kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлы Даланың жеті қыры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласы талдалып, оқушыларға түсіндірілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлы Даланың жеті қыры"»

Тасөткел негізгі мектебі













Ашық тәрбие сағаты:

«Ұ Л Ы Д А Л А Н Ы Ң Ж Е Т І Қ Ы Р Ы»

(7-сынып)

























Жолдыбаева Л.Т.





Тақырыбы:«Ұлы Даланың жеті қыры»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 2018 жылдың қараша айында жарық көрген елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру, талдау. Өз тілін, елін . тарихын, салт-дәстүрін білуге, сүйюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту


Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, көрнекі жазылған сөздер


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сәлеметсіздерме. Бүгін біз сіздермен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласынен танысамыз.

Ол 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» Қазақстан тарихы туралы . Мақалада Елбасы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Төл тарихымызбен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтерді. Мақала ел ішінде де, әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып, қоғам белсенділері пікірлерін білдіруде.


Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.

Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмыуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған.

Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы 2 бөлімнен тұрады:

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ. Ол 7 кезеңге бөлінген.

1. Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны



(Әр кезеңге байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады)



Атқа міну мәдениеті. Тарихты еске түсірейік.Жылқы малын тұңғыш қолға үйреткен ботайлықтар деп 6 сыныптың тарихында өткенбіз.

- Ботай деген қай кезеңнің ескерткіші? (энеолит)

-Бұл ескерткіш қай аймақта орналасқан? (Солтүстік. Көкшетау маңы)

-Жылқыны қолға үйреткенін немен дәлелдеп едік? (Ботай қонысынан70 000 жылқының сүйек қалдықтары табылған).

-Ал темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына себеп болған қандай ашулар, жаңалықтар еді? (темірден үзеңгі, ертоқымды дүниеге әкеліп, жылқыны мініске қолданғаны. Бұл сол кезеңдегі жаңа технология. «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде айтқысыз үстемдікке ие болды»,-дейді Елбасы.Жылқыны қолға үйрету-атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Батырларды еске түсірейік. Бес қаруды асынған салт атты сарбаз көшпенділердің символына айналды. Қазақ даласында пайда болған осы дәстүрадамзат баласы 19 ғасырға дейін пайдаланып келді.

Ал киім үлгісі? Атқа міну мәдениеті киім үлгісін дүниеге әкелді. Атта жүргенде ыңғайлы болу үшін бабаларымыз алғаш рет киімді ҮСТІНГІ мен АСТЫНҒЫ депекіге бөлді. Осылайша шалбардың алғашқы еұсқасы пайда болды.Мыңдаған жылдар өтсе де , қазба жұмыстары нәтижесінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.

Қылыш, сауыт-түркі тайпаларының ойлап тапан тағы бір технологиялық жаңалығы. Қылыш-ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналған. Атын қорғауға арналған сауытты да алғаш біздің бабамыз жасаған. Отты қаруға дейін (мылтыққа дейін) атты әскер көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын соңды болмағанжауынгерлік үстемдігін орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі.

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия. Металл өндіру адамзаттың дамуын түбегейлі өзгертті. Қазақ жері металға бай өлке екенін баршаға мәлім. Ежелгі заманда Қазақстанның Орталығы, Солтүстігі және Шығыс аймақтарында тау-кен ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.Қола дәуірімен танысқан кезде , қазіргі Жезқазған, Риддер, Қаршыға, ЖылтырНарын мен Қалба жоталарында өндірілгенін білеміз. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар, пеш-көріктер салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.

-Қазақ жерінде металлургия дамығанын біз қалай дәлелдейміз? (археологиялық ескерткіштер, заттар деректер, артефактар...Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылды.)

3.Аң стилі. Көшпенділердің рухани байлығының ерекше белгісі-«аң стилі өнері»

-«Аң стилі» дегеніміз не? Жануарлардың бейнесін тұрмыста пайдалану-адам мен табиғаттың өзара байланысының символына айналған. Металмен жұмыс істеу техникасы, кескіндеуі, құюы-көптеген күрделі әдістердің меңгергенінің дәлелі.

4. «Алтын адам». Жоғары айтылғандардың үлгісін біз «Алтын адамнан» да көреміз.

Кезінде еуроцентристік көзқарас деген кең тарады. Ол бойынша көшпенділердің ешқандай мәдениеті болмаған, дамымаған делінеді. Сол көз қарасты жоққа шығарған осындай археологиялық жаңалықтар.Әлемдік ғылым үшін сенсация-1969 жылы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған. Жалпы әшекей бұйымдардың саны 4000-нан астам. Олар аң стилімен жасалған

-Жерлерген адам 17-18 жас шамасындағы жігіт. Оны қай тайпаға жатқыздық? Дәлел?

-Ол жауынгер? Дәлелдендер (қарулары: семсер, белдігінде-ақинақ, алтын ұшты жебе, )

Ол ханзада? Дәлел (алтын бұйымдар, мөр...)

-Осының бәрі металл өндіру, металмен жұмыс істеу техникесы жақсы дамығанын, қолөнердің жақсы дамығанын дәлелдей ме? (ия)

Осы жерден күміс тостаған табылды. Оның сыртында жазу бар Ол жазу « Осының барлығы көшпенділерде жазу да болған, мәдениеті де дамыған деп айта аламыз ба?Арине.

5. Түркі әлемінің бесігі. Ол-Алтай. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.Орта ғасырларда осы жерлерде мемлекеттер бір-бірін алмастырып, экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Бүкіл әлемге белгілі әл-Фарабиді, Яссауиді әкелді.

6. Ұлы Жібек жолы. Ол туралы не білеміз? Қандай аймақтарды, елдерді байланыстырды? Бұл сауда керуен жолы қай ғасырларда өмір сүрді? Неліктен маңызын жоғалтты?

Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Трік империяларының аумағын қамтыды.

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бі­ақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазiргi Қазақстан жерiнде керемет алмалардың өсетiндiгiн қытайлар 1240 жылдан бастап жаза бастаған, сондай-ақ алма тұқымының осы жерден таралғанын да айтқан. Ал, бiздегi жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай бұрын да осында өскен, жер жүзiне осы өңiрден тараған.

(бейнетаспа көрсетіледі)

Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қызғалдақ — лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны — Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші отаны — Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарланды.

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ деген 2-ші бөлімде президент ал жобаны іске асыруға тапсырма береді



  1. Архив-2025 (жетіжылдық бағдарлама)

  2. Ұлы даланың ұлы есімдері (ескерткіштер, мүсіндер, гелерея, саябақ, сериялар...)

  3. Түркі әлемінің генезисі (Тюркологтардың дүниежүзі конгресін, Түркі халықтарының мәдени күндерін өткізу;Түркі халықтарының ортақ онлайн кітапханасын ашу; Түркістанды дамыту)

  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі (музей ашу, фестивальдар өткізу, Отырарды дамытып, туристік жоба жасау)

  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы (ауыз әдебиетінің үлгіері, дәстүрлі музыкалық аспаптармен орындалған әуендердің топтамасын шығару,фольклорлық іздеу-зерттеу экспедициясын ұйымдастыру)

  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі (деректі фильмдер, телевизиялық сериалдар, балалар фильмдері, мультфильмдер шығарылуы тиіс)

Қорытынды

Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.

Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.


































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұлы Даланың жеті қыры"

Автор: Жолдыбаева Лязат Тулегеновна

Дата: 27.01.2019

Номер свидетельства: 497403

Похожие файлы

object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ұлы даланың жеті қыры"
    ["seo_title"] => string(24) "uly_dalanyn_zheti_kyry_1"
    ["file_id"] => string(6) "507185"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1555335060"
  }
}
object(ArrayObject)#896 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ұлы даланың жеті қыры атты мақала"
    ["seo_title"] => string(34) "uly_dalanyn_zheti_kyry_atty_makala"
    ["file_id"] => string(6) "569491"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1610076287"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Алтын адам» сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(30) "altyn_adam_synyptan_tys_zhumys"
    ["file_id"] => string(6) "510349"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1557913112"
  }
}
object(ArrayObject)#896 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?аза? ханды?ына 550 жыл «?лы дала д?бірі»"
    ["seo_title"] => string(35) "kazakkhandygyna550zhylulydaladubiri"
    ["file_id"] => string(6) "321512"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461310041"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ұлы дала өркениеті"
    ["seo_title"] => string(21) "u_ly_dala_orkieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "451364"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1516524055"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства