Берілген уақыт | Пәні: Информатика | Мерзімі: | Сыныбы: 8 |
Сабақтың тақырыбы: | Электрондық кесте. |
Сабақтың реті: | 26-сабақ |
Жалпы сабақтың мақсаты: | Электрондық кесте тақырыбын бұрынғы білдерін пысықтай отырып меңгереді. |
Оқу нәтижелері: | Электрондық кесте туралы толық біледі; Электрондық кестеде жұмыс істеу қабілеті артады; Өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды; -Ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
Түйінді идеялар: | Оқушылар «Электронды кесте» туралы білімдерін шыңдайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Топ арасында формативтік бағалау нәтижесінде ынталандыру жүргізіледі; |
Сабақтың типі: | Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Көңілді смайлдар, ойқозғау, ойлан-бірік-бөліс, 3К және Ә, парталас көршіне бір сөз таңда, өздерін тексеру парағы, білім теңізне кемеңді жібер |
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер. |
І Қызығушылығын оятукезеңі: |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
3 мин | 1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушыларға өз есімінің бас әріпінен басталатын сын есіммен өзін сипаттау. Мысалы: Әдемі-Әсел, батыл-Бақтияр, ақылды-Айдана, дарынды – Досан, сабырлы - Сымбат | Оқушылар шатық шеңбер арқылы өз аттарының бас әріптерінен басталатын сын есіммен өздерін сипаттау арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады. |
1 мин | 2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Техникаға байланысты оқушылар топтарға бөлінеді. 1.Принтер 2.Сканер 3.Модем | Оқушылар таңдаған техникасы бойынша 3 топқа бөлініп отырады. |
1 мин | 3-әрекет: Жеке жұмыс: Көңілді смайлдер әдісі бойынша көңіл-күйлерін білу | Оқушылар алдарында жатқан смайлдар арқылы дәл осы уақыттағы көңіл-күйлерін білдіреді. |
5 мин | 4-әрекет. Ұжымдық жұмыс: бүгінгі сабақтың тақырыбын интербелсенді тақтадағы тапсырмадан жауабын табады. | Оқушылар тақтадағы 6 ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді, ұяшық ашылған сайын артындағы сурет ашылады. Ол суреттен оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі.
|
| ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
12 мин | 5-әрекет.Топтық жұмыс: Ойлан, бірік, бөліс әдісі бойынша Шар ішіндегі тапсырма бойынша А 4 парағына мағынасын ашу туралытапсырма беру. Электрондық кесте, диаграмма, редакциялау дегенімізді қалай түсініп, елестете аласыңдар? Ойларыңды постерге түсіріңдер | Әр оқушы жеке, жұбымен, тобымен ойланып, ойларын сурет, сызба арқылы постерге түсіреді. Жариялайды. |
3 мин | 6-әрекет: 3К және Ә әдісімен. Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет. | Әр топ өздеріне ұнаған постерде орындаған топқа 3 жақсы ұнаған жағын және бір ұсынысын айтады. |
2 мин | 7-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Ойсергек «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасауларын ұсыну. | Оқушылар «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасап сергейді. |
1 мин | 8-әрекет: Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын беру: «2030 компьютері» электонды газет жасап келу. | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды. |
| ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
12 мин | 9-әрекет.Жеке, топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылар топтарына берілген практикалық жұмыс жасайды | Жеке, топтық жұмыс: жұпта, топта талқылап, түсініп бірге практикалық тапсырмаларын орындайды. |
3 мин | 10-әрекет:Жеке, топтық жұмыс: Парталас көршіңе бір сөз таңда әдісі бойынша «Сен жарайсың; Сенің жасаған практикалық жұмысың маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдалану арқылы құрдастарын бағалату | Оқушылар «Сен жарайсың; Сенің жасаған практикалық жұмысың маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдаланып құрдастарының жұмыстарына баға береді |
2 мин | 11-әрекет: Жеке жұмыс: Білім теңізіне кемеңді жібер әдісі бойынша кері байланыс орнату | Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемелерін теңіз ортасына жібереді, түсінбегендер кемелерін теңіздің шетіне орналастырады. |
| Мұғалімі | Малыбаева Гульмира Адильбаевна №39 лицейдің информатика пәнәнің мұғалімі |