Microsoft Excel 2007 ж?йесін шы?аруды жоспарла?ан кезінде ??растырушылар Microsoft Office ба?дарламасыны? негізгі ?осымшаларында ж?мыс істеуді ы??айлы жасау ма?саты ?ойылды. Н?тижесінде ?олданушылар ?шін Microsoft Office ?осымшаларымен ж?мысын ы??айлататын ж?не олар?а жа?сы н?тижелерді тез алу м?мкіндігін беретін Microsoft Office Fluent ?олданушы интерфейсі жасалды.
Microsoft Office ?осымшаларыны? алды??ы т?рлерінде ?олданушылар ?з ж?мыстарын орындау ?шін меню, ??рал- саймандар панелі, диалог терезесі ж?йесін ?олдан?ан. Б?л ж?йе ?осымшаларда шектеулі командалар саны бол?ан кезінде жа?сы ж?мыс істеген. Енді ба?дарламалар к?п функцияларды орында?ан кезінде, меню ж?не ??рал- саймандар панелі ж?йесі ондай жа?сы ж?мыс істемейді. ?те к?п ба?дарламалы? м?мкіндіктерді коптеген ?олданушылар?а табу ?иын.
Просмотр содержимого документа
«MS Excel 2007 -электронды? кестесі. »
Сабақ жоспары
Күні Пән Информатика Тобы
Оқытушының Т.Ә.А. Жакыпбаев Р.Е.
Сабақтың тақырыбы: MS Excel 2007 -электрондық кестесі.
MS Excel – электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың электрондық кесте туралы түсінігін қалыптастырып, электрондық кестенің ұяшық, ұяшық диапазондары, деректер түрлері, терезе элементтерімен, бағана мен қатарлар арқылы орындалатын амалдар, деректер типтері жайлы алғашқы ұғымдарды беру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,алған білімдерін нығайту,өз ойын толық айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға,еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, таза жазуға,уақытты тиімді пайдалануға,компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Microsoft Excel 2007 жүйесін шығаруды жоспарлаған кезінде құрастырушылар Microsoft Office бағдарламасының негізгі қосымшаларында жұмыс істеуді ыңғайлы жасау мақсаты қойылды. Нәтижесінде қолданушылар үшін Microsoft Office қосымшаларымен жұмысын ыңғайлататын және оларға жақсы нәтижелерді тез алу мүмкіндігін беретін Microsoft Office Fluent қолданушы интерфейсі жасалды.
Microsoft Office қосымшаларының алдыңғы түрлерінде қолданушылар өз жұмыстарын орындау үшін меню, құрал- саймандар панелі, диалог терезесі жүйесін қолданған. Бұл жүйе қосымшаларда шектеулі командалар саны болған кезінде жақсы жұмыс істеген. Енді бағдарламалар көп функцияларды орындаған кезінде, меню және құрал- саймандар панелі жүйесі ондай жақсы жұмыс істемейді. Өте көп бағдарламалық мүмкіндіктерді коптеген қолданушыларға табу қиын.
Office Fluent қолданушы интерфейсінің дизайнын қайта жасау мақсаты қолданушылар үшін мүмкіндіктердің барлық диапазонын қолдану және процедураларды іздеуді жеңілдету болды.
Лента
Microsoft Excel 2007 қолданушы интерфейсінің негізгі элементі дәстүрлі меню және құрал- саймандар панелінің орнына әр қосымша терезесінің жоғарғы бөлігінде тұратын лентаны көрсетеді. (сурет 1.1).
Сурет 1.1. Лента
Лентаның көмегімен қажетті командаларды тез тауып алуға болады (басқару элементтері: батырмалар, ашылатын тізімдер, санауыштар, жалаушалар және т.б). Командалар қосымшаларда жиналған логикалық группаларда реттелген.
Лентаны Microsoft Excel қосымшасының алдынғы түрлерінің менюімен және құрал саймандар панелімен ауыстыруға болмайды.
Сонымен қатар лентаны өшіруге болмайды. Бірақ жұмыс ауданнын үлкейту үшін лентаны жасырып (бүктеу) қоюға болады.
1. Жылдам қатынау панелін баптау батырмасын басыңыз (сурет 1.2).
2. Менюден лентаны бүктеу командасын таңдаңыз.
Сурет 1.2. Лентаны бүктеу
3. Лента жасырулы тұрады, қосымшалар атаулары қалады (сурет 1.3).
Сурет 1.3. Бүктелген ленталы терезе
Сонымен қатар лентаны бүктеу және қайта қалпына келтіру үшін Ctrl+F1 пернесін басуға болады.
Лентаның сыртқы келбеті терезенің еніне байланысты: ені үлкен болса, қосымша элементтері толық корсетіледі. Суреттерде Негізгі қосымшасы терезенің әртүрлі өлшемінде лентаның көрсетілуі келтірілген.
Сурет 1.4. Терезенің 1280 нүктелер өлшемінде Негізгі қосымшалентасының көрсетілуі
Сурет 1.5. Терезенің 1024 нүктелер өлшемінде Негізгі қосымшалентасының көрсетілуі
Сурет 1.6. Терезенің 800 нүктелер өлшемінде Негізгі қосымшалентасының көрсетілуі
Лентаның жеке элементтерінің жасырылуына қарамастан, олардың бәрі қол жетімді болып қала береді. Белгішеге немесе топтың атауы батырмасының бағдаршасына шертсеңіз топтың барлық элементтері көрсетіледі. (сурет 1.7.)
Сурет 1.7. Терезенің 600 нүктелер өлшемінде Негізгі қосымшалентасының көрсетілуі
Терезе енін кішірейткенде (300 нүктеден аз) лента және қосымша аттары көрінбей қалады.
Сурет 1.8. Терезе енін кішірейткен кездегі лента және қосымшалардың жасырынуы
Қосымшалар
Үнсіздік бойынша терезеде ылғи жеті қосымша көрініп тұрады: Негізгі, Қою, Бетті белгілеу, Формулалар, Мәліметтер, Рецензиялау, Түр.
Керек болған қосымшаға өту үшін оның атына тышканмен шертуіміз жеткілікті.
Әрбір қосымша орындалатын әрекет түрімен байланысты. Мысалы, жүктеуден кейін үнсіздік бойынша ашылатын Негізгі қосымшасында жұмыстың бастапқы кезеңінде мәтінді теру, редактілеу және форматтау керек болған кезде қажет болатын элементтерді құрайды. Қою қосымшасы құжаттарға әртүрлі объектілерді қою үшін арналған.
Microsoft Excel бағдарламасының алдыңғы нұсқаларында файлдар және шаблондар қолданушы панелінің құрал-саймандарын құрайды. Бұл жағдайда ондай файлдарды Excel 2007-де ашқан кезде тағы бір тұрақты қосымша- Күйге келтіру пайда болады. (сурет 1.10).
Сурет 1.10. Күйге келтіруқосымшасы
Бұл қосымша Excel бағдарламасының алдыңғы нұсқаларында жасалған құрал- саймандар панелінің элементтерінен тұрады. Әрбір құрал- саймандар панелі қосымша лентасының жеке жолын алып тұр. Бірақ, құрал- саймандар панеліндегі бұрынғы кейбір элементтер Excel 2007 бағдарламасында болмауы мүмкін.
Қосымшалардың стандартты жиынтығы құжатты құру режимінен басқа режимге өту кезінде ауысады. (сурет 1.11).
Сурет 1.11. Алдын ала қарау қосымшасы
Тұрақтылардын басқа объектіні ерекшелеп алғанда немесе оған курсорды алып барғанда автоматты түрде шығатын, мысалы таблицалармен, суреттермен, диаграммалармен және т.б. жұмыс істеу үшін бір қатар контекстті қосымшалар бар.
Мысалы, колонтитулдарды құру кезінде сәйкес қосымша пайда болады (сурет 1.12).
Сурет 1.12. Колонтитулдармен жұмыс жасау контекстті қосымшасы/ Конструктор
Кейбір жағдайда бірден бірнеше қосымшалар пайда болады, мысалы диаграммалармен жұмыс істеу кезінде үш қосымша пайда болады: Конструктор, үлгі және пішім (сурет 1.13).
Сурет 1.13. Таблицалармен жұмыс істеу үшін контекстті қосымша
Басқару элементтері
Басқару элементтері қосымшалар лентасында топтарға біріктірілген. Мысалы, Негізгі қосымшасында ауыстыру буфері, қаріп параметірін орнату, абзац параметрлерін орнату, стильдермен жұмыс және редактілеу үшін топтар бар (сурет 1.1 қарау).
Қарапайым батырмалар, ашылатын батырмалар, тізімдер, ашылатын тізімдер, есептеуіштер, жалаушалар, топтар белгішелері (батырмалар) басқару элементтері болып табылады.
Батырмалар қандайда бір әрекетті орындау үшін қолданылады. Мысалы, Негізгі қосымшасының Шрифт тобының Жартылай қарайтылған батырмасы қаріптің жартылай қарайтылған тұрпатын жасайды (сурет 1.14).
Сурет 1.14. Қарапайым батырманы қолдану
Кейбір жағдайда батырманы басу диалог терезесін шақырады.
Ашылатын батырмалардың оң жақ төменгі бөлігінде бағыттауыштары бар. Осы бағыттауышты шерткенде қажетті әрекет немесе параметрді таңдауға болатын меню немесе палитра ашылады. Таңдалған әрекет немесе параметр батырмада сақталып қалады және қайта қолдану үшін батырманы ашуды қажет етпейді. Мысалы, Негізгі қосымшасының Қаріп тобының Шекара батырмасын бағыттауыш арқылы шертуге болады және шекараның орналасуы және түрі әдісін таңдау (сурет 1.15). Осындай шекараны тағыда таңдау үшін бағыттауышты басыдың қажеті жок, батырманың өзін басу да жеткілікті.
Сурет 1.15. Ашылатын батырманы қолдану
Тізімде қолдану үшін кез- келген параметрді таңдауға болады. Ол үшін оны тышканмен шерту жеткілікті. Мысалы, Конструктор қосымшасының Диаграммалар үлгісі тізімінде диаграмма үлгісін таңдауға болады (сурет 1.16).
Сурет 1.16. Тізімдерді қолдану
Лента шегінен тізімін қарау үшін Алға және Артқа батырмаларын қолдануға болады.
Ашылған тізімнің астыңғы бөлігінде сәйкес келетін меню командаларына көрініп тұрады (сурет 1.17).
Сурет 1.17. Кең ашылған тізім
Ашылатын тізімді қолдану кезінде тізімнің бағыттауышын шертіп және қажетті параметрді таңдау керек. Мысалы, ашылатын тізімнен Негізгі қосымшасының Қаріп тобының Қаріп өлшемінен қаріп өлшемін таңдауға болады (сурет 1.18).
Сурет 1.18. Ашылатын тізімді қолдану
Көп жағдайда тізімді ашпай ашылатын тізім алаңына тышканмен шертіп, қажетті параметрді пернетақтадан енгізіп және Enter пернесін басуға болады.
Есептеуіштер қандай да бір сандық мәнді орнату үшін қолданады. Мәнді өзгерту үшін Көп (Жоғары) және Аз (Төмен) есептеуіш батырмаларын қолданады. Мысалы, Бетті белгілеу қосымшасының Арасына кіргізу тобының Масштаб санауышында құжаттының баспаға шығару масштабының көлемін орнатуға болады (сурет 1.19).
Сурет 1.19. Есептеуіштерді қолдану
Сонымен қатар, есептеуіш алаңына мәнді пернетақтадан енгізіп және Enter пернесін басуға болады.
Кейбір пернелерді басу қандай да бір әрекеттің орындалуына әкелмейді, қажетті әрекетті таңдау керек болатын, тек қана менюді көрсетеді. Мысалы, шыққан менюден Негізгі қосымшасының Түзету тобының Бағдар батырмасын басып, ұяшықтан мәтіннің бағытын таңдауға болады (сурет 1.20).
Сурет 1.20. Менюмен батырманы қолдану
Кейбір жағдайларда батырмалар менюі командасын таңдау диалог терезесін шақырады.
Жалаушалар қандай да бір параметрді қолдану үшін қолданылады. Мысалы, Беттерді белгілеу қосымшасының Беттер параметрі тобының жалаушалары (сурет 1.21) беттің баспаға шығу ерекшелігін анықтайды.
Сурет 1.21. Жалаушаларды қолдану
Жалаушаны орнату немесе оны алып тастау үшін оған тышқанмен шерту жеткілікті.
Белгіше (батырма) тобының- қосымшаның ішіндегі элементтер тобының оң жақ төменгі бұрышындағы кішкентай төртбұрыш. Белгішені шерту осы топқа сәйкес келетін диалог терезесін немесе функционалды мүмкіндіктерді кеңейту үшін міндеттерді ашады. Мысалы, Негізгі қосымшасының Қаріп тобының белгішесі Ұяшықтар форматы диалог терезесін ашады (сурет 1.22).
Сурет 1.22. Топтың белгішесін қолдану
Ал, алмастыру буфері тобының белгішесі алмастыру буферінің міндеттер ауданын көрсетеді. (сурет 1.23).
Сурет 1.23. Топтың белгішесін қолдану
Барлық топтарда мұндай белгіше болмайды.
Басқарудың әрбір элементі үшін осы элементті белгілеу туралы ашлатын көмекшіні көрсетіге болады. Ол үшін тышқанды оған алып барып және біраз уақытқа айқындап қою жеткілікті. Ашылатын көмекшілер мысалы сурет 1.24 - сурет 1.26 келтірілген.
Сурет 1.24. Басқару элементіні үшін шағатын көмекшісі
Сурет 1.25. Басқару элементіні үшін шағатын көмекшісі
Сурет 1.26. Басқару элементіні үшін шағатын көмекшісі
Кейбір жағдайда көмекшіде қосымша мәлімет алу үшін мәтін шығады, ол үшін F1 басыңыз. Бұл жағдайдатаңдалған элементке қатысты анықтамалар жүйесінің терезесі шығады.
“Office” батырмасы
Office батырмасы терезенің сол жақ жоғары жағында орналасқан. Батырманы басқан кезде файлдармен жұмыс үшін негізгі командалар менюі, соңғы құжаттар тізімі, сонымен қатар қосымшалар параметрлерін баптау үшін командалар шығады (мысалы, Excel параметрі) (сурет 1.27).
Сурет 1.27. Office меню және батырмасы
Жылдам қатынау панелі
Үнсіздік бойынша жылдам қатынау панелі Excel терзесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан және көп қолданылатын функцияларға тез қатынау үшін арналған.
Үнсіздік бойынша панельде үш батырма бар: Сақтау, болдырмау, қайтару (қайталау).
Жылдам қатынау панелін оған жаңа элементтерді қосып немесе бар элементтерді өшіріп баптауға болады.
1. Жылдам қатынау панелінің баптауы батырмасын басыңыз.
2. Менюден қажетті элементтің атауын таңдаңыз (сурет 1.28). Қанатшамен белгіленгін элементтер панельде бар.
Сурет 1.28. Жылдам қатынау панелінің баптауы
3. Тізімде жоқ элементті қосу үшін Басқа командалар командасын таңдаңыз (сурет 1.28 қарау).
4. Excel параметрлері терезесінің Баптау бөлімінде Командаларды таңдау ашылатын тізімінде қосылатын элемент орналасқан қосымшаны таңдаңыз, содан кейін тізімнен жлементті ерекшелеп Қосу батырмасын басыңыз (сурет 1.29).
Сурет 1.29. Жылдам қатынау панелінің баптауы
Панельден элементті өшіру үшін тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстті менюден Өшіру командасын таңдау жеткілікті.
Қысқа панель құрал- саймандары
Қысқа панель құрал- саймандары мәліметтерді жөндеу үшін үнемі қолданылатын негізгі элементтерді құрайды.
Office 2007 бағдарламасының басқа қосымшаларына қарағанда Excel 2007 бағдарламасында беттің бір бөлігін белгіліп алғанда қысқа панель құрал- саймандары автоматты түрде көрсетілмейді. Панельді көрсету үшін белгілеп алған ауданға тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз (сурет 1.30).
Сурет 1.30. Қысқа панель құрал- саймандарын көрсету
Формулалар жолы
Алдыңғы нұсқаларға қарағанда Excel 2007 бағдарламасында формулалар жолдарымен жұмыс ыңғайлы жасалған. Ерекшеленіп алынған ұяшықтағы мәліметті өңдеу және көру үшін формула жолының биіктігін үлкейтуге болады. Ол үшін Формула жолын ашу батырмасын шертіңіз (сурет 1.31).
Сурет 1.31. Формулалар жолдарының биіктігін үлкейту
Егер бұл жағдайда ұяшық ішіндегісінің бәрі көрсетілмейді, айналдыру жолағын қолдануға болады (сурет 1.32).
Сурет 1.31. Формулалар жолында ұяшықтар ішін қарау
IV.Жаңа тақырыпты бекіту
Жаттығу 1
Тапсырма 1
1. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жүктеңіз.
2. Жылдам қатынау панелін қолданып лентаны бүктеңіз.
3. Негізгі қосымшасын екі рет шерту арқылы лентаны ашыңыз.
4. Ctrl + F1 пернелер үйлесімін қолданып лентаны ашыңыз және жабыңыз.
5. Терезе өлшемін лента және қосымшалар көрінбейтіндей етіп кішірейтіңіз.
6. Терезені бүкіл экранға ашыңыз.
7. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жабыңыз.
Тапсырма 2
1. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жүктеңіз.
2. Формулалар қосымшасына өтіңіз.
3. Түр қосымшасына өтіңіз.
4. Негізгі қосымшасына өтіңіз.
5. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жабыңыз.
Тапсырма 3
1. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жүктеңіз.
2. Негізгі қосымшасының Қаріп тобында Жартылай қарайтылған батырмасын басыңыз.
3. Негізгі қосымшасының Қаріп тобында Құю батырмасын бағыттауышына басыңыз және қызыл түсті таңдаңыз.
4. Негізгі қосымшасының Қаріп тобында Қаріп өлшемі ашылатын тізімінен 26 размерді таңдаңыз.
5.Негізгі қосымшасының Стильдер тобында Ұяшықтар стильі батырмасын басыңыз және Жақсы стильін таңдаңыз.
6. Негізгі қосымшасында Қаріп тобының диалог терезесін көрсетіңіз. Қаріп диалог терезесін жабыңыз.
7. Негізгі қосымшасында Мәтіннің орнын ауыстыру батырмасы үшін шығатын көмекшіні көрсетіңіз. Осы батырма үшін анықтама жүйесінің терезесін көрсетіңіз.
8. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жабыңыз. Құжаттағы өзгерістерді сақтамаңыз.
Тапсырма 3
1. Microsoft Excel 2007 бағдарламасын жүктеңіз.
2. Жылдам қатынау панеліне Ашу батырмасын қосыңыз.
3. Қою қосымш+асынан (Диаграммалар тобының) Жылдам қатынау панеліне Гистограмма батырмасын қосыңыз.