kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тарих- ?асырлар ку?сі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тарих- ?асырлар ку?сі» 

(?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)

 Саба? та?ырыбы: «Тарих- ?асырлар ку?сі» (сайыс кеші)

Сайысты? ма?саты:

Білімділік: ?аза? ханды?ы ??рылуыны? тарихи о?и?алар тізбегін еске т?сіре отырып, танымдарын арттыру;

Т?рбиелілік: тарихи ?лы т?л?аларды? ерліктерін насихаттай отырып, отанс?йгіштікке т?рбиелеу;       

Дамытушылы?: ?ткенді еске т?сіре отырып, болаша??а ба?дар беруге баулу.

 Саба?ты? к?рнекілігі: слайд шоу («?аза? елі» видео ролик, ?аза?ты? ?лы хандары мен батырларыны? фото суреттері, ?аза?стан)

Сайысты? барысы:

І.?йымдастыру с?ті: Армысыздар б?гінгі «?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына – 550жыл» атты тарихи кешімізді тамашалау?а келген ?она?тар ж?не о?ушылар! 1465жылдары Керей мен Ж?нібек ?білхайыр ханды?ынан б?лініп шы?ып, Шу мен Талас ?зендеріні? арасында?ы айма??а орналасып, ?аза?ты? туын к?кке к?тергені тарихтан аян. «?аза?» деп ?ран таста?анда рухы к?теріліп, намысы оян?ан барлы? ?аза? тайпалары т?гел жиналып, ?аза? ханды?ыны? іргесін ?ала?анын баршамыз білеміз. ?лбетте, одан кейін та?дыр сан т?рлі сына??а салды бізді. ?ш ?асыр тарихымызбен ар – ожданымыз табан?а тапталды. Т?рлі н?убетті бастан ?ткердік. Біра?, мы? ?ліп мы? тірілген ?аза? а?ыры азатты?ын алды. Ал, ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын атап ?ту – сол азатты? сыйла?ан бабалар?а деген ??рметіміз деп ?абыл алы?ыздар. Кешімізді? бірінші б?лімін басталы?. О?ушыларды? орындауында к?рініс «?аза? ханды?ыны? ??рылуы!»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тарих- ?асырлар ку?сі»»

«Тарих- ғасырлар куәсі» 

(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)

 Сабақ тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі» (сайыс кеші)

 

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;       

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

 Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан)

 

Сайыстың барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты тарихи кешімізді тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар. Кешіміздің бірінші бөлімін басталық. Оқушылардың орындауында көрініс «Қазақ хандығының құрылуы!»

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»

Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
(Дамир) Уәзір : Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
(Темирлан) Есен-бұға Кірсін!
(Нұрлыбек пен Ерген) Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға:Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
Ноян 1 Ақсақал Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
Нұржан 2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
Аслан 3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.

Есен-бұға: Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!

(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да қыздар би билейді)

Асылхан Нөкер: Дат, тақсыр.

Керей хан: Датың болса, айт.

Нөкер: Уа, хан ием, Қазақ елінің Қызылтаң шаһарының білім ордасында тарихи кеші өткелі жатыр. Сол кештің тарихы кейіпкері ретінде бізді шақырып жатыр.

Керей мен Жәнібек: Нұр үстіне нұр, той үстіне той болғалы отыр. Уа, жамағат, бәріміз бірге осы тарихи оқиғаның куәгері болайық.

ІІ. Бөлім. Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ:

Сыныптар 3 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы», ІІ-топ «Қасым» тобы

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.


І.  “Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар” кезеңі

  • Топ басшылар ортаға шығады;

  • Барлығы 10 сұрақ беріледі;

  • Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

І-топ

  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?Мұхаммед Хайдар Дулати

  2. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер? Қозыбасы

  3. Қазақ халқының ұраны болған сөз. Алаш

  4. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық Моңғол шапқыншылығы

  5. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.Қарақұм

  6. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?80

  7. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?42

  8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:1731жылы

  9. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?1611 жылы

  10. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?16-17  ғасырларда
    ІІ – топ

  1. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

  2. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:Көшіп-қонуға

  3. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?Ходжент

  4. “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?Әбілқайыр хандығы

  5. Қасым хан қай жылдары ел биледі?1511-1518 жылдары

  6. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?1603 жылы

  7. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?1 млн-ға

  8. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?Қасқа жол

  9. Хақназар хан қай жылдары ел биледі?1538-1580 жылдары

  10. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:I Петр
    ІІІ – топ

  1. XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:Ойраттардың тонаушылық жорықтары

  2. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары.Семей, Өскемен, Бұқтырма

  3. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан … тұрады:жеті

  4. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?ІІ Абдаллахпен

  5. Хақназар хан қай ханның баласы?Қасым хан

  6. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?1582-1598 жылдары

  7. Есім хан қай жылдары ел биледі?1598-1628 жылдары

  8. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады? «Жеті жарғы»

  9. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату

  10. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты? 30

ІІ. “Шөлқандырар”

  • Интерактивті тақтада торкөздер берілген;

  • Әр торкөздер ұпайлар көрсетілген;

  • Ұпай таңдай отырып, торкөздерде жасырылған тапсырмаларды орындайды;

  • Әр дұрыс жауап ұпай санымен байланысты.


Сарқылмайтын қазына  20 30 40

Ерлік ер есіінде

20

30

40

Тұлғалар

20

30

40

Терминдер

20

30

40


Сарқылмайтын қазына: «20» Бұқар жырау бірнеше ханмен замандас болса да, солардың арасынан екі ханға ықылас танытқан. Олар кімдер?Абылай хан мен Тәуке хан

«30» «Ақсақ құлан» күйі (күй үнтаспасы тыңдалады, оқушылар күй атауын табу керек)

– “Ақсақ құлан” күйі. Мойынқұм өңіріндегі Хан тауын Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады. Аңшылар сай-саймен бөлініп кеткенде хан баласы бір топ құланның үстінен түседі. Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай (құландардың күйлеп жүрген кезі болса керек, қызғаныш туғызыпты) ат үстінен баланы шайнап, жұлып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан біткенді қырамын деп ор қазып құландарды қамаған жер, құланды қырған ор «Ханның оры» атанады. Олардың сілемдері әлі жатыр. Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен. Қырылған құландардың сүйегі тау-тау болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды.

«40» «Ел айырылған» күйі

– «Ел айырылған» – халық күйі. 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақтабан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен «Ел айырылған» күйін күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын күй.


Ерлік ер есінде:”20″ Сұрақ: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада

ашылды?

Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов­. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында.

30” Сұрақ: Бұл ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицисттің 500 жылдығына арналып салынған.

Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист.                 М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

40” Сұрақ: Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың екі ұлы батырлары жерленген. 1999 жылы осы батырларға алып мемориалдық ескерткіш ашылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың ұлы батырлары Қарасай мен Ағынтай жерленген. 17-ші ғасырда Есім ханның туы астында атақты Шапырашты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батыр осы жерді жаулаушылардан қорғаған. Жоңғарларға қарсы қиын күресте Есім ханның әскерін он сегіз жасындағы Қарасай басқарды, ал Арғын Ағынтай оның көмекшісі мен адал досы болған. Бірге жүретін батырлар 48 жылдан астам уақыт бойы 200 астам рет қанаушыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты. Олар екеуі Құлшынбай төбесінде жерленген. 1999 жылы 15 қазанда осы жерде алып мемориалдық ескерткіш ашылды. Батырларға арналған кесене Қазақстандағы барлық бірлік, достастық және ынтымақ нышаны болды.


Тұлғалар”. “20” Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).

“30” Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық).

“40” Абылай ханның дүние жүзіне танылған атақты ұрпағы,қазақтан шыққан тұңғыш географ,саяхатшы,тарихшы,әдебиетші,ағартушы,ғалым?

Терминдер”. “20” Сұлтан  “30” Ханталапай “40” “Арыс”

 Сұлтан - (араб тілінен - «билік», «құдіреттілік») - тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы.

"Ханталапай”- ол:   Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу

Арыс – бірнеше рудан құралған. Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деген


ІІІ.”Тақымқысар”.Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін мозаиканы жинақтау.

Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар:

 

Керей

ұлы

Қазақ

екі

негізін

хан -

хандығының

тарихи

қалаушы

тұлғаның

алғашқы

ханы

бірі,

қазақ

болатын.

Жауабы: Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.                                                                                                             

ІҮ. “Нартәуекел”. 

Әр топқа тапсырмалар кеспе қағазға жазып беріледі.Кеспе қағаздарға тарихи тұлғалар есімдері жазылған.Әр топтан сайыскерлер ретімен келіп кеспе қағаздағы есімі жазылған тарихи тұлғаны қарсылас топқа жұмбақтап сұрайды.

Қасым хан, Шығай хан, Абылай хан, Жәңгір хан, Тұрсын хан, Есім хан. Мысалы: 1598-1628 жылдары ел билеген қазақ ханы? (Қасым).

“Жеті жарғы” заңдар ережесін негіздеген хан? (Тәуке).                                               

Қазақтың соңғы ханы? (Кенесары),т.с.с.

  • Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады;

  • Бір топ екінші топтан  “нартәуекел” сұрайды.

  • Екінші топқа нартәуекел беріліп, олар дұрыс жауап бере алмаса, ол ұпай бірінші топқа беріледі;

  • Егер нартәуекел берілмей, олар қате жауап берсе, олардың ұпайы шегеріледі.


Ү. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

 

1

Керей хан – Болат сұлтанның ұлы

5

Есім хан – Шығай ханның ұлы 

2

Жәнібек хан – Барақ ханның ұлы 

6

Жәңгір хан – Есім ханның ұлы 

3

Қасым хан – Әз Жәнібектің ұлы 

7

Әз-Тәуке хан – Салқам Жәңгірдің ұлы 

4


8


Әділқазы өз шешімін шығарғанша сөзжұмбақ шешелік

Сөзжұмбақ « Қатаған қырғыны»

 

Ә

Б

І

Л

Қ

А

Й

Ы

Р

 

 

 

 

 

А

Й

Ғ

Ы

Р

Ж

А

Р

Ж

Е

Т

І

С

У

 

 





 

Т

А

Ш

К

Е

Н

Т





 

 

М

А

Р

Ғ

А

С

Қ

А

 

 

 

И

Р

А

Н

 

 

 

Е

С

Е

Н

Б

Е

Р

Л

И

Н

 

 

 

 

Ө

Т

Е

М

І

С

Қ

А

Ж

Ы

Б

Ұ

Қ

А

Р

Ж

Ы

Р

А

У

 

О

Р

 

 

Ж

Е

Т

І

Ж

А

Р

Ғ

Ы

 

О

Т

Ы

Р

А

Р

А

Н

Н

А

 

Б

Ұ

Р

Ы

Н

Д

Ы

Қ


 

  1. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).

  2. Алғашқы қазақ – Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар)

  3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу).

  4. Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент).

  5. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау (Марғасқа).

  6. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет (Иран).

  7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин)

  8. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы).

  9. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам (Бұқар жырау).

  10. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс(Ор).

  11. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы).

  12. Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады? (Отырар).

  13. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (Анна Иоанновна).

  14. Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық)

ҮІ.Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Тарих- ?асырлар ку?сі»

Автор: Байсеитова Алем Балтабеккызы

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства