Просмотр содержимого документа
«"Көңілді информатика"»
Аты – жөні: Касенов Қуаныш Сәрсебекұлы
Туылған жылы: 02.11.1991 жыл
Бітірген оқу орны: Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті,
2014 жыл
Мамандығы: информатика пәні мұғалімі
Педагогикалық өтілі: 4 жыл
Біліктілік санаты: санатсыз
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатика»
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың негізгі, басты ойын нақты жеткізе білуін, есте сақтау қабілетін дамыту, танымын кеңейту, топта жұмыс істеуге, қарсыласын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Көңілді информатика» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Оқушыларға қима қағаздарын таратамын, содан құралған MS W O R D және P A I N T сөздері арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін.
Жағымды атмосфера орнату.
«Бір-біріңе» белсенділік ойыны. Қазір сендер қызықты ойынды ойнайсыңдар, бұл ойын барысында барлығын өте жылдам жасау керек. Өздеріңе жұп таңдап және оның қолын алыңдар. Ал енді мен сендерге бір-біріңмен қандай дене мүшелерімен жылдам амандасатындарыңды айтатын боламын. Мен «Бір-біріңе!» деп айтқан кезде, жұптарыңды ауыстырасыңдар. Сонымен, бастаймыз:
Сайысымыздың 1-кезеңі: «Құпия алаңы» топқа бөлінген қима қағаздарының артындағы жасырын сұраққа жауап береді.
Дұрыс берілген жауапқа 1 фишкадан беріледі.
1-топ «MS W O R D»
MS – W O R D қандай бағдарлама (мәтіндік)
W – W O R D қалай іске қосамыз (Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word)
O – артығын алып таста «файл», «вставка», «вид», «папка» (папка)
R – адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
D – Бас әріппен жазу пернесі (Shift, Caps Lock)
2-топ «P A I N T»
P – Растрлық кескіндермен жұмыс істеуге арналған программалар (Coral Draw, Cral Photo, FotaShop)
A – Стандартты программалар ( Блокнот, Калькулятор, WordPad, Paint
I – Компьютерлік графиканың түрлері (Векторлық, Растрлық, Фракталдық)
N – Суретке мәтінді қалай енгіземіз (А сайманын таңдау керек)
T – Paint-ты қалай іске қосамыз (Пуск – Все прогарммы – Стандартные – Paint)
Сайысымыздың 2-кезеңі: «Сөз мерген» аудио жазбаны тыңдап, ішінен информатикаға байланысты терминдерді айтып береді.
Әр тапқан сөзіне бір смайликтен беріледі.
(https://kk.wikipedia.org/wiki «Интернет тарихы)
Ғаламтор, компьютер, желі, ARPANET, 12 КБ, оперативті жад, электронды хабарлама, NCP, TCP, IP протокол.
Сайысымыздың 3-кезеңі: «Шешен кісі сөз бастар» сайыскерлерге информатика пәніне байланысты 10 сөз беріледі. Сол сөздерден қызықты өлең, мақал-мәтелдер құрастырады.
Тапсырманы орындаған топқа бір фишкадан беремін.
Модем
Алгоритм
Wi-fi
Антивирус
Ақпарат
Бит
Модель
Программа
Паскаль
Архив
Сайысымыздың 4- кезеңі: «True – False». Қатесін табу. Себебін түсіндіру. Әр топқа екі сөйлемнен беремін.
Қатесін тапқаны үшін бір смайликтен беремін.
1-топ: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын.
2-топ: Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.
Сайысымыздың 5-кезеңі: «Қанша тілді білесің». Екі топқа 3 сөйлем беріледі. Берілген сөйлемді орыс тіліне және ағылшын тіліне аудару; Үш тілде оқып береді.
Дұрыс аударылған сөйлемге 1 смайликтен беріледі.
Алгоритм – нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті. Атқарушы – бұл алгоритмде жазылған командаларды орындау алатын адам немесе техникалық құрылғы. Алгоритм 3 топқа бөлінеді: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Алгоритм представляет собой последовательность инструкций, которая четко и точно иллюстрирует, что должно делать исполнительная власть для достижения результата. Исполнителем является лицо или техническое устройство, которое может выполнять команды, написанные в этом алгоритме. Алгоритм разделен на 3 группы: линейные, разветвленные, циклические.
The algorithm is the sequence of instructions which clearly and accurately illustrates what the executive should do to achieve the result. An executive is a person or technical device that can perform commands written in this algorithm. The algorithm is divided into 3 groups: linear, branched, cyclic
Әділқазы алқалары топтардың ұпай санын анықтағанша. Екі топқа ортақ тапсырма. Екі топбірлесе отырып «8-наурыз!» тілек білдіру.
Қорытынды: Әділқазылар алқасына сөз береміз. Топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық. Жеңімпаздар марапатталады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сонымен бүгінгі көріп тамашалаған «Көңілді информатика» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.