Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Үй тапсырмасын тексеру:
- Алгоритм дегеніміз не?
А) іс-әрекеттің ретсіз орындаруы
В) іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы
С) тармақталу алгоритмі
D) қандай да бір іс-әрекеттің орындалуы
2. Алгоритмнің түрлері?
А) сызықтық, циклдік
В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдің
D) негізгі, қосымша
3. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым
А) Мухаммед Әл-Хорезми
В) Билл Гейтс
С) Лейбнец
D) Робертсон
4. Aлгоритмнің қасиеттер.
А) түсінікті, толық
В) негізгі, қосымша
С) қарапайым, күрделі
D) айқындылық, үзіктілік, нәтижелік, жалпылық, формалдылық
5. Тармақталу алгоритмінің негізгі түйінді сөздері
А) басы, соңы
В) алг, арг
С) егер, онда, әйтпесе, бітті
D) енгізу, шығару
- Жаңа тақырып
Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бәрнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдер деп аталады.
Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.
Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.
Қызыл асық табылғанша берілген мысалдығы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.
Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды. Блок – сызбада алгоритмнің шарты алтыбұршты фигураға жазылады.
Басы
Қоржынға қолды салып қызыл асықты табу
Жоқ
Табылды ма?
Соңы
Иә
25 сурет. Асықты іздеу алгоритмі
- Практикалық жұмыс. Оқулықтың 70 бетіндегі 4-6 тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты бекіту.
- Қандай алгоритмдерді циклдік деп атаймыз?
- Блок – сызбада алгоритмнің шарты. фигураға жазылады.
- Шарттың циклдің басында тексерілуі мүмкін және соңында тексерілуі мүмкін, екеуінің айырмашылығы неде?
- Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап келу. Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритмін және блок-схемасын құрастыру.
- Бағалау. Үй жұмысы және сынып жұмысы бойынша бағалау.