Сабақ барысында оқушылардың өзіндік және бірін-бірі бағалау процестері жүргізіледі.Сөйлесу бөлімінде оқушыларға қойылатын баға ынталандыру сипатында болады.Аталған процесс жүргізілгеннен кейін мұғалім қорытынды баға қояды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ойынның шарты: Тақтаға түрлі түсті конверттер ілінеді, оларда түрлі деңгейдегі тапсырмалар ( «5»-ке, «4» ке, «3» ке) бар.
Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптар «акциялармен» бағаланады. «Акционер» - оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады: толық емес жауап – сары түсті «акция»; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түсті «акция»; дұрыс негізделген жауап –жасыл түсті «акция». Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Ұпайлардың ең жоғарғы мөлшері түстердің санымен анықталады ( мысалы, егер оқушыда 2 түсті «акция» болса, онда «түсімге» -2 ұпай, егер 4 түсті болса, онда жоғарғы ұпай-4). Мұғалім – «банкир» әрбір оқушынің «түсімін» есептейді. Егер сары «акциялар» көп болса, онда акциялардың құны төмендейді, ал егер жасыл және көктер аз болса – онда олардың құны артады. Мысалы, егер көктер -10, ал жасылдар 5 –еу болса, онда жасыл акциялар көктен қымбат. Осы негізінде мұғалім – «банкир» баға қояды.
Ойын тапсырмасы:
ІІІ деңгей тапсырмалары:
Алгоритмдердің қасиеттерін ата.
Алгоритмнің жазу жолдарын ата.
Алгоритмнің график түрінде кескінделуін ата.
Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
Программалау тілінің жалпы ережесі.
Алгоритм командаларын ата.
Алгоритмнің құрылымың ата.
Евклид алгоритмін қалай түсінесің?
Алгоритм дегеніміз не?
Блок-схема құрудың ережесін ата.
ІІ деңгей тапсырмалары:
Түйінді сөздер, кодтар тілі дегеніміз не?
Транслятор түрлерін ата және түсініктеме бер.
Программаның орындау кезеңдерін ата.
Серия дегеніміз және алгоритм тұлғасы дегеніміз?
Мәтіннің меншіктелуі дегенді қалай түсінесің?
Алгоритм командаларын ата және түсініктеме бер.
Сызықты және тізбекті алгоритмге түсініктеме бер.
Тармақталу алгоритміне түсініктеме бер.
Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер.
Күрделі тармақталу алгоритміне түсініктеме бер.
І деңгей тапсырмалары:
1. Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің жұмыс ерекшеліктерін ата.
2.Алгоритм атқарушы дегенді қалай түсінесің?Мысал келтір.
3.Тармақталу, циклдік, күрделі тармақталу алгоритмдерінің ерекшеліктерін ата.
4.Алгоритмнің айқын, дәл өрнектеу қасиетіне түсініктеме бер. Мысал келтір