kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих ?асырлар ку?сі (?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)

Нажмите, чтобы узнать подробности

 (?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)
Та?ырыбы: «Тарих - ?асырлар ку?сі»  
Ма?саты:
-?аза? ханды?ы ??рылуыны? тарихи о?и?алар тізбегін еске т?сіре отырып, танымдарын арттыру;
-тарихи ?лы т?л?аларды? ерліктерін насихаттай отырып, отанс?йгіштікке т?рбиелеу;
К?рнекілік: «?аза? елі», ?аза?ты? ?лы хандары мен батырларыны? фото суреттері, ?аза?стан еліндегі батырлар?а арнал?ан ескерткіштерді? фото суреттері, халы? к?йлеріні? жазбалары)
Барысы:
1-ж?ргізуші:- ??рметті,?стаздар,  о?ушылар, б?гінгі кешімізді? та?ырыбы
«Тарих - ?асырлар ку?сі». ?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойына арнал?ан кешімізге ?ош келді?іздер!
- ?аза?стан Республикасы Президенті Н. Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына арна?ан 2015 жыл?ы Жолдауы ?алай аталады? (Н?рлы жол болаша??а бастар жол» Жолдауы).

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих ?асырлар ку?сі (?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)»

(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)
Тақырыбы: «Тарих - ғасырлар куәсі»
Мақсаты:
-Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
-тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекілік: «Қазақ елі», қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)
Барысы:
1-жүргізуші:- Құрметті,ұстаздар, оқушылар , бүгінгі кешіміздің тақырыбы
«Тарих - ғасырлар куәсі». Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келдіңіздер!
- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).
- 2015 жылы қандай атаулы мерейтойлар тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы).
2-жүргізуші: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

1-жүргізуші:
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

2-жүргізуші:
Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.

1465ж-1466 жылдары Керей хан мен Жәнібек хан қазақ хандарының алғаш шаңырағын көтерген.Тәуке хан, Абылай хан тұсында «алтын ғасыр» деп атаған немесе қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман болған.

1.-жүргізуші: Көрініс: Әбілмансұрдың «Сабалақ» атануы.

(Төрде Төле би), қасында 1-2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ-сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бала кіреді.)

(«Қорқыт-қоңыр» күйі қобыздың орындауында).

Бала:-Ассалаумағалейкум, биеке ! ,-деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би сынай қарап:

Қай баласың, аты-жөнің,

Барма еді әке-шешең, аға, інің?

Адам болсаң-хан текті, құста-сұңқар,

Байқасам, келіседі соған түрің.

Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, Төремісің, Қарамысың,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?

Бала: Атым да, жөнім де жоқ бір баламын,

Дәм айдап тентіреген бейшарамын.

Әке-шешем, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз қойсаңыз құп қыламын.

Төле риза болып: Ендеше, «Сабалақ» болсын сенің атың,

Сөзің пысық, жауабың берген батыл.

Қой жайсың, байқармыз одан әрі,

Сынақтан өтіп жатса мұның затын.

(Сабалақтың мойнына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады).

Төле би:

Артынан бақылаңдар баланың бұл,

Келбеті ақ сұңқарға ұқсап ол тұр.

Түбінде сыннан өтіп білінер бұл,

Тұқымы екендігі асыл тектің.

2-жүргізуші: «Абылайдың таққа отыруы» атты көріністі тамашалаңыздар!

(Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр).

Әбілмәмбет: Шырағым неге шаптың Абылайлап,

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап,

Әкең кім? Ел-жұртың кім,туғаның кім?

Жөніңді бастап аяқ айтшы жайлап.

Сабалақ:

Жан аға,қазақ-қалмақ ерегесі,

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай- атам, мен оның немересі.

Шын атым-Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, әкем аты-Уәли хан,

Дариға-ай , кез кеткен соң шығады ойдан.

Әбілмәмбет:-Қарағым, анықсың ба Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенін түрінде тұр.

( Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі.)

Әбілмәмбет:-Жамағат,тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жартыпты артық жан ғып.

Мен дағы қартайып ем , еріншектеп,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.

(Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.Осы кезде билер, батырлар сахнаға шығады, Бөгенбай батырдың қолында ақ ту болады.)


1- жүргізуші: Абылай хан сайланады.

Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.

Жақыннан тынышытпайды қалың қалмақ.

Артында ор, алдында кер, жан-жағы жау,

Дағдардан алаш енді қайда бармақ ?

Абылай отызға жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады.Абылай бірінші ел билігі, екінші қарулы күш болуы керектігін түсінді.Төле би, қаз дауысты Қазбек би, Бұқар жырау,оның ақ туын ұстаушылар қаракерей Қабанбай батыр, қанжығалы Бөгенбай батыр, шапырашты Наурызбай батыр сияқты қолбасшылары болды.

Олай болса қазақ билерінің өсиет сөздеріне құлақ түрелік.

Төле би

Бір бала бар атаға жете туады,

Бір бала бар атадан өте туады.

Бір бала бар кері кете туады,

Атадан жақсы ұл туса,

Елдің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің ең соңы болады.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда

Пана болмаса өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бас, миың.

Әйтеке би:Әйтеке би жаман мен жақсыны жіктей келе былай деген:

Жақсы деген адамының

Алды-арты бірдей анық болар.

Жақсы деген ісінің

Бас-аяғы қанық болар.

Жаман деген кісінің

Алды-арты бірдей жау болар.

Жаман деген ісінің

Бас-аяғы бірдей дау болар.

2-жүргізуші:

Батырлар «Абылайлап» асығыпты,

Ойына алмайды екен асылықты.

Жасап тұрған жауына қарсы шауып,

Қалмақты Алатаудан асырыпты.

Қалмақтың ханы Қалдан Церенге малдан бөлек, сол шабылғанның ішінде бірталай ұл мен қыздар кетіпті.Солармен бірге Абылайханда тұтқынға түседі.Соны сұрасып, қазақтан елші жіберейік деп қазақ билері Қазыбекті жіберген еді.

Көрініс:(Сахнада қонтайшы отыр.Қарауыл кіріп келеді) Баяу күй ойналып тұрады.

Қарауыл:Күн нұрынан жаралған ұлы қонтайшы ием! Қазақ хандығынан Қазыбек би бастаған елшілік келіп тұр.

Қонтайшы:-Кірсін!

Қазыбек келіп:-Мен Қазақ елімнің аманатын алып келдім , кешегі соғыста тұтқынға түскен ұл-қыздарымызды , басшысыз ел жетім демекші, Абылай ханды тұтқыннан босатып , елге қайтару үшін келген елші болам.

Жөн сұрап барған Қазыбекке қонтайшы:-Кешке шейін бір жауап қайтарамын , жауап қайтпай қалатын күн болса , ат-тонның амандығында елінді тапқаның теріс болмас.

Сонда Қазыбек:-Біз қазақ деген мал бақан елміз, (Ерболат)

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз,

Достығымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз,

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды,

Ұл-қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ болсаң,

Біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір болсаң, біз көмір

Еріткелі келгенбіз,

Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз,

Танымайтын жат елге, танысқалы келгенбіз,

Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.

Сен- қабылан болсаң, мен –арыстан,

Алысқалы келгенбіз.

Жас үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз,

Берсең жөндеп бітімің айт,

Не тұрысатын жеріңді айт!-дейді.

(Сонда қонтайшы не дерін білмей сасып қалады)

Қонтайшы: Осылардың өзі алыстан келген елшілер ғой, сұрағанын берерміз, алдымен қонақ үйге апарып, жақсылап күтіңдер.

(Қалмақтар тұрып):Ал, қазақтар, қонақ үйге жүріңдер!

Көрініс: «Абылайдың өсиеті»

(Төрде басын ұстаған Абылай хан отыр, жанында Бұқар жырау)

Бұқар жырау:

Уа, Абылай, төрт құбылаң сай, 70-ке тарта ұл-қызың бар, еліңді жаудан азат еттің, енді арманың не ? Тыншитын кезің болды емес пе ?

Абылай хан:

Иә, иә, мені тыншытатындай не хал бар енді ? Қазақтың арқасын тамға,аузын нанға жеткізгем жоқ . Елімнің бірлігін сақтар тірлікке жеткізбедім. Елімді екі бірдей айдаһардың ортасында қалдырып барамын.

Бұқар жырау:

Уа, Абылай хан хан, ием,

Асқар таудай алып ең.

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең,

Өзіңді-өзің танып ең,

Намыс отын жағып ең,

Уа Абылай, хан ием,

Қорғаным ең , бағым ең- деп орнынан тұрып шығып кетеді.

Абылай хан орнынан тұрып:Уа, халқым, бірлігіңді сақта, жеріңді сақта, елдігіңді сақта, менің айтар өсиетім осы,- деп шығып кетеді.

1-жүргізуші: Абылай Бұхар жырау жайында сақталған аңыздар.

Түнде түс көрдім, дейді Абылай.Табытта жатыр екенмін.Басыма ілінген үшжүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр.Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім бұтағым.Уәлиден тараған бір үрім бұтағым маған құран оқып жатыр.Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап тұр.Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтыламын деп жанталасудамын.Осы түсімді жорып берші Бұхар аға!- дейді қатты толқу үстінде отырған хан.

Бұхар біраз тұнжырап тұрады да, біраздан соң:

Түс жору түлкі аулағанмен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін.

Сөйлеңіз көмекей әулие,- дейді Абылай.

Қырыққа келмей табытта жатсаң - өмірің ұзақ болады екен.Басыңа жалау тігіліп, үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге бірден хан болады екенсің.Бірақ хан атына ие болғанмен, халқыңа ие бола алмайды екенсің.Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен.Табытта жатып, екі бүйіріндегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң,өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің.Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан тараған бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан щыққан бір ұрпағың атын майданда қалдырады екен, депті.

Сонда мен өзім қайда қаламын ?-депті Абылай.

Оған Бұхар жырау:

Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың, деген екен.

Осы ел ауызда сақталған, хан мен жырау арасындағы болған әңгіме сол өз тұстарынан бастап, бүгінгі дейін естіген адамды толғантпай қоймайды.Болжаудың күші жүрек тебірентетін шындығында , ел арасында қалыптасқан психологиялық формасын тауып, түстің құпиясына үңілу арқылы халыққа саясаттың бетін ашып , жүрегіне ауыз бірлік ұялату мақсатында. Қазақ халқының кейінгі тағдыры , үш жүздің ауызбірлігі туралы нақыл өсиет. Ханның өзіне егер ісіңді халық ұнатса ғана халықтың жүрегінде қаласың деп берілген бағдар.

2-жүргізуші:«Қоржын» ойыны ( Қоржыннан асық алып сұраққа-жауап береді)

1.Жұма күндері қазақтардың баратын жері (мешіт)

2.Өмірде не жетім ?

Өмірде тоғыз жетім бар.

Халқына сенімсіз болса –хан жетім.

Ханы ақылсыз болса –халқы жетім.

Кеңесшісі ақылсыз болса- әкім жетім.

Суы жоқ құдық –жетім.

Ұлы жоқ әке - жетім.

Қызы жетесіз болса ана - жетім.

Шәкіртсіз ұстаз – жетім.

Ата- анасы жоқ бала- жетім.

3. Жоқты бар , ашты тоқ ететін кім ?

Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек.Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды , қатықсыз айран ұйымайды.

3. Елді кім, үйді кім бүлдіреді ?

Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Әкім ақылсыз болса - ел тозады , өсек әкімді өсірмейді.

4. Үйдегі алтын қазық кім ?

Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі .Ана- ақылшың , әке- қамқоршың.

5.Батырлар туралы мақал-мәтелдер айту

1- жүргізуші: Абылай бабаның аңсаған арманыңа да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды , басқа ұлттармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік.Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз.Олардың аруағына сыйына отырып , істерін алға жалғастырып келеміз.Халқымыздың бір туар ұлдарының бірі , тұңғыш президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқа ұлттармен достық қарым- қатынасын нығайтып , дүниежүзі қазақтарының басын қосып отыр. Осы күннің нұрындай біз аталар өсиетін өз бойымызға сіңіріп, Қазақстанның гүлденуіне ат салысайық !

Осымен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шарамыз аяқталды.


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тарих ?асырлар ку?сі (?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ына орай)

Автор: Сагадиева Бинур Назатхановна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства