С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы
D. пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не?
E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?
F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай?
G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 – С
2 – Е
3 – Ғ
4 – В
5 – G
6 – D
7 – А
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)
Нөмірленген және маркерленген тізімдер,
бағандар, беттердің параметрлері. Жиек
Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.
Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.
Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.
Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан
Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.
Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.
«Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)
1-тапсырма Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:
Ақпараттың сенімділігі;
Ақпараттың толықтылығы;
Ақпараттың құндылығы;
Ақпарттың дер кезінде берілуі;
Ақпараттың түсініктілігі;
Ақпараттың қолжетімділігі;
Ақпараттың қысқалығы;
Ақпараттың нақтылығы;
VІ. Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма беру. Мәтін теру
Оқушыларды бағалау. Тапсырманы орындау деңгейіне қарай оқушыларды бағалау