kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих- ғасырлар куәсі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:«Тарих ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
Оқушылардың қазіргі білім негізінде Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Міндеттері:
-Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
-Сөздік қорын,ойлау қабілеттерін арттыру;
-Отан тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер,интерактивті тақта,слаид.

Эпиграф: Өз тарихын сыйламаған халық,өзін де сыйламайды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих- ғасырлар куәсі»

«№ 273 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Тақырыбы: «Тарих ғасырлар куәсі»


(интеллектуалдық ойын)


























Байқоңыр 2016-2017 оқу жылы


«Бекітемін» 7 сыныптар

Мерзімі:18.02.17ж

------------------------- Кабинет №301

Тақырыбы:«Тарих ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
Оқушылардың қазіргі білім негізінде Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Міндеттері:
-Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
-Сөздік қорын,ойлау қабілеттерін арттыру;
-Отан тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер,интерактивті тақта,слаид.

Эпиграф: Өз тарихын сыйламаған халық,өзін де сыйламайды.
Н.Ә.Назарбаев.
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болсын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Пайғамбарымыздың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болуы үшін ең бастысы-білімді болу. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу- жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зерделеуге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті-бірді жығады,
Білімді-мыңды жығады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар,сайысқа қатысушы үміткерлер, «Тарих ғасырлар куәсі» атты интеллектуалдық ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құрметті сайыскерлер ойынымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
Ойынның барысы:
І. «Таныстыру».
ІІ. «Ой толғау».
ІІІ. «Белес».
ІV. «Тарихи көмбе».
V. «Тарихи деректер»

І.Таныстыру. (Әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады)
ІІ. Ой толғау .

Мына әріптерден сөздер құрастыр. Бұл кезеңде «Басқатырғыш» шешеміз.
7 «А» сыныбы
1.РХЕАГИЯОЛО-заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
2.Сөйлем құра.

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҚИМАҚ ЖЕРІНДЕ БАСТАДЫ Х ҒАСЫРДА ТАРАЛА

7 «Ә» сыныбы
1.ЮЙЬШАН- ғұн мемлекетінің билеушісінің лауазымы.
2.Сөйлем құра.

СӨЙЛЕГЕН СКИФ ӨТЕ ТІЛІНЕ САВРОМАТТАР ГЕРОДОТТЫҢ ЖАҚЫН АЙТУЫНША ТІЛДЕ


7 «Б» сыныбы

1.ГРАЭТФИЯНО- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
2.Сөйлем құра.

ПАЙДАЛАНҒАН ЗАТТАРЫН ИСЛАМ ДІНІ БІРГЕ БҰРЫНҒЫША ТЫЙЫМ САЛДЫ ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ЖЕРЛЕУГЕ

7 «В» сыныбы

1.ТРОЕПФЛИГ- тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.

2.Сөйлем құра.

БІЗДІҢ ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫНДА АРАЛЫҒЫН VIII-VI ЕЛІМІЗДІҢ ТЕМІР ҚАМТИДЫ Б.З.Б. ДӘУІРІ


ІІІ.Белес.

7 «А» сынып

1 - Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
2 - Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/
3 - Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
4 - Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/
5 -«Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
6 - Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/
7 - Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан? Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/
8 - Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
9 - Сайрам қаласының қытай жылнамаларында атауы /Испиджаб/
10- Батыс Түрік қатынасының жазғы ордасы / Мыңбұлақ/


7 «Ә» сынып
1. Цицерон оны «тарихтың атасы»деп атаған. (Геродод)
2.Ежелгі грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл-б.з-дың 24 жылдар шамасында өмір сүрген. (Страбон)
3.Парсы патшасының басын кесіп, қан толтырылған торсыққа салады да, «сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңша іш!» деген сақ патшайымы. (Томирис)
4. ....Менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай дәті барды екен деп Бумын қағанды кемсітеді. (Аңағұй)
5.Арабтар шайқастарға тікелей өзі қатысып ылғи да жеңіске жетуіне байланысты «сүзеген», «мүйізді қаған» деп атаған Түргеш қағаны. (Сұлу хан)
6. Тарихшы ғалымдар билік құрған уақытын Қазақ хандығының «Алтын ғасыры» кезеңі деп атаған. Ол тарихта «Жеті жарғы »заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде танылған. (Тәуке хан)
7. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» деп қазақтардың Жайық бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді қорғаған.(Асан қайғы)

8. Түркеш қағанатының негізін қалаған кім? (Үшілік қаған)
9.1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте (Солтүстік Қазақстан) өсті.Оның шын есімі - Мұхаммед-ханафия. (Ш.Уәлиханов)

10.Ол орыс -қазақ мектептеріне арнап «Қырғыз хрестоматиясы»(1879), «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге басшылық»атты оқу құралдарын жазды. (Ы.Алтынсарин)


7 «Б» сынып

1.Б.з.б.484-425 ж.ж.шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. (Геродод)

2. Ол географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, әрі суретші. Әкесі Шыңғыс Абылай ханның немересі. (Ш.Уәлиханов)
3.1864 жылы 8қаңтарда Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. (Ы.Алтынсарин)

4. Түркеш қағанатыны қай жылдары өмір сүрді? (704-756 жылдары)

5. Әбілқайыр хандығының астанасы (Сығанақ)
6. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған хан кім? (Батый хан)

7. Отырар қаласы моңғолдардан неше ай қорғанды? (6 ай)

8. «Сардоба» деген қандай құрылыс? (құдық үстіне салынған құрылыс)

9. 2016ж. Қазақ хандығының құрылғанынын неше жылдығы тойланды? (550 жылдығы)

10.Ноғай Ордасының астанасы. (Сарайшық)


7 «В» сынып

1.Ол алғаш «тарих»атты еңбек жазған грек тарихшысы. (Геродод) 2. Оның жетіліп, сана сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті.1858-1859 жылдары өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барды. (Ш.Уәлиханов)

3. Әбілқайыр хандығы қанша ру-тайпадан тұрды? (92 ру-тайпадан)

4.Шынғыс ханның шын есімі кім? (Темүжін)

5. Моғолстанның астанасы қандай қала? (Алмалық)

6.Ноғай Ордасының іргетасын қалаған кім? (Едіге)

7.Әбілқайыр қанша жыл хандық етті? (40 жыл)

9. Қорқыт ата күмбезі деген ескерткіші қайда орналасқан? (Қармақшы ауданы жерінде)

10. Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)

ІV. Тарихи көмбе


20 20 20
30 30 30
40 40 40
50 50 50

20/1. «Тарих»сөзін алғаш қолданған кімдер? (арабтар)
20/2.Шығыстағы тарихтың атасы Сыма Цяньның еңбегі: «тарихи жазбалар»
20/3.Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар: қытайлар
30/1.Ислам дінінің жыл санау үлгісі: хижра
30/2.Алғашқы адамдардың еңбек құралдары: қазғыш таяқ,үшкір тас, шоқпар, шапқы
30/3.Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы: Мыңбұлақта
40/1.Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент
40/2.Қимақ мемлекетінің астанасы: Қимақия
40/3. «Жерұйықты»іздеп,Сырдарияның бел ортасы Ұлытауда дүниеден қайтты. Қазақ хандығының насихатшысы, «Көшпелілер философы»атанған жырау,күйші, «Қырында киік жайлаған»толғауында өзара қырқысқанАлтын орда ханы Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі: Асан қайғы(Асан Сәбитұлы)
50/1.Қазіргі Астана қаласының шетінде,Есіл өзенінің солтүстік алқабында ерте орта ғасырдағы қала.Қалашық керуендер мен жолаушылар бекеті және түнейтін орны қызметін атқарған.Ол 10-12ғасырда ірі саяси және қолөнер орталығы болған. (Бозоқ(Бұзоқ)қаласы)
50/2.Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды қолға алған ағылшынның фирмасы: Харрисон
50/3.Моғолстан жеріне көшкен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалау үшін, 1468 жылы Моғолстан жеріне жорыққа аттанған хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. (Әбілқайыр хан)


V-кезең. «Тарихи деректер».

Барлық топтарға ортақ сұрақтар беріледі. Жауап беруге қиналса, көмек сұрай алады. Көмек алған жағдайда  бір ұпайлары кемиді.

1-сұрақ: Қазақтар, олар дүниежүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім?

Көмек: Өзбек ұлысында үш халықтың өмір сүргенін айтқан ХҮ ғ өмір сүрген тарихшы

Жауабы: Фазаллах ибн Рузбихан.

2-сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жер Қозыбасы мен шу аумағы болғандығын хабарлаған кім?

Көмек: Қазақстан жайлы құнды деректер қалдырған халқымыздың тұңғыш ғұлама, көрнекті тарихшысы.

Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати

3-сұрақ: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасымхан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған»,- деп жазған кім?

Көмек:  Орта ғасырда 1530-1605 жж өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы.

Жауабы: Қадырғали Жалаири

4-сұрақ: Есімханның 1620 ж ойраттарды жеңуіне өзінің үлесін қосқан және өз алдына тәуелсіз хандық құрмақ болған Тұрсын ханның бүлігін басуға көмек көрсеткен жырау кім?

Көмек: ХҮІ ғ соңғы ширегінде ХҮІІ ғ алғашқы ширегінде өмір сүрген алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасыларының әулетінен шыққан жырау.

Жауабы: Жиембет Бортоғашұлы

5-сұрақ: Есімханның ең жақын жорық жырауы. Есім ханға «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыр арнаған жырау.

Көмек: Бұл жырауда Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысып:

«Ей, қатағанның хан Тұрсын

Кім арамды ант ұрсын…» -деп оны жазалауға Есім ханның келіп тұрғанын хабарлайды.

Жауабы: Марғасқа жырау.

6-сұрақ: Ауыз әдебиетінде  қазақ ханы Жәнібекпен бірге болғандығы айтылады. Жәнібекпен Керейдің Жетісуға ауған кезінде халықпен ақылдасып, кеңес құрамғандығын кінәлап,

«Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің»-деп ханды жазғырған кім?

Көмек: ХҮ ғ Қазақ хандығы құрылған кезде Қотан ақын, Қазтуған Сүйіншіұлы есімдерімен қатар оның есімі белгілі болды.

Жауабы: Асан қайғы.


Қорытынды:
«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген екен Елбасымыз. Бұл сөз әр ұстаз жүрегіне ой салады. Себебі, кез-келген елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!

Женімпаздарды марапаттау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарих- ғасырлар куәсі

Автор: Байдилдаев Умиртай Умирзакович

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 402912

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "тарих ?асырлар ку?сі тарих "
    ["seo_title"] => string(29) "tarikh-g-asyrlar-ku-si-tarikh"
    ["file_id"] => string(6) "180650"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425222290"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тарих ?асырлар ку?сі "
    ["seo_title"] => string(22) "tarikh-g-asyrlar-ku-si"
    ["file_id"] => string(6) "171470"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423673456"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тарих – ғасырлар куәсі"
    ["seo_title"] => string(22) "tarikh_g_asyrlar_ku_si"
    ["file_id"] => string(6) "389999"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486658429"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Тарих- ?асырлар ку?сі»"
    ["seo_title"] => string(19) "tarikhgasyrlarkusi1"
    ["file_id"] => string(6) "311808"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459256345"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Тарих ?асырлар ку?сі (?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)"
    ["seo_title"] => string(63) "tarikh-g-asyrlar-ku-si-k-azak-khandyg-ynyn-550-zhyldyg-yna-orai"
    ["file_id"] => string(6) "301356"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456910437"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства