kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ғажайып суретшілер әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ 5-6 сынып оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ғажайып суретшілер әлемі"»

Көңілді суретшілер, Квест ойыны «Ғажайып сурет әлемінде» .

Мақсаты: Оқушыны жан-жақтылыққа, шапшаңдылыққа, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге  тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: Әр топқа алдын ала дайындалған бөлек тапсырмалар (белгілер, филлворд сөзжұмбағы, сиқырлы жазба, пазл, құпия сурет), топтарға таратылатын  А3 формат қағаздары, желім, акварель бояулары, қылқалам, суы бар ыдыс, маркерлер, скотч, қағаздан жасалған 3 топтың қоржындары (әріп жинау үшін), бейджик, айналар, Ә.Қастеевтің бейнесі (соңында ілінеді). 

Өткізу барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Мына қораптан бейджик таңдап, үш топқа бөлінесіңдер (қызыл, сары, көк).

 
 ІІ.Негізгі бөлім.

Жүргізуші:

-Қайырлы күн, балалар!  Бүгінгі шара квест ойын түрінде өтеді. Квест – шытырман ойын. Ойын барысында қатысушы немесе топ мақсатқа жету үшін белгіленген кедергілерден өтуге тырысады. 

-Ойын белгілі бір құпия тұлғаға арналады. Тапсырмалар орындау арқылы осы тұлға жайлы мағлұмат алып, қоржындарыңа әріптер жинайсыңдар, әріптерден сөз құрастырасыңдар. Ойын соңында тақтамыз жауаптарыңмен толып, құпия кейіпкерді табатын боласыңдар. Ал, іске сәт!

 

І тапсырма «Белгілер» 

Шифрдің кілті 

-Әр топқа белгі суреттері бар қағаз таратылды. Белгінің орнына сандар қойсаңдар, тұлғаның өмір жылдарын біле аласыңдар. Ол үшін мына шифр пайдалану керек. Кім жылдам? (дұрыс жауабы: 1904-1973). Құпия тұлға қай жылдары өмір сүрді, неше жасында қайтыс болды? Биыл неше жасқа толар еді?

-Жақсы,  тапсырма дұрыс орындалды, әріптеріңді қоржындарыңа салып қойыңдар (Әріптерді 3 топқа бөліп, бір сөз шығатындай етіп таратып отыру керек, ойын соңында топтар «Суретші», «Әбілхан», «Қастеев» деген сөздерді тақтаға іледі).

 

 

ІІ тапсырма «Филлворд»

Ж

Е

Д

У

П

Г

Ш

С

Л

О

Г

С

У

Р

Е

Т

Ш

І

Э

П

Р

М

И

И

Й

Т

Ь

Б

Ж

О

А

Ы

Я

Т

З

У

Ц

Ю

Й

Р

Ф

А

К

В

А

Р

Е

Л

Ь

Т

И

Ч

К

Н

Ж

Н

Е

Х

П

Р

К

Е

С

К

І

Н

Д

Е

М

Е

А

Й

Р

Т

Т

Ь

К

Д

У

Т

 

-Филлворд – сөзжұмбақтың бір түрі. Көптеген әріптер арасынан керек сөздерді табу керек. Барлығы 6 сөз. Қане, кім жылдам?

(суретші, акварель, пейзаж, портрет, графика, кескіндеме). Сонда құпия кейіпкер туралы не айталасыңдар? Ол кім болған? (жауаптарды тақтаға іліп қою) Дұрыс, қоржыңдарың тағы әріптерге толды.

 

ІІІ тапсырма «Сиқырлы жазба»

- Келесі кедергі «Сиқырлы жазба» деп аталады, кім оқып бере алады? (жазба керісінше, тек айнамен оқылатындай жазылу керек). Бұл жазбаны оқу үшін мына жұмбақты шешу керек. 

Қарап тұрсаң өзіңе, 

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Тура сенің өзіңе. (айна)

-Ол не? Дұрыс, айна. Ал, енді ойланып көрейікші, айнаның бұл тапсырмаға қандай қатысы бар? (айна арқылы оқу керек). 

Алдарыңда А3 форматы мен маркер бар, айна арқылы оқыған мәтінді көшіріп тақтаға ілесіңдер. 

І мәтін: Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Небәрі үш жасында әкесінен айырылып, анасына көмектесіп жүріп ерте есейеді. Қой бағып, жалшы болып, жер жыртып, түрлі қара жұмыс істейді. 

ІІ мәтін: Еңбек жолын Түрксіб темір жолынан бастаған. Арасында демалған уақытында тасқа сурет салады. Бірде тастағы салған суреттерін бастығы көріп қалып, суретшіні Алматыға оқуға жібереді. 

ІІІ мәтін: Осылайша мектепте оқи бастағанында жасы 25-те еді. Мектеп директоры оны Н. Хлудов есімді суретшімен таныстырады. Хлудов ауылдан шыққан баланың талантына қатты таңғалған.

-Міне, балалар, тағы да бір қызықты мәліметті таптыңдар. (Әріп алады).

 

IV тапсырма «Пазл жинау»

-Келесі кедергі «Пазл жинау» тапсырмасы. Файлдың ішіндегі бөлшектерді ретімен құрастырып, суретшінің шығармаларын көре аласыңдар. (А3 парағына бөлшектерді жабыстырады).

    

-Дайын суреттерді тақтаға ілуге болады. Суретшінің қандай туындылары бар екен? (суреттердің астында жазылып тұрады). 

V тапсырма «Сыңарын тап»

-Берілген сөздерді мағынасына қарай қосыңдар.  

 

Таудың                                      құлағынан Таудың бұлағынан

Қойдың                                      киізінен Қойдың құлағынан,

Әжемнің                                    бұлағынан Әжемнің киізінен

Ешкінің                                     мүйізінен Ешкінің мүйізінен.

 

Осы сөздердің құпия кейіпкерге қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Ауылдан келген қарапайым баланың өнеріне таң қалып, «Бұл өнерді қайдан үйрендің» деп сұрақ қойған Сурет студиясының үйретуші Николай Хлудов. Сонда біздің кейіпкеріміздің жауабы осы болған екен.

 

VІ тапсырма «Құпия сурет»

-Ал келесі кедергі «Құпия сурет» деген тапсырма. Алдарыңда акварель бояуы, қылқалам мен қағаздарың дайын. Екі түсті бояу арқылы қазақтың оюын салып,   тапсырманың неге «Құпия сурет» аталатынын түсінесіңдер (алдынала әр қағазға майлы бормен (восковые мелки) 1984 ж. , Мұражай ,  Алматы деген сөздер (әр топқа бір жазудан)  жазылып тұрады, бояу жазуға жұқпайды).

-Бұл сөздердің құпия тұлғамызға қандай қатысы бар? Иә, осы кісінің есімі 1984ж. Алматы қаласында Өнер мұражайына берілді.

 

-Ал, балалар, тапсырмалар орындалды, тақтада барлық мәліметтер көрсетілген, мүмкін өздерің де түсінген де шығарсыңдар қай тұлға туралы айтып отырғанымызды. Қоржындарыңды ашып, жинаған әріптеріңнен сөз құрастырып көріңдер. Не шықты? (Суретші, Әбілхан, Қастеев). Соңғы таратылған әріптің артындағы QR cod арқылы суретшінің бейнесін, аты-жөнін көре аласыңдар. Ол кім екен? Дұрыс, бүгінгі барлық тапсырмалар Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісіне арналған (тақтаға Ә.Қастеевтің бейнесі ілінеді).

-Ойын барысында біраз мәлімет алып, суретшінің шығармашылығымен таныстыңдар, әрине бұл ақпарат толық емес. Суретшінің басқа да танымал туындыларымен, туындылары шыққан тарихымен ғаламтор арқылы таныса аласыңдар.

-Ойынға белсенді қатысып, білім-өнерлеріңді көрсеткен үшін барлықтарыңа Алғыс хат беріледі. Жеңістерің құтты болсын, балалар!

 





«SMART - BILIM» мектеп гимназиясы















Шебер класс

«Зергерлік – атадан қалған мұра»











Өткізген : Имандосова Ж























2024 жыл






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Искусство

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"ғажайып суретшілер әлемі"

Автор: ИМАНДОСОВ БАУЫРЖАН ОНГАРБЕКОВИЧ

Дата: 31.05.2024

Номер свидетельства: 651914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""С?йікті ертегілерімізді? кейіпкерлері" "
    ["seo_title"] => string(44) "suiikti-iertieghilierimizdin-kieiipkierlieri"
    ["file_id"] => string(6) "200120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428733186"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "План-конспект "Натюрморт және композиция" по художественному труду для 5 классов"
    ["seo_title"] => string(80) "plan_konspekt_natiurmort_zh_ne_kompozitsiia_po_khudozhestvennomu_trudu_dlia_5_kl"
    ["file_id"] => string(6) "523972"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1571880753"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ғажайып сурет әлемінде""
    ["seo_title"] => string(22) "gazhaiyp_suret_leminde"
    ["file_id"] => string(6) "532702"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1576702141"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бейнелеу   ?неріні?  т?рлері"
    ["seo_title"] => string(29) "bieinielieuonierininturlieri1"
    ["file_id"] => string(6) "302183"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457085149"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бейнелеу өнерінің түрлері"
    ["seo_title"] => string(30) "bieinielieu_onierinin_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "404406"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490761840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства