5. Сабақты бағалау баллдық жүйе арқылы жүргізілетіндігін айту. Сабақтың әр кезеңі бойынша жинаған ұпайлары MS Excel бағдарламасындағы формулаға енгізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин):
1. ActiveStudio бағдарламасында Activote құрылғысында дайындалған тест сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергендері тексеріледі. 10 сұрақтан тұратын тест.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп болған соң, нәтижелерін көре алады.
2. Слайд арқылы үйге оқып келуге берілген тақырыпты қаншалықты меңгергендері тексеріледі. Жауабының толықтығына қарай 5 ұпаймен бағаланады.
MS Word бағдарламасын іске қосу жолы?
MS Word бағдарламасы терезесінің негізгі элементтерін ата.
Құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?
Қалып күй жолы не үшін керек?
Құжатты қарап шығу масштабын қалай өзгертуге болады?
Жанама мәзірді қалай шақырамыз?
Жаңа құжатты құру жолы?
Құжатты сақтау жолдары?
MS Word бағдарламасынан шығу жолдары?
ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин):
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: MS Word бағдарламасында берілген мәтінді пішімдеу тәсілдерін үйрету.
Бұл тақырыпта MS Word бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Оқушыларға «Постер әдісі арқылы» жұмыстарын қорғату
Символды кірістіру
Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерде сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар. Бағдарламаға қолжетімді барлық символдар арнайы символдар кестесінде орналасқан.
Символдар кестесі Кірістіру (Встаска) àСимволà Басқа символдар. (Другие символы.) бұйрығы көмегімен шақырылады. Бұйрықты таңдар алдында меңзерді (курсорды) символ кірістірілетін жерге орналастыру қажет.
Бұл терезеде жұмыс істеу тым қарапайым. Алдымен қаріпті, одан кейін символды таңдайды. Символды орналастырып болған соң терезені жабуға болады.
Қаріпті өзгерту
Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты (Главная) àҚаріп (Шрифт) тіркеме парағы пайдаланылады.
Тіркеме батырмаларының қызметін толығырақ қарастырайық:
- қаріптің түрін таңдау
- қаріптің мөлшері
- қаріптің мөлшерін үлкейту/кішірейту
- ерекшеленген фрагмент әріптерін жай және бас әріптер режиміне түрлендіру
- пішімді тазалау (барлық баптауларды алып тастау)
- жартылай қою, көлбеу (курсив), асты сызылған қаріп режимдері
- сызып тасталған қаріп
- жолүсті белгісі
- жоласты белгісі
- мәтінді маркермен ерекшелеу
- мәтіннің түсі
2. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Оқулықтың 98 бетінде берілген «Түйін» жаңа сабақ бойынша қысқаша ақпаратын дәптерге жазып алу тапсырылады.
ІV. Сергіту сәті (1 мин):
1. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес сергіту сәтін оқушылар орындарында отырып өткізеді.
2. Оқушыларды сергіту мақсатында көз жаттығулары жасалады. Жаттығуды жасау үшін бейнеролик қосылады.
V. Тәжірибелік жұмыс (11 мин).
1. Тәжірибелік жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
А деңгейі
Мөлшері 48, жуан курсивті, әрбір әріп түрлі түсті етіп жазылған мерекемен құттықтау сөзін жазыңдар, мысалы:
Құттықтаймын!
(3 ұпай)
В деңгейі
Мәтінді теріңдер.
(5 ұпай)
С деңгейі
Символдарды пайдалана отырып мәтіндерді теру
(8 ұпай)
VІ. Жаңа сабақты бекіту (5 мин):
1. Сәйкестендіру тесті.
Оқушыларға бұйрық белгілері бар суретті ActiveStudio бағдарламасында беріледі. Бұйрық тұсына сәйкес сөздерді қою.
Берілетін жауаптың дұрыстығына қарай 5 ұпаймен бағаланады
VІІ. Үйге тапсырма беру (2 мин):
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Оқулықтың 99-101 бетінде берілген бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын дәптерге орындау.
VІІІ. Бағалау (3 мин):
Сабақ барысында жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.
1 – 5 ұпай аралығы ..... 2
6 – 11 ұпай аралығы ..... 3
12 – 23 ұпай аралығы ..... 4
24 – 31 ұпай аралығы ..... 5
Рефлексия.
1 Бүгін немен таныстың?
2 Ақпараттың қандай қажеттілігі бар?
3 Кімнің жауаптары саған ұнады?
4 Тағы не білгің келеді?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
5. Сабақты бағалау баллдық жүйе арқылы жүргізілетіндігін айту. Сабақтың әр кезеңі бойынша жинаған ұпайлары MS Excel бағдарламасындағы формулаға енгізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин):
1. ActiveStudio бағдарламасында Activote құрылғысында дайындалған тест сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергендері тексеріледі. 10 сұрақтан тұратын тест.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп болған соң, нәтижелерін көре алады.
2. Слайд арқылы үйге оқып келуге берілген тақырыпты қаншалықты меңгергендері тексеріледі. Жауабының толықтығына қарай 5 ұпаймен бағаланады.
MS Word бағдарламасын іске қосу жолы?
MS Word бағдарламасы терезесінің негізгі элементтерін ата.
Құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?
Қалып күй жолы не үшін керек?
Құжатты қарап шығу масштабын қалай өзгертуге болады?
Жанама мәзірді қалай шақырамыз?
Жаңа құжатты құру жолы?
Құжатты сақтау жолдары?
MS Word бағдарламасынан шығу жолдары?
ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин):
Сабақтың тақырыбы:Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:MS Word бағдарламасында берілген мәтінді пішімдеу тәсілдерін үйрету.
Бұл тақырыпта MS Word бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Оқушыларға «Постер әдісі арқылы» жұмыстарын қорғату
Символды кірістіру
Құжатқа пернетақтада жоқ түрлі символдарды кірістіруге болады. Ол әдеттегі мәтіндерде сирек кездесетін, бірақ арнайы мазмұнды құжаттармен жұмыс істегенде қолданылатын пайдалы, ерекше таңбалар. Бағдарламаға қолжетімді барлық символдар арнайы символдар кестесінде орналасқан.
Символдар кестесі Кірістіру (Встаска) Символ Басқа символдар... (Другие символы...) бұйрығы көмегімен шақырылады. Бұйрықты таңдар алдында меңзерді (курсорды) символ кірістірілетін жерге орналастыру қажет.
Бұл терезеде жұмыс істеу тым қарапайым. Алдымен қаріпті, одан кейін символды таңдайды. Символды орналастырып болған соң терезені жабуға болады.
Қаріпті өзгерту
Қаріпті өзгерту үшін жолақтың Басты (Главная)Қаріп (Шрифт)тіркеме парағы пайдаланылады.
Тіркеме батырмаларының қызметін толығырақ қарастырайық:
- қаріптің түрін таңдау
- қаріптің мөлшері
- қаріптің мөлшерін үлкейту/кішірейту
- ерекшеленген фрагмент әріптерін жай және бас әріптер режиміне түрлендіру
- пішімді тазалау (барлық баптауларды алып тастау)
- жартылай қою, көлбеу (курсив), асты сызылған қаріп режимдері
- сызып тасталған қаріп
- жолүсті белгісі
- жоласты белгісі
- мәтінді маркермен ерекшелеу
- мәтіннің түсі
2. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Оқулықтың 98 бетінде берілген «Түйін» жаңа сабақ бойынша қысқаша ақпаратын дәптерге жазып алу тапсырылады.
ІV. Сергіту сәті (1 мин):
1. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес сергіту сәтін оқушылар орындарында отырып өткізеді.
2. Оқушыларды сергіту мақсатында көз жаттығулары жасалады. Жаттығуды жасау үшін бейнеролик қосылады.
V. Тәжірибелік жұмыс (11 мин).
1. Тәжірибелік жұмысқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
А деңгейі
Мөлшері 48, жуан курсивті, әрбір әріп түрлі түсті етіп жазылған мерекемен құттықтау сөзін жазыңдар, мысалы:
Құттықтаймын!
(3 ұпай)
В деңгейі
Мәтінді теріңдер.
(5 ұпай)
С деңгейі
Символдарды пайдалана отырып мәтіндерді теру
(8 ұпай)
VІ. Жаңа сабақты бекіту (5 мин):
1. Сәйкестендіру тесті.
Оқушыларға бұйрық белгілері бар суретті ActiveStudio бағдарламасында беріледі. Бұйрық тұсына сәйкес сөздерді қою.
Берілетін жауаптың дұрыстығына қарай 5 ұпаймен бағаланады
VІІ. Үйге тапсырма беру (2 мин):
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Оқулықтың 99-101 бетінде берілген бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын дәптерге орындау.
VІІІ. Бағалау (3 мин):
Сабақ барысында жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.
1 – 5 ұпай аралығы ............................ 2
6 – 11 ұпай аралығы ............................ 3
12 – 23 ұпай аралығы ............................ 4
24 – 31 ұпай аралығы ............................ 5