып кәуап шашлик жасалса, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кетуші еді деп жазады. Бұл қала негізінде Ақ Орданың , Әбілхайыр хандығының астанасы, қыпшақтардың саяси орталығы болған. Әңгіме қай қала туралы? (Сығанақ қаласы)
Қосымша көмек: Қала қазіргі Қызылорда қаласымен Түркістан қаласының ортасында Сунақ Ата ауылы деп аталады.
2) ХҮ ғасырдың ортасында бұл қаланың төңірегі елсіз далаға айналып, ХҮІғасырда қала аумағы 1гектардан астам ұлғайды. ХҮІ-ХҮІІғ қала халқы 5500ге жеткен. Қала Оңтүстіктегі ең ірі сауда-өнекәсіп орталығы болған. ХҮІғ Түркістандағы Шайбани әулетінің мекені болған. Қаладан қазу жұмысы кезінде 1655-63жылдары Алексей Михайлович патша тұсында соғылған орыстың мыс тиындары табылған қала әлемді билеуші Шыңғыс ханның шабуылы кезінде қиратылған Ұлы Жібек жолында орналасқан бұл қай қала? (Отырар)
Қосымша көмек: Әлемнің 2-і ұстазы атанған ұлы ғұлама Әбу НасырӘлФараби дүниеге келген
3) Бұл қаланың ірге тасы ІХ-Х ғасырлардан белгілі. Қала Сыр бойында орналасқан. Орта Азияның иек астында Хорезммен Мауеренахр мемлекеттерімен шекаралас орналасқан бұл қала саяси билік құруға ыңғайлы болды. Сығанақ пен Оңтүстік Оралға керуен жолдары осы қала арқылы өтті. Бұл қаланың гүлденген кезі ІХғ екінші жартысында басталады. Ол кезде Жент теңізі маңынан үлкен тұз кені табылып Қытай, Үнді, Иран елдерімен сауда байланысы жасалған. Ғалым Толстовтың пікірінше бұл қала жауға қарсы тұрар биік қамалдың үлгісімен салынған. Бұл қалада Әуелбек Қоңыратбаевтың зерттеулері бойынша оғыз тайпасы өмір сүрген. Әңгіме қай қала туралы? (Жаркент)
Қосымша көмек: Кейбір деректерде бұл қала Жаңа Гузия деп те аталды.
4) Бұл қала ХІІІғ Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда орталығы діни орталық болған. Тарихшылардың айтуы бойынша «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі » атанған. Қытай деректерінде «Ақ өзен бойындағы қала» аталған. Бұл қалада ХІІғ Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келген. Қала Ұлы Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент қаласының маңында орналасқан бұл қай қала? (Испиджаб Сайрам)
Қосымша көмек: Қазіргі осы қаламен аттас Шымкент облысында аудан бар.
5)Бұл қала ҮІІІ-ІХғасырлардан белгілі. Бұл қалада Жібек Жолының бойында орналасқандықтан ірі сауда орталығы болды. ХІғ қаладан күміс дирхемдер шығарылған. Түркеш қағанатының ірі сауда орталығы болған. Талас өзені бойында орналасқан бұл қала сауда мен қатар ірі саяси экономикалық мәдени орталық болған деседі. Деректерде: «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың , көпестердің қаласы атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсында ең бай қала болған. Бұл қалада Айша Бибі, Бабаджа хатун,Қарахан кесенелері орналасқан.Бұл қай қала еді?(Тараз)
Қосымша көмек: Қазір осы қала аттас Қазақстанда ірі қала бар,
6) Бұл қала ортағасырлық ірі қалалардың бірі.Қаланың іргетасы Үғ қаланған. Қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Бір кездері қала қарлұқтар мен қарақытайлар астанасы да болған. Қала бұдан бұрын Ақтөбе деп те аталған. Ұлы Жібек бойында орналасқан бұл қала сауда әлемінде үлкен рөл атқарған ірі сауда орталығы болған. Бұл қалада 942жылы Қарахан әулетінің Сатұқ Боғра хан хандық құрған. Бұл қай қала еді? (Баласағұн)
Қосымша көмек: бұл қалада ұлы ғұламалар Махмуд Қашқари еңбек еткен және Жүсіп Баласағұн дүниеге келген
7) Бұл қала алғашында Шауғар деп аталды. Қала кейінгі қазақ хандығы кезінде қатты гүлденіп қала халқының саны артты. Қазақтың көрнекті ханы Есім ханның астанасы болды. Қала үлкен діни орталық болып Қазақстандағы діни астана дәрежесіне жетті. Қала қамалы қазіргі таңда қайта жөндеуден өтіп туристердің тамашалайтын орнына айналып отыр. Бұл қай қала еді? (Яссы Түркістан)
Қосымша көмек: Бұл қалаға қазақтың жеті ханының мәйіті әкелініп жерленді.
8) Сыр бойындағы бұл қала ХІХғасыр ескерткіші. Қаланың іргетасы 1818жылы қаланған. Қаланың жер көлемі 60979гектар халқының саны 159,4мың 1818-53жылдары Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі болған кездері қалада көшеге ат беру дәстүрі болмаған базар алаңы, керуен сарайы маңы деген атаулармен аталған. Кейіннен 1867жылдары Почтовая, Базарная деген көшелер болды. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алған қала 1998жылы 180жылдық мерейтойын тойлады. Қазіргі таңда қалада 300ге жуық көше бар. Бұл қай қала?
(Ақмешіт Қызылорда)
Қосымша көмек: Бұл қала экологиялық аймақ ретінде бүкіл әлемге танымал
9) Бұл қала Б.з.д 10-9 ғғ. Қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды.Бұған дәлел ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы.Бұл жерлерде керемика, тастан жасалынған қарулар, темір мен сүйектен жасалынған бұйымдар табылған.Б.з.д 7 ғ.сақ дәуірінде қала сақтардың,кейінен үйсіндердің тұрғылықты жері болған.Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған,олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының » қорғандары.Солардың ішінде танымалы Есік қорғаны, Қарғалы диадемасы, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған.Сақ және үйсін дәуірде қала аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемелекеттердің орталығы болған.Бұл қаланың 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құрған тайпалар мекен текен Іле Алатауының етегіндегі қаласы туралы алғашқы жазба дерктер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі.
Қосымша көмек: Бұл қала қазіргі таңда Қазақстандағы ең үлкен халқы көп, мәдени қаласы
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң ұтарсың!
ІV кезең «Жерұйық» мына сөзді кім айтқан? 3 топқа үш сұрақтан – әр дұрыс жауап 20 ұпай
«Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар ,
Алам десең, алыңдар!» (Қайрат Рысқұлбеков)
2. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды». (А.Байтұрсынов)
3. «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» Н.Ә.Назарбаев
4. «Біз қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!» (Ләззат Асанова)
5. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
(М.Дулатұлы)
6. «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» Н.Ә.Назарбаев
ІV кезең «Жерұйық» кезеңі бойынша әділқазыларға сөз берейік. Рахмет!
V кезең «Шырқау» (ұяшық таңдау) , әр то мүшелері ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап береді, ұпайы жоғары топ бастайды.
Тұлғалар
10
20
30
40
Ескерткіштер
10
20
30
40
Ұйымдар
10
20
30
40
Тұлғалар 10 – Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашқан тарихи тұлға кім? (Ш. Уалиханов)
Тұлғалар 20 – Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалының төрағасы, кейін Қазақстан Ғылым Академиасының тұңғыш президенті болған академик, тұңғыш геолог? (Қаныш Сәтбаев)
Тұлғалар 30 – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ақталуына төрағалық еткен ақын, қоғам қайраткері? (Мұхтар Шаханов)
Тұлғалар 40 – Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартияы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарушы, еліміздің іргесін нықтап, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан? (Д.А.Қонаев)
Ескерткіштер 10 - Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қай жерде орналасқан? (Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған) Ескерткіштер 20 – Алтын киімді адамды қай жылы, қай жерден , кім тапты?(1969-1970 жылдары, Алматы қаласы, Есік қорғанынан, Кемал Ақышев) Ескерткіштер 30 – Мына ескерткіш қашан, қай қалада,қандай оқиғаға байланысты қойылған? (2001 жылы 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіші қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов). Ескерткіштер 40 – Мына ескерткіш қашан, қай жерде, қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған және де бұл ескерткіш қалай аталады? (2006 жылы18 қыркүйек күні, Алматыдағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші) Ұйымдар 10 - Қазақстан қашан БҰҰ-на мүше болды? (1992 жылы 2 наурызда)
Ұйымдар 20 – ТМД қашан, қай жерде құрылды? (1991 жылы21 желтоқсанда, Алматыда)
Ұйымдар 30 – ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанда қашан өтті? (2010 жылы 1-2 желтоқсанда)
Ұйымдар 40 – ШЫҰ қашан құрылды және құрамына қай елдер кірді? (1996 жылы “Шанхай бестігі” ұйымы құрылды, оған Қазақстаннан , Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірді. 2001 жылы “бестікке” Өзбекстан қосылғаннан кейін ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып аталды.)
VІ кезең «Көрермен көзайымы» (ән жасыру)
Бұл кезеңде әр топқа еріп келген көрермендерге желтоқсан және тәуелсіздікке байланысты ән жасырылады, Сол әуеннің аты мен авторын табуы керек, әр дұрыс жауапқа 20 ұпай береді, Ол ұпайлар өздерінің тобына қосады.
Бекболат Тілеуханов «Елім менің»
Әбиірбек Тінәлиев «Желтоқсан желі»
Өмірқұл Айниязов «Байтақ елім қазағым»
Мейрамбек Беспаев «Қазағым»
Ескендір Ибрагим «Көк тудың желбірегені»
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін.
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік.
Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, Тура төрелік жасаған әділ қазыларға, Жанкүйер болған тыңдармандарғы, Қадірлі қонақтарға
Үлкен рахметімізді айтамыз!
Осымен бүгінгі «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты
Атажұрт танымдық сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, әрқашан еңсеміз биік, жүрісіміз нық, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын! Сау болыңыздар!