Просмотр содержимого документа
«Дарабоз интеллектуалдық ойыны»
Тақырыбы: «Дарабоз» танымдық ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушылардың арасынан озық ойлы дарабозды анықтау, оқушылардың алған білімін қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабіліетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын сабағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі, биология, география,әдебиет.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұзтаздар,оқушылар,сайысқа қатысушылар!
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Мектептің дарабозы деп жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті
Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші
Сайыстың шарттары:
1. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топтың аты,ұраны
2. «Сіз танисыз ба?»
3. «Білім бәйгесі»
4. «Елтану»
5. «Қызыл жәшік»
Жүргізуші:
Ойын тасқын, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады қапталыста. Ойын толық жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жеңістің мынау шыңына деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық
1 топ
2 топ
Сайыскер сіздерге сәттілік тілейміз
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар
Жеңімпазды бүгінгі сайыстағы,
Әділдікпен сынасын тапсын олар, дегендей кез- келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ.Әділ қазылар:
1.
2.
3.
Жүргізуші:
1-бөлім. «Сәлем сөздің анасы»оқушылардың өздерін таныстыруы.
2-бөлім «Сіз танисыз ба?» оқушыларға әртүрлі белгілі тұлғалардың суреті көрсетіледі,оның кім екендігін табады.
4-бөлім «Білім бәйгесі» Бұл айналымда оқушылар әр түрлі пәндерден сұрақтарға жылдам жауап беруі керек.
Қазақстан тарихы
1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? (“Отырар опаты”) 2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? Елтаңбаларды 3.Есім ханның заңдар жинағы қалай аталады? (Есім ханның ескі жолы) 4. Ең ұзаққа созылған ежелгі дәуір. (тас дәуірі) 5. Тарихтың атасы (Геродот)
Қазақ тілі
1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң ) 2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер ) 3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер) 4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (синтаксис ) 5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
География
1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі ) 2. Жердің кішірейтілген моделі қалай аталады? (глобус ) 3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов) 4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия) 5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )
Қазақ әдебиеті
1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық ) 2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин ) 3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев) 4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев ) 5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған, балалар ақын (М. Әлімбаев )
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.
Көңілін халықтың таптың бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін
Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайық оқушылардың тапқырлығын.
4-бөлім «Елтану» ойыны Әрбір топқа тақтада елдердің мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақта құралдарын пайдалана отырып, елді табу керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 1 ұпай.
5-бөлім.:«Қызыл жәшік» ойыны
І топқа: Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия. Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз. Жауап: Сарымсақ
ІІ топқа: Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны - Қытай Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі. Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады. Жауабы: Шай
І топқа: Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте Жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы. Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген. Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады. Жауап: Лавр жапырағы.
ІІ топқа:
Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер болсақ, ежелгі Қытайдың патшалық кітапханасында бұл өсімдік туралы 600 кітап болған екен Б.з.д. 372-287 жылдары өмір сүрген Теофрастбұл гүлдің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген.
Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің ақ, қара,меруерт деген түрлері бар. Екінші көмек: Шамамен 25000 сұрпы бар.Гүлдердің патшайымы. Жауап: Раушан гүл