Күтілетін нәтижелер | А)компьютердің негізгі құрылғыларын біледі Ә) компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын бір-бірінен ажырата алады Б) Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, өзін-өзі бағалауға, өзін бағалауға, өзгені тыңдай білуге дағдыланады |
Әдіс-тәсілдер | СТОҮ, дарынды баланы оқыту, ЖЕС, көшбасшылық, бағалау, АКТ, оқытудың жаңа тәсілдері |
Керекті жабдықтар | Оқулық, қосымша материалдар (ресурс), интерактивті тақта, топшамалар,ноутбук, стикер, смайликтер |
Кіріспе Тұсаукесер Негізгі бөлім | Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сергіту жаттығуын жасау. Компьютердің құрылғылары арқылы 4 топқа бөлу (жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тышқан) -Бүгінгі сабаққа дайындықтарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы ма? Ендеше әдеттегідей топқа бөлінейік. Сабақ барысында топтық ережені үнемі есте сақтап отыруларыңызды сұраймын. Үй тапсырмасы: "Компьютесіз әлемді елестету мүмкін емес" эсселерін оқу "Еске түсірейік" (лездеме сұрақтар) "Он сұрақ" әдісін қолданамын Сұрақ-жауап арқылы жасырылған жаңа сабақтың тақырыбын ашады. "Тышқан" - ол қандай құрылғы. (негізгі құрылғы). Олай болса бүгінгі тақырыбымыз "Компьютердің негізгі құрылғылары" Компьютердің негізгі құрылғылары Жеке,жұптық, топтық жұмыс жүргізу (оқулықтағы мәтінді жеке, топпен талқылау) қосымша ресурс тарату "Суреттер сөйлейді" 1 топ- жүйелік қорап 2 топ-монитор 3 топ- пернетақта 4 топ-тышқан (Суреттерге сипаттама беру) Жәрмеңке әдісі Әрбір топтағы оқушыларды 1,2,3,4саны бойынша бөліп, жаңа сабақты талқылайды, қосымша мәтінмен жұмыс жүргізеді | Кезекші жоқ оқушыларды атайды, оқушылар топқа бөлінеді. Сергіту жаттығуын жасайды Топтық ережені қайталайды Құрылғылар арқылы төрт топқа бөлінеді. Оқушылар үйге берілген тақырыпты естеріне түсіреді. Оқушылар эсселерін оқуға дайындалады, сұрақтарға жауап береді Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады
Оқушылар алдымен мәтінді оқиды, топта талқылайды. Қосымша ресурспен жұмыс жасайды. Суреттерге топпен талдау жасайды, сипаттама береді.
Әрбір оқушы өзінің оқыған мәтінін топта талқылайды |
| Тапсырма: 1. Жасырылған суреттер құпиясы . Лездеме тест тапсырмасы орындау (5 сұрақ) 2.Информатикалық жұмбақтар шешу 3. Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау Тест 1.Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады А) жүйелік қорап, монитор В) пернетақта, тышқан С) барлығы да дұрыс 2. Мониторды тағы да қалай атаймыз? А) дисплей В модем С) пернетақта 3. Компьютердің миы? А) процессор В) дискжетек С) аналық тақша 4. Пернетақтада неше перне бар? А) 102 -110 В) 101-105 С) 98-99 5. Тышқанның неше түрі бар? А) 3 В) 2 С) 5 | Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады. |
Рефлексия | Стикер арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады. (Бүгіні сабақта не ұнады ,қандай әсер алды,өз ойларын жазу). Смайлик арқылы бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін білдіреді. Не үйрендім? | Мен үшін қиын болды | Мен үшін қызықты | | | | | Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып көңіл-күй смайлигінің астына жабыстырды |