kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлы даланың жеті қыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Тұңғыш Президенті мақаласы "Ұлы даланың жеті қыры" танысу 8 сынып оқушылары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлы даланың жеті қыры»

Өткізген: №104 ЖББМ тарих пәнінің мқғалімі Алимбетова Айжан Жарқынбекқызы

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»

(пресс конференция)

Мерзімі:07.02.2019 ж

Мақсаты: Еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ұлттың игілігіне айналдыру және төл тарихын бағалайтын жас ұрпақты тәрбиелеу.

Б а р ы с ы

Дастан: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,пресс конференцияға қатысушылар және бұқаралық ақпарат өкілдері.


Айжан: Қайырлы күн құрметті қонақтар және ұстаздар! Бүгінгі «Сарапшы бағдарламасына қош келдіңіздер! Бағдарлама тақырыбы «Ұлы даланың жеті қыры» оқушылар арасында талдауға арналады.

«Барлық істің басшысы- білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай егеменді елдің тірегі-білімді ұрпақ .Демек, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі , өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Дастан:Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетінін ескертіп , еліміздің білім жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды белгіледі.

Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түспейтін адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

  

Айжан: Бүгінгі пресс конференцияға қатысушы оқушыларымыздың пікірін тыңдап,журналист,тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып,біз Қазақстандағы жас ұрпақтың білім деңгейімен,ой өрісімен танысамыз.


Бүгінгі оқушылармен өткізгелі отырған сұхбатымыз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қараша айында жариялаған «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында болмақ.

«Ұлы даланың жеті қыры» екі бөлімнен тұрады. Біріншісі- «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт». Онда Елбасы жеті құндылықтың мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталыпты. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады.



Ал мақаланың екінші бөлімі нақты 6 тапсырманы жүктеді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау сынды тарихи әрі маңызды міндет екендігін алға тартты.

I бөлім Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт

1.Атқа міну мәдениеті

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3.Аң стилі

4.Алтын адам

5.Түркі әлемінің бесігі

6.Ұлы Жібек жолы

7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны


II бөлім ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

1.Архив-2025

2.Ұлы даланың ұлы есімдері

3. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ

4. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МУЗЕЙІ

5.ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

6. ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІ МЕН ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ



Дастан:Елбасының бағдарламалық мақалалары қоғамның, ғылыми ортаның, шығармашылық зия­лы қауымның кең ауқымды тал­қы­лауына ие болды. Жалпы, адам­заттық және ұлттық тарихқа жаңа­ша тұжырымдамалық көзқарас Қазақстанның тарихын және тарихи ескерткіштерін сақтау мен дәріптеуге бағытталған жолды жал­ғастырады.



Айжан:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы — рухани жаңғырудың келесі кезеңі, тарихи фактілерге құрылған жаңа жоба десек болады. Тарихи сананы жаңғыртуға жасалған бұл нақты қадам. Қазақ даласының қай жері болса да киелі, тек әлі ашылмаған терең сыры мен қымбат құпиясын тарихшы, археолог ғалымдар жіті зерттеу жасап, жұртқа жария етуі керек. Киелі жерлеріміздің барлығы тарихи ескерткіштермен байланысты. Ертеден келе жатқан қазақтың тарихындағы құрметтейтін, қастерлейтін орындар. Оның ішінде Алтын адам да бар, жылқыны алғаш қолға үйреткен Ботай да бар, Сақ кезеңі де қамтылады.

Кезекті сұхбат алуға арнайы келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берсек..

Сұхбат алуға келген бұқаралық ақпарат құралдары:

«Қазақстан» арнасынан Байдыханова Наргиза

«Хабар» арнасынан Молдабаев Диас

«Астана» арнасына Әмірсана Бекжан

«КТК» арнасынан Тұрысбек Ернұр

«31» арнадан Закирова Мариям

«Еуразия 1» арнасынан Махмут Мирзат

«Жетісу» арнасынан Ануарбек Дильназ

Наргиза:( Бағжан,Жанерке,Арыстан)

Оператор: «Қазақстан» ұлттық арнасынан Дүйсенов Фархад және Алмат Жансая

Фотограф Жанұзақ Бекзат



«Жапония - күншығыс елі. Корея - таңғы шық елі. Қытай – аспан асты, ал, Қазақстан - ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», - деді Елбасы соңғы мақаласында.

Мақала - Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үйлесімді жалғасы. Себебі өткенді ұғыну толыққанды ұлтты қалыптастыру үшін маңызды жағдайлардың бірі болып табылады.

1.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаудағы мақсаты қандай?

2. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Киелі Қазақстан» үшін неңдей жаңалық әкелмек?

— Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мақаланың өзінде келетіндей ұлттық сананы жаңғырту туралы. Онда президент бұған дейін саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алғанымызды айта келе, таяу жылдарға белгілеген қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған міндеттемелер тапсырады. Өзіңіз де білетіндей, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін елімізде руханият саласында латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа есім», «100 оқулық», «Туған жерге туыңды тік!», «Киелі Қазақстан» сияқты жобалар іске қосылды. Жобалар белгілі бір деңгейде өз жемісін беріп жатыр.

1.Атқа міну «Бекжан» ( Мирас,Олжас,Нұрбек)

Ұлы даланың жеті қыры! Хлықтың өткені мен бүгінін жалғайтын Елбасы мақаласы осылай аталды.Ұлт пен рух,тарих пен руханият сабақтастығын көздейтін мақала болашақ үшін де аса маңызды болмақ.

1. «Кеңістік - барлық нәрсенің,ал уақыт-бүкіл оқиғаның өлшемі.Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басаталады» дейді Жолдауда. Сонда қазіргі қоғамның ұлт тарихына деген жауаркершілігі қандай? Сұрақ: Ауған соғысының ардагері Еркінбек Қуанбайұлына қойылды

2.Атқа міну мәдениеті туралы не білесіздер?

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия «Мариям» (Қуаныш,Рахматулла Аружан)

1.Металл өндіру маңызы қандай?

2.Ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты дамыған?

3.«Аң стилі» Ернұр «Дүйсенбаева Аяулым,Мықтыбек Аружан)

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

  1. «Аң стилі» туралы не білесіз?

  2. «Аң стилінің» біздің таримызға қатысты ұандай маңызы бар?

4.Алтын адам Махмұт Мирзат (Асем,Мирас)Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.



5.«Түркі әлемінің бесігі» Молдабаев Диас

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

6.«Ұлы Жібек жолы» Наргиза (Бекзат,Айпері)

  1. Ұлы Жібек жолының шығу тарихы туралы не білесіз? Не себепті Елбасы өз мақаласына Ұлы Жібек жолын енгізіп отыр?

  2. Ұлы Жібек жолының әлемге әкелген пайдасы болды ма?

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

7.Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны Дильназ (Алина,Жасмин,Бекзат,Бағжан)

1.Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің Алматы қаласы неге таңдалып алынып отыр?
2.Алма мен қызғалдақты не себепті Қазақстанның отаны деп санайды?

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың тарихи Отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының Отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұлы даланың жеті қыры

Автор: Алимбетова Айжан Жарқынбекқызы

Дата: 15.04.2019

Номер свидетельства: 507185

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Ұлы Даланың жеті қыры""
    ["seo_title"] => string(22) "uly_dalanyn_zheti_kyry"
    ["file_id"] => string(6) "497403"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1548606498"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ұлы даланың жеті қыры атты мақала"
    ["seo_title"] => string(34) "uly_dalanyn_zheti_kyry_atty_makala"
    ["file_id"] => string(6) "569491"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1610076287"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Алтын адам» сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(30) "altyn_adam_synyptan_tys_zhumys"
    ["file_id"] => string(6) "510349"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1557913112"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?аза? ханды?ына 550 жыл «?лы дала д?бірі»"
    ["seo_title"] => string(35) "kazakkhandygyna550zhylulydaladubiri"
    ["file_id"] => string(6) "321512"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461310041"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ұлы дала өркениеті"
    ["seo_title"] => string(21) "u_ly_dala_orkieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "451364"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1516524055"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства