Microsоft Еxcel - электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Microsоft Еxcel - электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Microsоft Еxcel - электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Күні: 22.11.2018
Топ: ХП-14
Пән: Информатика
Сабақтың типі: Тәжірибелік
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: студенттерге Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.Техникалық тапсырма жазу ережелерімен танысып оны құру
2.Дамытушылық: студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: болашақ мамандықтарында нәннен алған білімдерін қолдана білуге шақыру, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережесін сақтауға назар аудару Пәнаралық байланыс: математика Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, таратпа материалдар.
Сабақтың құрылымы: Сабақ 3 кезеңнен тұрады: 1) «Ой қозғау» 2) «Білім бүкіл өміріңе» 3) «Ой қорғау»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Microsоft Еxcel - электрондық кесте туралы жалпы түсінік»
Microsоft Еxcel - электрондық кесте туралы жалпы түсінік
Күні: 22.11.2018
Топ: ХП-14
Пән: Информатика
Сабақтың типі: Тәжірибелік
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: студенттерге Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.Техникалық тапсырма жазу ережелерімен танысып оны құру
2.Дамытушылық: студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: болашақ мамандықтарында нәннен алған білімдерін қолдана білуге шақыру, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережесін сақтауға назар аудару Пәнаралық байланыс: математика Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, таратпа материалдар.
Сабақтың құрылымы: Сабақ 3 кезеңнен тұрады: 1) «Ой қозғау» 2) «Білім бүкіл өміріңе» 3) «Ой қорғау»
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, студенттерді түгендеу
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру, қадағалау: дәптерлерін тексеру, ДК жұмысын тексеру
1.3. Сабақ компьютерлік сыныпта өткізілетіндіктен, міндетті түрде қауіпсіздік ережесін білуіміз қажет.
Қауіпсіздік ережесі:
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады. - Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды; - Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. - - Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс. - Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ; - Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады. - Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары: - Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ; - Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек. - Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар: - ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек; - Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі; - Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады; - Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет. - Көз жаттығуларын білу міндетті.
1.4.Жаңа тақырып: : Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
- Microsoft Excel электрондық кестесі туралы танысамыз,
- Негізгі ұғымдармен танысамыз,
- Бағдарламада жұмыс істеуді үйренеміз
I кезең – «Ой қозғау»
2. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді? Соны тексереміз. «Microsoft Word мәтіндік редакторы» тарауы бойынша қысқаша қорытындылап үй тапсырмасын ВЕБ қосымша Кахут бағдарламасы арқылы сұралынады.
1. Мәтін беттерінің нөмірлерін қою үшін қандай әрекеттерді орындау қажет ?
А. Файл- Бет өлшемдері- қажетті параметрлерді таңдау.
Ә. Пішім- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау.
Б. Кірістіру- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау.
В. Көрініс- Бет сызбасы- қажетті параметрлерді таңдау.
2. Word құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады ?
Жоспар: 1. Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік 2. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері 3. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы. Ал ендеше тақтаға назар аударыңыздар. Бұл сабақта Microsоft Еxcel электрондық кестесімен танысамыз. Электрондық кесте деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді.
Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу;
2. Түрлі түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу ;
3. Оптимизация есептерін шығыру ;
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу, табу;
5. Графиктер мен диаграмаларды тұрғызу;
6. Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес оқып үйренуде ғылыми зерттеу істерінде әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.
ІІІ кезең– «Ой қорғау». Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары
Енді бүгінгі тақырып бойынша нені үйрендіңдер және қандай білім алдыңдар соны қысқаша сұрап өтейік:
-Excel програмасын қалай іске қосамыз: (Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу( Пуск) – Программалар (Все программы) – MS Office – MS Excel немесе жұмыс терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік менюді шақырамыз, пайда болған контексттік менюден Создать – Лист MS Excel командасын орындаймыз.)
- Электрондық кестенің жұмыс аймағы нелерден тұрады? (қатарлар мен бағандардан)
-Қатарлардың максималдық саны қанша және бағандардың саны қанша? (Қатар-16384, ал бағаналар саны - 256.)
-Ұяшық дегеніміз не?( Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі)
- Блок дегеніміз не? (Блок - ұялар жиыны ,аумағы,тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны)
4 Бекіту. Енді сабағымызда осы тақырыпты бекіту арқылы екі деңгейде тапсырма орындаймыз.
1 деңгей тапсырмасы:
Информатикалық диктант:
Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу( Пуск) – ....................–.....................– MS Excel немесе жұмыс терезесінде тышқанның ..... жақ батырмасын басу арқылы контексттік менюді шақырамыз, пайда болған контексттік менюден ............ –.............командасын орындаймыз. Excel- ді іске қосу үшін онымен байланысқан .............. тауып тышқанды сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде терезе шығады Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық Экрандағы Excel терезесінде мынадай обектілер шығады.
Жоғарғы қатар – басқару батырмалары орналасқан ........ жолы. Екінші қатар - Excel ........ қатары Үшінщі және төртінші қатарлар- .............және ...........саймандар панелдері. Бесінші қатар- енгізу,түзету қатары немесе .............. қатары Бесінші қатардан соңына дейін электрондық кестенің жұмысы парағы орналасқан.
.................... - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері.
.................. - электрондық кестенің бағаналарын белгілейді Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.
Қажетті сөздер: Все программы, MS Office, оң, Создать, Лист MS Excel,шартбелгіні, тақырып, меню, стандартты, форматты, Қатар нөмері, бағана әрпі.
2 деңгей тапсырмасы: Енді тәжірибелік жұмыс жасаймыз. Әдістемелік нұсқаулық таратылады.
Тапсырманың орындалу тәртібі:
Тапсырма. Бос ұяшықтарды формулалармен есептеу арқылы толтыру.
НДС 20% =бағасы*0,2
Құны = бағасы + НДС 20%
Қосындысы = құны*саны
№
Атауы
Бағасы
НДС 20%
Құны
Саны
Қосындысы
1
Телевизор «Sony»
20000
5
2
Телевизор «LG»
22000
10
3
Тоңазытқыш
40000
7
4
Кондиционер
18000
15
5
Компьютер
70000
10
Барлығы
Еңкішімәні:
Еңүлкенмәні:
Орта мәні:
Cергітусәті: көзгеарналғанжаттығулар
5. Қорытындылау. Бағалау Барлық кезеңдерді игеріп ең жоғары ұпай жинаған студентімізді алған білімдерін бағалаймыз
6. Үй тапсырмасы Оқулықпен жұмыс: 1.Е.Қ. Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар» 293-310 беттер. 2. Өз беттеріңмен есептеуге арналған тапсырма ойлап, жазып келу керек.3. Microsoft Excel электрондық кестесі туралы google.kz, yandex.kz сайттарынан мағлұматтар іздеп келу. Тақырып бойынша реферат жазып келу. 10 тақырып. 191-196 беттер. Интернет көздері.