kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлт тарихының белестері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

         Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы білімдерін тексеру.

         Оқушылардың бойында ұйымшылдық, логикалық ойлау мен шапшаңдық қасиеттерін дамыта отырып, бәсекелестігін арттыру.

Әдісі: интеллектуалды сайыс, топтық жарыс.

Қатысушылар: 10 сыныптың оқушылары

Ойынның қысқаша ережесі:

1. Әр мектептен  4 оқушыдан қатысады. Оқушылардың жалпы саны: 12 оқушы.

2. Сайыс топтық жарыс ретінде өтеді.

3. Сайыстың әр туры бойынша жалпы ұпай сандарын әділ-қазы мүшелері санап, саралап отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлт тарихының белестері»

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

КММ «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия»






«Ұлт тарихының белестері»

интеллектуальдық сайыс

ІІ санаттағы тарих пәнінің мұғалімі:

Асылбекова Мақпал Ескендировна

















2016-2017 оқу жылы


«Ұлт тарихының белестері» интеллектуалды ойын.


Мақсаты:

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы білімдерін тексеру.

Оқушылардың бойында ұйымшылдық, логикалық ойлау мен шапшаңдық қасиеттерін дамыта отырып, бәсекелестігін арттыру.

Әдісі: интеллектуалды сайыс, топтық жарыс.

Қатысушылар: 10 сыныптың оқушылары

Ойынның қысқаша ережесі:

1. Әр мектептен 4 оқушыдан қатысады. Оқушылардың жалпы саны: 12 оқушы.

2. Сайыс топтық жарыс ретінде өтеді.

3. Сайыстың әр туры бойынша жалпы ұпай сандарын әділ-қазы мүшелері санап, саралап отырады.


Сайыс барысы:

  1. Қазақстан Республикасының әнұраны

  2. Букеева Жансая өлең оқиды. Бейнематериал көрсетіледі.

  3. Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Президент күні мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Ұлт тарихының белестері» атты интеллектуалды-танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

Қазақ жері-ата-бабам бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын

Туған жердің Тәуелсіздік күніне!


Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

Азат өлкем күндей күлген Шығыстан,

Айналайын Қазақстан-Гүлстан!

Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Ұлт тарихының белестері» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырайық. Оқушыларды аты-жөні, мектебі ойынша ортаға шақырады.

1. Мұхамади Динара

2. Жанарбек Қымбат

3. Джанысова Айдана

4. Амин Бегарыс

5. Қаламбек Ардақ

6. Тулебаев Мадияр

7. Түсіпжанова Ақмарал

8. Түсіпжанов Бекжан

9. Алатаев Бекжан

10. Калибекова Амина

11. Сейлғазыева Балжан

12. Букеев Дидар

Оқушыларды топқа бөлу:

Қоржын ішіндегі асықтарды алу арқылы 12 оқушы екі топқа бөлінеді.

І-топ: «Бәйтерек»

ІІ-топ: «Алтын адам»

Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру:

  1. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның тәрбие ісі орынбасары Тулебаев Елдар Ерболсынұлы

  2. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның тәрбие ісі орынбасары

Ғазезова Назым Қайнолдақызы

  1. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Рахметжанова Любовь Канашевна

Сайыстың І кезеңі: «Ва-банк»:

Сайыстың ережесі: Төменде берілген кестеде әр ұяшықтарда сұрақтар берілген. Әр сұрақтың өзінің бағасы мен оған арналған тақырыпшалары бар. Әр топтағы оқушы өзі таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап бере алмаса, қарсылас топтағы оқушы жауап беруге мүмкіндік алады.


10

20

30

40

50

90 жылдардағы Қазақстанның экономикасы

10

20

30

40

50

Экспо-2017 көрмесі

10

20

30

40

50

Елбасы Жолдаулары

10

20

30

40

50

Қазақстанның сыртқы саясаты

10

20

30

40

50

Берілетін сұрақтар:

І. 90 жылдардағы Қазақстанның экономикасы:

10-Қазақстанда алғашқы кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар қай жылдары құрылды?

20-1992 жылы 6 қаңтарда Республика Президенті Қазақстанның Жоғары Кеңесі Президиумның келісімімен қандай жарлық шығарды?

30- «Төлем дағдарысы» деген не?

40- Жекешелендіру дегеніміз не?

50-Жекешелендірудің ІІ кезеңі қашан басталды және оның барысы қандай болды?

ІІ. Экспо-2017 көрмесі:

10-Көрменің өту мерзімі қай уақытқа жоспарланған?

20-«Болашақтың энергиясы» деген не?

30-Көрме өтетін алаңның аумағы қанша?

40- ЭКСПО-2017 көрмесін Қазақстанда өтілуі туралы шешім қашан қабылданды?

50-ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі мақсаты қандай?

ІІІ. Елбасы Жолдаулары:

10-«Қазақстан-2030» даму стратегиясын Президент қай жылы қабылдады?

20-«Қазақстан-2030» стратегиясының бағыттарын ата.

30-Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнау туралы ҚР Конституциясының қай бабында айтылған? (44 баб, 1 тармағы)

40-«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» бағдарламасы қай жылы қабылданды? (2006)

50-2012 жылы 3 шілдеде Елбасы қаңдай бағдарлама жариялады?

(«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
ІҮ.Қазақстанның сыртқы саясаты:

10-1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін 2 апта ішінде таныған елдер саны қанша?

20-Қазақстан Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымына қаша төрағалық етті? (2010)

30-Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымына қай жылы төрағалық етті? (2011)

40-1992 жылы 25 мамырда Қазақстан Ресеймен қаңдай келісімге келді?

50-1999 жылғы Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы келіссөздер нәтижесінде дауға түскен территорияның неше пайызы Қазақстанға тиесілі болды? (57)

Сайыстың ІІ кезеңі: «Қатені тап»:

Сайыстың ережесі: Интерактивті тақтада түрлі-түсті ұяшықтар беріледі. Әр ұяшықтың ішінде тақырып бойынша терминдер мен оларға анықтамалар бар. Терминдердің ішінде мағынасы қатесі анықтаманы табу керек. Қате анықтаманың дұрыс баламасын тапса, оған 10 балл, егер таппаған жағдайда 5 балл алады.

І. Ұяшық:

Пост – тоталитаризм – коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік жүргізуге жарамсыз.

Жекешелендіру –жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен сатып алуы.

Инфляция – дағдарысқа қарсы реформа. (ақшаның құнсыздануы)

ІІ.Ұяшық:

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Вице-президент-жергілікті әкімшілік өкілі (президенттен кейінгі өкілетті кісі)

ІІІ. Ұяшық:

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Референдум – Реформаларды қайта қарастыру, өзгерту.

( Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу)

ІҮ. Ұяшық:

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Авторитаризм - топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі. (антидемократиялық саяси режим) 

Сайыстың ІІІ кезеңі: «Полиглот»:

Сайыстың ережесі: Топтарға аталған тақырыпқа байланысты сөйлемдер беріледі. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, оны орыс, қазақша және ағылшын тілінде атаулары тиіс.

  1. 1990 жылғы 25 қазанда-Қазақстанның мемлекеттің .........................жарияланды.

  2. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді .......үдерістері басталды.

  3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі құрылған соң, ................Комитеті құрылды.

  4. Қазақстан Республикасының ..............................тілі-қазақ тілі.

Сайыстың ІҮ кезеңі: «Бұл кім?»:

Сайыстың ережесі: Интерактивті тақтада Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, саяси өкілдеріне қатысты тұлғалардың портреттері көрсетіледі. Қай топ жылдам қол көтереді, солар жауап береді, жауабы дұрыс болмаған кезде, қарсылас топ жауап беруге мүмкіндік алады.

Қорытынды кезеңі: Әділ-қазылар мүшелері топтардың жиналған ұпай сандарын есептеп, жеңімпазды анықтайды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ұлт тарихының белестері

Автор: Асылбекова Мақпал Ескендировна

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359702

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Мәңгілік ел" ұлт идеясы"
    ["seo_title"] => string(28) "m_n_ghilik_iel_u_lt_idieiasy"
    ["file_id"] => string(6) "407871"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491740382"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "?аза?стан тарихы  п?нін о?ытуда тиімді ?діс-т?сілдерді пайдалану"
    ["seo_title"] => string(55) "kazakstantarikhypninokytudatiimdidistsildierdipaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "294214"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455620811"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Тарихи сенімділік-бізді? ?лы тарихымыз  ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы"
    ["seo_title"] => string(76) "tarikhi-sienimdilik-bizdin-u-ly-tarikhymyz-k-azak-khandyg-ynyn-550-zhyldyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "315141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459841036"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Т?уелсіздік шапа?аты шаш?ан н?р "
    ["seo_title"] => string(38) "t-uielsizdik-shapag-aty-shashk-an-nu-r"
    ["file_id"] => string(6) "149633"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420271244"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тауелсиздик шапагаты шашкан нур "
    ["seo_title"] => string(36) "tauielsizdik-shapaghaty-shashkan-nur"
    ["file_id"] => string(6) "149953"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420375967"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства