Білімділік: Paint графикалық редакторымен танысу және редактор құралдарын қолданып жұмыс жасай білу.
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік:
Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру сабақ.
Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, слайд, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Б) Оқушыларды түгендеу.
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Монитормен көздің ара қашықтығы қанша см болу керек? ( 50см)
Информатика кабинетінде қандай өсімдік болу керек? (кактус)
6-7 сыныптар үшін компьютер алдында қанша уақыт отыру керек? ( 15- 20 минут)
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақ
Paint графикалық редакторы бұл сурет салуға арналған редактор. Редактор мүмкіндіктері: сурет салу, көшіруге, суретті сақтауға ашуға, көбейтуге , бұруға , созуға, суретке мәтін кірістіруге және т.б. әрекеттер орындауға болады.
Paint графикалық редакторын іске қосу тәсілі:
Пуск – Программа – Стандартные – Paint.
Бұл тізбекті орындаған соң экранда Paint графикалық редакторының терезесі пайда болады.
Дәптермен жұмыс:
Терезе элеметтері:Тақырып жолы, меню жолы, құрал – саймандар тақтасы , түстер палитрасы, жұмыс алаңы.
Сурет салу 5 кезеңнен тұрады:
1.Құрал таңдау. Paint редакторында 16 құралды пайдалануға болады.
- Ерікті аймақты белгілеу құралы,бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады;
- Белгілеу құралы суреттің тік төртбұрышын үзіндісін таңдау қызметін атқарады;
- Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
- Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
- Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
- Масштаб құралы,бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді;
- Қарандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
- Қылқалам (Кисть), ерікті сызықтарды салуға арналған.Қылқаламнаң қажетті түрін таңдап алуға болады.
- Бүріккіш пульверизатор эффектісін береді;
- Жазу, бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады;
- Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
- Қисық, тегістелген,қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
- Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
- Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
- Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
- Бұрыштары дөңгеленген (доғал) тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
2.Кисть түрін және типін таңдау. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштыңбірнеше түрлерін пайдалануға болады.
3.Кескін күсін таңдау.Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шертесіңдер.
4.Фон түсін таңдау. Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш).
5.Сурет салу.
Суретті сақтау: Бірінші рет сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз.