Жалпы орта бiлiм беру ж?йесiндегi информатиканы? ролi ?азiргi а?паратты? ?о?амда?ы а?паратты? м?дениеттi? негiзiн ??райтын а?паратты? ж?не коммуникациялы? технологияны пайдалану да?дыларын ?алыптастыруда?ы а?паратты? бiлiмнi? м?нiмен ?амтамасыз етiледi.
Олай болса, 12 жылды? білім беруге к?шуді? т?жырымдамалы? ба?ыттарын негізге ала отырып, информатика п?нін бастауыш сыныпта о?ытуды? арнайы курсын ?сынып отырмын.
Информатиканы о?ытуды? ма?саты – а?паратты? ортада т?рлі а?параттарды ?абылдау, беру, т?рлендіру ж?не тарату ар?ылы о?ушыларды? а?паратты? ойлау ?абілетін дамыту мен а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру.
Информатиканы о?ытуды? міндеттері:
- о?ушыларды? логикалы? ж?не алгоритмдiк ойлау ?абiлетiн дамыту;
- о?ушыларды? компьютерлiк сауаттылы?ын дамыту;
- о?ушыларды? коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау ?абiлетi, ?зіндік танымды? іс-?рекет жасау да?дылары мен шы?армашылы??а бейiмдiлiгiн дамыту;
Просмотр содержимого документа
«Информатика бастауыш сыныпта»
Информатика бастуыш сыныпта /арнаулы курс/
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Олай болса, 12 жылдық білім беруге көшудің тұжырымдамалық бағыттарын негізге ала отырып, информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытудың арнайы курсын ұсынып отырмын.
Информатиканы оқытудың мақсаты – ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Информатиканы оқытудың міндеттері:
оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;
оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;
оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.
Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытудың мазмұндық желісі негізгі мектепте информатиканы үйретудің мазмұндық желілерімен пропедевтикалық деңгейде сәйкес келеді және онда берiлген iргелi ұғымдар қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен байланысты қарастырылады. Информатика курсының алғашқы базалық ұғымдары туралы алынған мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғат нысандары, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi негізінде қалыптасады.Курстың мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын информатика пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған. Курстның бағдарламалық мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды. Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Аталған кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген. Курсты бастауыш сыныпта оқыту аптасына 0,5 сағаттан барлығы 17 сағаттық мазмұнды қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.
Информатика бастауыш сыныпта. №1 сабақ. Ақпарат.
Мен -Пиксель.Мен саған информатиканы меңгеруге көмектесемін.
Бірінші тапсырма:
Өз роботтың портретін сал. Роботқа ат қой.Менің роботымның аты ____________________________________. Робот – бұл машина. Оның сезім мүшелері жоқ.
Қай сезім мүше қандай затты сезетінін көрсет.
Сезім мүшелері арқылы қабылданатын мәліметтер:
АҚПАРАТ деп аталады
Ақпарат әртүрлі болады.
1
№2
№3
№4
№5
Анықта: Мыны ақпарат қай түрде берілген?
Әріптермен белгілеп жаз С(сандық), Г (графикалық), М(мәтіндік).