2. Қандай операциялық жүйенің түрлерін білесіңдер?
3. Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасқан?
4. Компьютердің қосымша құрылғыларына нелер жатады?
5. Ақпарат тасушы құрылғылар?
6. Принтерлердің қандай түрлері бар?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.
Терезенің 4 түрі бар:
Қапшық терезесі (Менің құжаттарым)
Қолданбалы терезе (Paint графикалық редакторының терезесі)
Диалогтық терезе (Мерзім және уақыт терезесі)
Анықтама терезесі (Калькулятор бағдарламасы)
Терезе элементтері
Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынауға арналған белгішелер мен батырмалар бар. Олар:
- кері қайту.
- алып тастау (жою).
- алға қарай өту.
- болдырмау.
- бір деңгейге жоғары көтерілу.
- кірістіру.
- қиып алу.
- қасиеттер.
- көшіру
- түрі.
Жұмыс жүріп жатқан терезе – активті терезе. Активті терезе басқа терезелерден ерекшеленіп тұрады және жоғары орналасады. Сонымен бірге есептер тақтасындағы батырмасы басулы болып көрінеді.
Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында ? : * / символдарын пайдалануға болмайды.
Файл кеңейтілімдері:
.bmp
Paint графикалық қолданбасының суреті
.doc
Word және WordPad мәтіндік редакторларының
құжаттары
.txt
Блокнот қолданбасының құжаты
.wav
Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы
.avi
Бейнеклип
.xls
Excel кестелік процессорының құжаты
.ppt
Power Point қолданбасының презентациясы
Бума - қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады.
Жарлық - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың қапшық белгішесінен айырмашылығы-оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе программаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда оны көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
ІҮ. Компьютермен тәжірибелік жұмыс.
А деңгейі
1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
3. Құрылған жарлықтарды аттарын алмастырыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.
6. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар
6. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.
7. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
С деңгейі
1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.
3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар.
4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.
5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.
6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.
7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.
8. Жұмыс бумасын жойыңдар.
9. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Тест тапсырмасы.
қандай батырма?
А)Терезені жаймалау батырмасы
Б) Терезені жималаубатырмасы
С) Терезені жабу батырмасы
қандай батырма?
А)Терезені жаймалау батырмасы
Б) Терезені қалпына келтіру батырмасы
С) Терезені жималау батырмасы
қандай батырма?
А)Терезені қалпына келтіру батырмасы
Б) Терезені жималау батырмасы
С) Терезені жаймалау батырмасы
Windows cөзінің аудармасы?
А)Терезе
Б) әдістеме
С) практика
Терезенің неше түрі бар?
А)5
Б) 4
С) 2
Қиып алу, сақтау, көшіру, батырмалары қай панельде орналасқан?