| Сабақ: Информатика Тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау | Мектеп: |
| Күні: | Мұғалімнің есімі: |
| Сынып: 8 |
| Сабақ негізделген оқу мақсаты | Қайталау операторлары туралы түсінікті бекіту. For операторының жазу жолы, программа құрудағы қолданысы жайлы түсінік қалыптасады. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
| | Алгоритм жазуды іс жүзінде қолдану. |
| Оқушылардың басым бөлігі: |
| Есепке циклді қолдану мүмкіндігін талдайды |
| Кейбір оқушылар: |
| Мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап,компьютерден нәтиже алады. |
| Тілдік мақсат | Оқушылар: |
| | Негізгі сөздер мен тіркестер: |
| Цикл, ілесу шартты, алғы шартты. For, Repeat, Wheal операторлары |
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
| Талқылауға арналған тармақтар: |
| Қайталау операторларының қолданылу жағдайы Үш оператордың айырмашылығын |
| Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
| Қайталану командалары не үшін қажет? Циклді алгоритмдер дегеніміз не? |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: |
| Параметрлі операторының жазылуы. Анықтамасы. Программада қолдану жолдары |
| Алдыңғы оқу | Цикл, ілесу шартты, алғы шартты. For, Repeat, Wheal операторлары |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Бағалау | Ресурстар |
| Басталуы (2мин) | Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.Топқа бөлу | | |
| Үй жұмысын тексеру (2 мин) | "Дұрыс, дұрыс емес" әдісі | Жеке жұмыс (Әр жауапқа 1 ұпай) Топ басшылар бағалау парағын толтырады | 8-сыныпқа арналған Информатика оқулығы |
| Ой толғау (1 мин) Білімді өзектендіру: | Қандай қайталану командаларын білесіңдер? Сұрақ - жауап арқылы сабақтың тақырыбын ашу | | |
| Ортасы (10 мин) Жаңа тақырып | Тақырып жоспары: 1. Қайталану командаларын түсіндіру. 2. Блок схема бойынша алгоритм құрау. 3. Паскаль программасын жазу. | | 8-сыныпқа арналған Информатика оқулығы |
| Шығармашылық қалыптастыру (15 мин.) | 1-топ – 1-ден 8-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару (a-дан b-ға дейін).Ерекшелігі: бірдей амалдар 8 рет орындалады. 2-топ- Экранға 1-ден 9-ға дейінгі тақ сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару.Ерекшелігі: цикл айнымалысы 2-ге артып отыру керек. 3-топ –1, 2, 4, 7, 11, 16, … тәртібімен орналасқан 10 санның квадраттары мен кубтарын есептеп шығару | Топтық жұмыс Тапсырманың мазмұнымен танысады. Постерге жазады,компьютерде орындайды.Топ басшылар бағалау парағын толтырады. (3 баллдық шкала) Топ бірін бірі бағалайды | 8-сыныпқа арналған Информатика оқулығы, смайликтер |
| Аяқталуы Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.). Бекіту | Деңгейлік тапсырмалар ABC деңгейі | Жеке жұмыс Топ басшы бағалау парағын толтырады | Жеке тапсырма парағы |
| Бағамдау - бағалау Рефлексия (2 мин) | Білім ағашы Не білдім? Не білгім келеді? |
| Бағалау (2 мин) | Жүйелеп нақты бағалаймын | Топ басшылар бағалау парағын толтырып мұғалімге тапсырады ( жинақтау бағалау) |
| Үй тапсырмасы (1 мин) | • Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы §17 Анықтамаларды жаттау. 89 бет Бақылау сұрақтары |
| • Бонус-балл тапсырмасы Осы тақырып бойынша 5 есеп шығару |
| Қосымша ақпарат Программалау жолдары паскаль |
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
| Информатика оқулығындағы деңгейлік практикалық тапсырмаларды орындату және тақырып бойынша қосымша электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындату. | Формативті бағалау: смайликтер, ауызша мадақтау және «Бағдаршам» әдісі арқылы. | Биология Математика Бейнелеу өнері |