Компьютердің құрылғыларын құрастыруға байланысты сыныпты топқа бөлу.
1топ –монитор 2топ –жүйелік блок 3топ –пернетақта
II. Үйтапсырмасынсұрау
Оқушыларға сұрақ қойып, берген жауаптарын смайликтермен бағалау
- Архив дегеніміз не?
- архиватор дегеніміз не?
- сығылған файл әдеттегі файлдан қалай ерекшеленеді?
- архиватор программаларды атаңыз?
III. Жаңа сабақ
«Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Түс ерекшелігіне байланысты:
Ақ –қара Түрлі түсті
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика, іскерлік графика, көркемдік графика
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Фракталды графиканыңжасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .
Ақпараттың өлшем бірлігі:
8 бит – 1 байт 1024 Кб – 1 Мб
1024 байт – 1 Кб 1024 Мб – 1 Гб
Графиканың өлшенуі
Тігінен және көлденең нүктелер санын көбейтіп, оны ақпараттың өлшем бірліктеріне айналдырамыз.