Просмотр содержимого документа
«Жергілікті жердің планын сызу»
Тақырыбы: Жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, сызбанұсқаларды оқу
Мақсаты
Жегілікті жерді планға түсіру әдістерімен таныстыру,олардың негізгі ерекшеліктерін көрсету.Планды оқи білуге, шартты белгілермен жұмыс істей білуге жаттықтыру.
Оқу құралдары
Жергілікті жердің планы, оқулық, суреттер, жұмыс дәптері, тұсбағдар
Оқыту іс-әрекеттері.
Жаңа тақырып
1.Жаңа материалды меңгеру жоспары:
1)жергілікті жерді кескіндеу әдістері;
2)Айнала нысаналу әдісі;
3)Қималар әдісі;
4)Көлденең сызықтар әдісі;
5)Айналып шығу әдісі.
2.Сыныпта атқарылатын жұмыс:
1) «Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру» тақырыбын түсіндіру.
2)Оқушыларға планға түсіретін жерлер туралы мәліметтер беру,оны қандай әдіспен түсіру керектігін ескерту,түсіндіру.
3)Планшетті әзірлеу.
4)Сыныпты 3 топқа бөлу.
3.Жергілікті жердегі жұмыс:
1)Планшетті бағдарлау.
2)Өз тұрған жерін бағдарлау.
3)Бағытты наықтау.
4)Планшетке нысаналу.
5)Қашықтықты өлшеу.Масштабқа сәйкестендіру.
6)Объектілерді шартты белгілермен белгілеу,түрлі түсті қарындашпен бояу.
Қорытынды
-Жергілікті жердің планын орындағанда планда кескіндеудің қай әдісін қолдану қолайлы? Неліктен?
-Мектептен үйіңе дейінгі жолды,жергілікті жерді кескіндеудің қай әдісімен планға түсірер едің? Себебін түсіндір.
Үйге
§10 29-31 б.б. 32 бетте тапсырма (а)
24-28 суреттерді түсіну.
Сыныбы 6Күні___02.10.14______
Тақырыбы:Жергілікті жердің планын түсіру, негізгі тәсілдер мен іс-әрекеттер
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жергілікті жердің планы, шартты белгілер жөнінде түсіндіру.
Дамыту:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:Жергілікті жердің планыментанысқан тұлға