Просмотр содержимого документа
«Графика мен диаграмма ??ру.»
Оқытушы: Абдураймова Бактыгуь Акилбеккызы
Тақырыбы: Графика мен диаграмма құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Excel 2007 бағдарламасында диаграммалар туралы түсінік беру. Кестелі мәліметтер негізінде диаграмма құру процедурасы, әр түрлі графикалық диаграмма түрін өзгерту және диаграмма стилін таңдау мүмкіндіктерін үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануға және өндірістік жағдайда өз бетімен шешім қабылдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: жеке тұлғалық көзқарасын, компьютерлік шеберлігін, іскерлік мәдениеті мен өзара көмек көрсету, ұжымда жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту пішімі: дербес тұлғамен және топпен жұмыс
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест, интерактивті әдіс, видео, электрондық оқулық, жобалап оқыту технологиясының элементтерін қолдану.
Пән аралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, математика
Құрал жабдықтар: интерактивтік тақта, дербес компьютер, сандық, геометриялық фигуралар.
Сабақ барысы және уақытының өлшемі
№
Сабақтың кезеңдері
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
2
Үй тапсырмасын тексеру
8 минут
3
Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі
8 минут
4
Студенттердің өздік жұмысы
18 минут
5
Сабақ қорытындысы
5 минут
6
Бағалау
2 минут
7
Үй тапсырмасы
1 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, топты түгендеу.
2. Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарымен таныстыру
3. Студенттер дөңгелене тұрып сағат тілі бойынша бір – біріне тілек айтады. Бірін – бірі қайталамау керек.
4. Геометриялық фигуралар. Қазір сіздер сандықтағы геометриялық фигураларға назар аударып, өздеріңізге ұнаған фигураларды таңдап, таңдаған фигураңыз тұрған орындыққа барып отырыңыздар.
5. Студенттерді екі топқа бөлу. (Есіл ауданы, Сарыарқа ауданы)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
2.1.«Сұрақты таңда» деңгейлік тапсырмасы. Жоғарғы бұрышта сұрақ нөмірі, төменгі бұрышта сұрақтың деңгейі жазылған. Берілген сұрақтарға қарай ұпай жинайсыздар сабақ соңында жинаған балдарыңызды қосып санына қарай бөліп бағаланасыздар
1
1
2
1
3
3
4
2
5
3
6
2
7
3
8
1
9
2
10
3
11
1
12
2
EXCEL-де деректерді сақтау және қорғау қалай жүзеге асырылады?
Функция мастерін шақыру үшін қандай қадамдар жасаймыз?
Ұяшықты біріктіру үшін және сөз бойынша тасымал жасау үшін не істейміз?
Microsoft Excel кестелік процессорының қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
Таңбашалар жиынын қолданып пішімдеу қалай жүзеге асады?
Функция дегеніміз не? Функция құрлымын атаңыз
Формулаларды құру және редактрлеу
Баған енін еркін және нақты енін орнатуға қандай амал қолданылады.
Экспоненциал формада қандай сандар белгіленеді?
Excel-дің В1:В10 ұяшықтарына 32, 44, 37, 52, 48, 52, 37, 40, 44, 37 сандары енгізілген. Microsoft Excel-дің МИН(В2:В10;48) түріндегі формуласы қандай нәтиже береді
Жұмыс кітабын баспаға шығару қалай жүзеге асады?
Аралас түрдегі адрестеу дегеніміз не?
2.2. Тест (MyTestStudent бағдарламасында)
1. Microsoft Excel –дегі ұяшықтың абсолюттік мекен- жайының дұрыс жазбасын көрсетіңіз
а) С2
ә) $В$6
б) $2С
в) $В6
г) В$3
2. Microsoft Excel –де ұяшық блогын дұрыс салуды көрсетіңіз
а) А20/В35
ә) А20*А35
б) А20:В35
в) А20..В35
г) А20-В35
3. Microsof Excel –де осы батырма командалар үшін пайдаланылады.
а) кірістірме функциясы
ә) өспелілігі бойынша сұрыптау
б) кірістірме диаграммасы
в) кірістірме автосүзгіші
г) автосома
4. Microsof Excel –де аргументтер тізімдерінің ең жоғарғы мәнін есептеу үшін функция пайдаланылады.
а) МДЛИТ
ә) МИН
б) МАХ
в) НАИМЕНЬШИЙ
г) ЕСЛИ
5. Microsof Excel –дегі қию және көшіру үшін мыналар пайдаланылады.
а) алмасу буфері
ә) арнайы папка
б) арнайы панель
в) арнайы файл
г) формула жолы
6. Excel –дегі абсолют мекені - бұл
а) деректерге байланысы жоқ мекен - жай
ә) деректердің типіне тәуелді мекен - жай
б) формулалар жылжыған кезде өзгеретін мекен - жай
в) константтарды қамтитын мекен-жай
г) формулалар жылжыған кезде өзгермейтін мекен – жай
7. ЗНАЧ! Қатесі нені білдіреді.
а) нөлге бөлу берілген
ә) дұрыс емес функция пайдаланылған
б) дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор көрсетілген
в) рұқсат етілмейтін ат көрсетілген
г) орынсыз сілтеме көрсетілген
8. «А1:В1» жазбасы мынаны білдіреді
а) А1 ұяшықтағыны В2 ұяшығына көшіруді білдіреді
ә) А1 және В2 екі ұяшықтан алынған көшіруді білдіреді
б) А1, А2,В1,В2 төрт ұяшықтан алынған диапазонды білдіреді
г) формулалар жылжыған кезде өзгермейтін мекен – жай
10. Microsof Excel араласпаған ұяшықтарды бөлу үшін...пернені пайдалану қажет
а) TAB
ә) ESC
б) CTRL
в) ALT
г) SHIFT
11. «С5 ұяшықты 12-ге бөлу» өрнегінің түрі бұл
а) С5^12
ә) С5-12
б) C5:12
в) С5\12
г) С5/12
12. Microsof Excel-де бір бетте қанша баған, қатар бар
а) 16834 баған, 1048576 жол
ә) 256 баған, 16000 жол
б) 16000 баған, 100000 жол
в) 16834 баған, 1048576 жол
г) 16834 баған, 1048576 жол
13. Электрондық кестедегі формула жазбасы мыналарды қамти алмайды.
а) сандық көріністер
ә) ұяшықтың аты
б) ұяшық диапозоны
в) суреттер
г) арифметикалық операциялардың белгілері
14. Excel-дегі кестелік процессордың құжаты қалай аталады
а) парақ
ә) пакет
б) документ
в) кітап
г) тұсау кесер
15. Microsof Excel-де 0,00002 сандық константта қалқымалы үтір былайша жазылуы мүмкін
а) 2,0Е-5
ә) 2,0Е+5
б) 0,2Е+3
в) 2,0Е-6
г) 0,2Е-3
ІІІ. Жаңа сабақ
Диаграммалар туралы түсінік.
Кестелі мәліметтер негізінде графикалық диаграмма құру процедурасы көрсету.
Диаграмма түрін өзгерту мүмкіндіктері.
Диаграмма стильін таңдау мүмкіндіктері.
1.Диаграмма туралы
Диаграммалар салыстыруды орындауды жеңілдетеді және мәліметтерді көрсету құралы болып табылады.
Диаграммалар жұмыс беттерінде орналасқан мәліметтер негізінде құрылады. Диаграмма бетте мәліметтермен графикалық объект сияқты орналасады. Диаграмманы баспаға шығаруға болады. Барлығы 11 диаграмма түрлері бар. Олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады.
Бағандық Графиктік Дөңгелек Сызықтық Аумақты Нүктелік Биржалық Беттік Сақиналы Көпіршіген Жапырақты
2. Кестелі мәліметтер негізінде графикалық диаграмма құру процедурасы көрсету.
Диаграмма құру алдында мәліметтер бетте диаграмма түріне сәйкес орналасқандығына көз жеткізу керек.
1. Диаграмма құрылатын кесте бөлігін ерекшелеңіз.
2. Қою қосымшасында Диаграммалар тобында керекті диаграмма түрін шертіңіз (сурет 1).
Элементті безендіру эффекті өз бетімен орнатуға болады.
1. Диаграмма элементін ерекшелеңіз
2.Диаграммамен жұмыс /Пішім қосымшасының Фигуралар стилі тобында Фигуралар үшін эффект батырмасын шертіңіз (сурет 10).
Сурет 10. Элементті безендіру эффектін таңдау
Элемент қаріпін безендіру
Диаграмма қарпінің параметрлерін орнату үшін Диаграммалармен жұмыс/ Пішім қосымшасының Word Art стильі тобының элементін қолдануға болады (сурет 11.).
Сурет 11. Word Art элементін қолдану
Безендірудің параметрлерін қалпына келтіру
Элементті безендірудің барлық параметрлерінен бас тартуға болады.
1.Диаграмма элементін таңдаңыз.
2.Диаграммалармен жұмыс/ Пішім қосымшасының Ағымдағы бөлік тобында Стильді тиімдеуді қалпына келтіру батырмасын басыңыз.
ІV. Тәжірибелік жұмыс
4.1.Тапсырмалар.
Microsof Excel бағдарламасы жүктеу.
Гистограмма тұрғызу
Суреттегі мәліметтерді енгізіңіз.
А1:D1 ұяшықтарын біріктіріңіз «Астана қаласына келіп кетуші туристер» деп жазыңыз
А2: D5 ұяшықтар аралығындағы мәндер жиынын блокпен белгілеңіз.
Қою- диаграмма көмегімен белгіленген мәндер жиынына гистограмма тұрғызыңыз.
Тұрғызылған диаграмманың орналасуы немесе түрі ұнамаған жағдайда, диаграммаға өзгерістер енгізуге болады. (мысалы: тақырып, сандар енгізу және аңыз
4.2-тапсырма. Графикалық диаграмма салу.
Суреттегі мәліметтерді енгізіңіз.
А1:М13 ұяшықтар аралығындағы мәндер жиынын блокпен белгілеңіз
Диаграмма графика түрін тұрғызыңыз.
Енгізген диаграмманы ерекшелеп конструктор, макет, пішін командалар тізбегі көмегімен диаграммаға өзгерістер енгізіңіз.
4.3-тапсырма.
Астана қаласының көрнекті жерлерін графикалық диаграмманың түрінде енгізіңіздер.
Диаграмма файлы түрінде сақтаңыз.
4.4-тапсырма.
Диаграмманы қағаз бетіне басып шығару.
Жоғарғы колонтитулға аты-жөніңізді, төменгі колонтитулға ағымдық уақыт пен күнді енгізіңіз.
Диаграмма салынған парақты қағаз бетіне басып шығарыңыз.
4.5. Жоба жасау (Интерактивті әдіс).
топтағы студенттердің жақсы жасалған тәжірибелік жұмысын қорғату
V. Қорытындылау.
2 топтан 2 студент шығарып «Сулифа» ойыны арқылы берілетін тапсырманы таңдау керек.
Кластер құру –конструктор, макет
С. Делиингердің психогеометриялық тесті
Шарты
Үшбұрыш
Жағымды
Жағымсыз
Жағымды
жағымсыз
Шаршамайтын еңбекқор, жұмысты соңына дейін апарады, төзімді, шыдамды, жүйені жақсы көреді, өз саласының эрудиті, барлығын ереже бойынша істейді, тәртіпті жақсы көреді, ұқыпты
Жанжалға жақын, адамдармен қарым- қатынаста суық, есеппен жұмыс істейді.
Лидер, жігерлі, өзіне сенімді, атаққұмар, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға
Шыдамсыз, тәуекелшіл, өзімшіл, өз мақсатына кез-келген жолмен жетуге ұмтылады
Шеңбер
Қисық
Жағымды
Жағымсыз
Жағымды
жағымсыз
Мейірімді, көпшілікпен тіл табыса алады, сезгіш, әділетті, тума психолог, жанашыр, тыныштықты қалайды
Мінезі жұмсақ, жасқаншақ
Шығармашыл, қатал, жүйелі, өз ортасынан өзгеше ойлайды, идея үшін өмір сүреді, сұранбаса да көмек бергіш.
Бастаған істі соңына дейін апармайды, тез көтеріледі, талапшыл емес, шыдамсыз, өз айтқанынан қайтпайды.
VІ. Бағалау. Өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау.