6 сыныпқа арналған осы сабақ жаңа технология элементтерімен енгізілген.Бұл сабақта әр деңгейлік тапсырмалармен құрастырылған.
Просмотр содержимого документа
«Нөмірленген, маркерленген тізімдер»
Жамбыл облысы
Тараз қаласы, Байзақ ауданы
Сарыкемер ауылы
Сарыкемер мектеп-гимназиясы
Информатика пәні мұғалімі
Кырданова Меруерт Жамбыловна
Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Күні:
Сабақтың тақырыбы
Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
Жалпы мақсаты
Мәтіндік редакторда құжаттарды қарапайым тізім және маркерленген тізім түрінде жаза алады; ақпараттық сауаттылықтары артады
Оқу нәтижелері
Сабақ түрі:
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Мағынаны тану,Деңгейлік тапсырмалар.Сәйкестендіру тесті
Көрнекілігі
ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер,
Түйінді идеялар
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5 мин
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Сен қайдасың?»
Сәлем достым (қол беріп амандасу)
Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
Жақсы болды (қол шапалақтайды)
Қаріп, интервал сөздерімен сыныпты 2 топқа бөлу.
Тұсаукесер
Уақыты: 5 мин
Миға шабуыл.
«Сиқырлы қорапша» ойыны (Үй тапсырмасы)
Оқушылар өздері параққа үй тапсырмасынан бір сұрақ жазып,қорапшаға салады.Араластырып оқушылар таңдап алып,жауап береді.
Негізгі бөлім
Уақыты:25 мин
Мағынаны тану.
1-топ: «Нөмірлеген тізімдер»
2-топ: «Маркерленген тізімдер»
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.(Топшамалар тарату)
А деңгейі
Өлшемі 12, стилі курсив, номерлеуді қолданып отбасы мүшелерінің есімін жаз.
В деңгейі
Өлшемі 16, стилі асты сызылған, нөмірлеуді, маркерлеуді қолданып, бір күннің сабақ кестесін жаз
С деңгейі
Өлшемі 14, стилі жартылай қарайтылған, сол жақ шетке туралап, нөмірлеуді, маркерлеуді қолданып сыныптың тізімін жаз
Қорытынды
Уақыты: 6 мин
1. Тақырып жолы дегеніміз? | Құжат пен программаның атын көрсетеді |
2. DOCx пішімі | Word 2007,2010 |
3. Нөмірленген тізім дегеніміз? | Нөмірленген абзацтар қатары |
4. Маркерленген тізім дегеніміз? | Әрбір пункті бірдей маркерлермен белгіленген абзацтар |
5. Жоларалық интервал | Абзацтағы мәтін жолдарының арасындағы қашықтықты вертикаль бойынша анықтайды |
6. Абзац дегеніміз? | Enter пернесін басқанда қойылатын ¶ белгісінің арасына қойылатын символдар жиынтығы |
7. Айналдыру жолағы | Терезедегі құжатты тігінен немесе көлденеңінен көруге мүмкіндік береді |
8. Лента дегеніміз | Қосымша бет, тортар және командалар |
Сәйкестендіру тесті
Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин
Информатика пәнінен өткен тақырыптарға 10 тест құрап келу
Бағалау
Уақыты: 2 мин
Бағалау парақшасына әр оқушы өздерінің жұмысын ұпай қою арқылы қорытындысын шығарады.
Бағалау парақшасы
Сынып: 6 А Аты-жөні: _____________________________________
Критерийлер | Ұпай | Дискрипторлар | 1 | 2 | 3 | 4 |
1. Үй жұмысын дұрыс орындау. | 1 | Сұраққа қиналып жауап берсем | | | | |
| 2 | Сұраққа толық жауап берсем | | | | |
2 Мағынаны тану | 1 | Тапсырманы қиналып жауап берсем | | | | |
| 2 | Тапсырманы толық жауап берсем | | | | |
3.Деңгейлік тапсырма | 1 | А-деңгейіндегі тапсырманы дұрыс орындасам | | | | |
| 2 | А,В –деңгейіндегі тапсырманы дұрыс орындасам | | | | |
| 4 | А,В,С деңгейіндегі тапсырманы дұрыс орындасам. | | | | |
4Сәйкестендіру тесті | 1 | 2-3 сұраққа жауап берсем | | | | |
| 2 | 4-6 сұраққа жауап берсем | | | | |
| 3 | 7-8 сұраққа жауап берсем | | | | |
Қорытынды ұпай | | | | | | |
Баға | 0 – 2 ұ «2», 3 – 5 ұ «3», 6 – 8 ұ «4», 9 – 11ұ «5» |