Арайлымның биылғы оқу жылындағы жетістігі қалалық «Абай оқулары» байқауының «Асыл сөзді іздесең» номинациясы бойынша І орын иегері. Оқу озаты. «Ақбота» би ансамблінің үздік бишісі. Өмірлік ұстанымы :
Қандай сынақ болсадағы беріспе,әрқашан да үміткер бол жеңіске.
Оқу екпіндісі. Салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың қазақша күрес түрімен айналысады. №2 ОҒӘК өткен қалалық «Ыбырай әлеміне саяхат» атты сайыстың жеңімпазы
Өмірлік ұстанымы :
1.Досқа жан –тәнімен берілу сенімді тірек,бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек
Қазақ тілі пәнінен облыстық пән олимпиадасының І орын, Республикалық «Тарих ата» олимпиадасының ІІ орын, республикалық және халықаралық «Ғұмырдария» ән-жыр сайысының ІІ орын иегері.
Өмірлік ұстанымы :
Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.
Қазақ тілі пәнінен қалалық пән олимпиадасынан ІІ орын жүлдегері, қалалық ғылыми жобалар қорғау сайысында ІІ орын, қашықтықтан өткізілген «Мен мамандық таңдаймын» тақырыбындағы республикалық интернет байқауында І орын, тарих пәнінен өткізілген қашықтық олимпиаданың ІІІ орын иегері.
Қазақстан тарихы пәні бойынша аймақтық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы, тарих пәнінен қалалық пән олимпиадасының І орын иегері, мектепішілік қоғамдық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.Биология пәнінен рейтингтік олимпиадада ІІІ орын иегері
Өмірлік ұстанымы :
Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген даналық сөзі.
Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар
Кім өнерлі,кім тапқыр- шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық саналар –
дегендей кез – келген сайыс бағалануы тиіс.Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады.Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі,біз де сол үрдіс бойынша әділдігін айтып,тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ. (Әділ қазылар алқасын сайлау)
Гимназия директоры Кисикова А.Ж.
Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Әбдібекова Ж.Т.
Ағартушы ғалым Ы.Алтынсариннің «Бір аллаға сиынып, Кел балалар, оқылық!» — дегеніндей, Бір аллаға сиынып, сайысымызды бастайық!
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Мұнда әрбір сайыскерге 3 cұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділ қазылар алқасы 10 ұпайға теңестіреді.
I кезең: «Бәйге» сұрақтары:
№1 ойыншыға : (Арайлымға)
Ы.Алтынсарин қай әдебиетті негізін салушы ? (балалар әдебиеті)
Ыбырайдың табиғат лирикасына арнаған бір өлеңін ата («Өзен», «Жаз»)
Ыбырайдың әкесінің аты кім ? (Алтынсары)
№2 ойыншыға :(Әлиасқарға)
Ыбырай әкесі қайтыс болғанда неше жаста еді. (3-4)
Ыбырай Орынбордағы мектепке қай жылдары түсіп, қай жылдары бітіреді. (1850-1857)
«Қазақ хрестоматиясын» шығарған жылы ? (1879)
№ 3 ойыншыға (Аружанға)
Ыбырай кімнің тәрбиесінде болған? (Балғожа бидің)
Тұңғыш педагогтың өмір сүрген жылдары (1841-1889)
Тұңғыш мектеп ашқан жері (Торғай)
№4 ойыншыға : (Ақеркеге)
Еңбекке баулитын бір әңгімесін ата (Қыпшақ Сейтқұл, Атымтай Жомарт)
Ы.Алтынсариннің туған жері (Қост.обл. Затабол ауданы)
Ыбырайдың оқу, білім туралы өлеңі бар ма ? Қандай ? (Өнер-білім бар жұрттар)
№5 ойыншыға : (Арунаға)
Ырғызда қай жылы мектеп ашты және қандай мектеп еді? (Қыздар мектебі, 1887ж)
Торғайдан ашқан алғашқы мектепте қанша қазақ баласы білім алады? (14)
«Аурушаң әлсіз, дос, аю» деген тірек сөздері бар әңгімесі қалай аталады? (Жаман жолдас)
№6ойыншыға : (Әнияға)
1883 жылы Торғайда ашқан мектебі қалай аталады ? (қолөнер мектебі)
Орынбор шекаралық комиссиясына тілмаш болған жылы ?(1859)
Ыбырай әңгімесіндегі аяғын сындырып алатын кейіпкердің аты кім еді ? (Сейіт)
II кезең « Мен таңдаған ұяшық»
Сараланар сайыскерлер білімі
Білімділер озар бүгін ілгері
Қазір «Мен таңдаған ұяшық» айналымы. Бұл айналымда ұпайлар астында сұрақтар Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тақырыптары жасырылған, сол тақырыптың тәрбиелік мәнін айта отырып, сол тақырыпқа байланысты мақалдар айтуы керек. Қанша мақал айтса сонша таңдаған ұпайына 10 ұпайдан қосылып отырадыЕскерте кететін жағдай осы кезеңнің соңында (Ұпай саны аз оқушы ойыннан босатылатын болады)
30- «Қанағат» қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар
30- «Әке мен бала» жалқаудың жаны,еңбектің наны тәтті
Тақырыпқа байланысты қанша мақал айтады соншы 10 ұпайдан қосылады.
IІІ кезең «Шағын әңгіме шебері» бұл кезеңде оқушыларға әңгімеден үзінді оқылады, Оқушылар әңгіменің атын табулары керек.
1-ойыншы
1. Бір жұрттың бас әкімі, екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді. Қай әңгімеден үзінді (Әдеп)
2. Бұл ақыл сөз екен. Мұнан мұрат сол: сен де адам тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма. Қай әңгімеден үзінді (Таза бұлақ)
2-ойыншы
Бір қарт күні бойы тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп, қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанынан қарап тұрады екен. Қай әңгімеден үзінді ( Білгеннің пайдасы)
Хусейн қазының терезесінің түбіне келіп, екі жаман киімді тіленші келіп:
Құдай үшін , қайыр беріңіз?,_ деді
Құдай өзі берер, барыңыз әрі,- деді қазы Қай әңгімеден үзінді (Әділдік)
3-ойыншы
Өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Қай әңгімеден үзінді (Атымтай Жомарт)
Олай болса шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Қай әңгімеден үзінді (Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш).
4-ойыншы
Біраз жер жүрген соң сүрлеу екіге айырылады. Енді қайсына түсеміз деп тұрды да, біреуіне түсіп алып жүре берді. Қай әңгімеден үзінді (Асан мен Үсен)
Сол данышпан кісінің ақылымен , егінді әдет еткен халық Қабырға суының бойында әлі көп жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады. Қай әңгімеден үзінді (Қыпшақ Сейтқұл)
5-ойыншы
Қытай жұртында ескі заң бар. Біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Қай әңгімеден үзінді (Мейірімді бала)
Бір бала орам үстінде жүгіріп бара жатып, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қапты. Қай әңгімеден үзінді (Аурудан аяған күштірек).
6-ойыншы
Шешесі қыз баласынан сұрады:
Берген ақшамды қайда қойдың ?
Біреуге бердім
Кімге бердің?
Бір тентек балаға бердім.
Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың. Қай әңгімеден үзінді (Шеше мен бала)
Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күн шіркеуде тұрғанда, көп адамның артқы жағында үңіліп, патшаға қарап , бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп,ақырында сол бала, бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған. Қай әңгімеден үзінді (Талаптың пайдасы)
ІІІ кезең соңында сайысқа қатысушылардың ұпай сандары хабарланып, ұпайы аз оқушы ойыннан босатылады.
ІV кезең «Кім ұтқыр?» ұяшықты таңдау барысында ұяшықтан шыққан суреттегі Ыбырайдың шығармасын жатқа айту. Қанша ұпайды таңдайды, егер дұрыс жауап берсе сол ұпайды иеленеді.
(Ұпай саны аз оқушы ойыннан босатылады. )
20
25
15
5
10
V кезең «Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні» ойынның жеңімпазы атанған оқушы өзінің эссесін оқып береді.
Қорытынды:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Оқушылар дарабозы деп жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші.
Құттықтайық ал енді,
Дарабоз болған ұланды.
Өрге жүзіп өнерлі,
Тауға өрлесін талабы.
Қуаныштан жанары Шоқтай болып жанады, — дей отырып бүгінгі «Дарабоз — 2016» атты танымдық ойынымызда өз мәресіне келіп жетті.Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріліп,ойынның жеңімпазы анықталады. "Дарабоз – 2016» грамоталармен марапатталады.
Алтынсаринға арнау
Алтынсарин халқымның ұлы ақыны Алтынсарин білімнің құштарлығы халықының көзін ашып, еңбек еткен Алтынсарин даламның алтын бағы. Ашылған алғаш мектеп Торғайында оқыған 14 бала сарайында аямай балаларға берген білім жас ұрпаққа бүгінде болар ілім. Мүсіні Қостанайдың ортасында денесі оның Тобылдың жағасында ұрпағы артындағы мақтан етер Қазақтың алып тұлға данасына Ақылбек Шаяхмет.