kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мәтіндік редактормен жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Здесь описывается как работать с текстовым редактором

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мәтіндік редактормен жұмыс»

Сабақтың  тақырыбы: WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс.

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

3. Жаңа тақырыпты тұсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана  DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мұмкіндік береді.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға

болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.

 

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:

WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск = Программы = Стандартные = WordPad. (Жіберу = Бағдарламалар = Стандартты - WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және  WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар   тақтасында   жиі   пайдаланылатын   командаларды   шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.




 



WORDPAD - та құжат құру

1.

 WordPad. құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:  

Қаріп және оның өлшемін таңдау

2. Мәтінді енгізу және редакциялау

3. Мәтінді пішімдеу

4. Құжатты сақтау және ашу

5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

1. Қаріп және оның  өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

 

Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту  арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

 


Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар   өзгерту  ұіпін   Формат - Шрифт(Формат - Қаріп) командасын орындаймыз.

2. Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter - жаңа жолға көшу

Shift - бас әріптерді теру

СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу

Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3. Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

1. Құжаттарды сақтау және ашу:

WordPad. мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.dосболады.

Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз Жаұа құжат құзу үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз

Құжаттарды басу:

Құжат құрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:

1. Файл - предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)

2. Файл – Печать


Тапсырмалар:

1. Оқулықтағы 168 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

2. Оқулықтағы 171 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

3. Оқулықтағы 178 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

Сабақты бекіту сұрақтары:

WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

Үйге тапсырма: 5.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Мәтіндік редактормен жұмыс

Автор: Жумадилова Меруертгуль Шиликбаевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383348

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу. М?тінді пішімдеу ж?не редакциялау. "
    ["seo_title"] => string(74) "m-tinnin-uzindisin-ieriekshielieu-m-tindi-pishimdieu-zh-nie-riedaktsiialau"
    ["file_id"] => string(6) "199828"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428660961"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "WORD м?тіндік редакторы "
    ["seo_title"] => string(24) "word-m-tindik-riedaktory"
    ["file_id"] => string(6) "164121"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422595869"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "?арапайым м?тіндік редакторы. Редактор интерфейсі "
    ["seo_title"] => string(53) "k-arapaiym-m-tindik-riedaktory-riedaktor-intierfieisi"
    ["file_id"] => string(6) "199841"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1428662403"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "WordPad м?тіндік редакторы. 7 сынып"
    ["seo_title"] => string(30) "wordpadmtindikriedaktory7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "284845"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454054501"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Қарапайым мәтіндік редакторы"
    ["seo_title"] => string(30) "k_arapaiym_m_tindik_riedaktory"
    ["file_id"] => string(6) "403649"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490594118"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства