Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы»
Шалатаева Дамира Сапарбековна,
Таңбалытас атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
Тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы Мақсаты а) Білімділік Дербес компьютердің негізгі компонентері мен қосымша құрылғыларын таныстыру б) дамытушылық Оқушылардың қызығушылығын арттырып, құрылғылардың блокта орналасу сәйкестігін анықтау. Негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттамалар беру. Енгізу-шығару құрылғыларының ерекшеліктерін түсіндіру в) тәрбиелік Алған білімін өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, жұмыс жолдарын түсіндіре білуге тәрбиелеу. Типі: Іскерлік-дағдыны қалыптастыру. Түрі:Сайыс Әдіс: Көрсетіп-түсіндіру. Сұраққа-жауап Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Жүйелік блок, Монитор, Маус, Пернетақта, Сканер, Принтер, Модем, Плакаттар, кестелер т.б. Сабақтың жүрісі 1.Ұйымдастыру а) Оқушылармен амандасу. ә) Оқушыларды түгендеу (45 секунд) 2. Үй тапсырмасын тексеру. а) Ерте замандағы есептеуіш құралдар. ә) Есептеуіш техникаларының ХІХ ғасырда қарқынды дамуы. в) ЭЕМ буындары 3. Жаңа сабақ Электрондық оқулықты тыңдау . Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық . Бүгінгі күні дербес компьютер көпшілік арасындағы кең тарады. Дербес компьютердің осылай аталу себебі- ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп,бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар. Кез келген ДК бірнеше құрылғыларын тұрады.Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды-бұлар монитор,жүйелік блок пен пернетақта,өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді.Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады,бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады. Компьютер алғашқыда күрделі есептеулер жүргізу мақсатында пайда болды. Кейінірек ол негізінен информациямен жұмыс істеу үшін қолданылды. Болашақта әмбебап қызмет атқаруға арналған техникаға айналмақ. Компьютер – жүйелік блок, монитор және пернетақтандан тұрады. Бұл оның негізгі бөліктері. Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен өзара жалғастырылады. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнай блоктар-адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы,монитор процессор мен дисплей контроллері,ал принтер порттар контроллері арқылы т.с.с. жалғасады. Контроллер н/е адаптердің міндеті-процессордан келіп түскен ақпараты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру. Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тоғының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.Жүйелік блоктың ішін көру үшін, оның артқы қақпағын ашу керек, оның конструкциясында жүйелік блоктың әртүрлі типтері үшін айырмашылықтар бар. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт- дискіден оқитын CD – ROM орналыстырылған. Кейбір жүйелік блоктың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады. Жүйелік блоктар келесі түрлерде: үстелге қоятын ( көлденең орналасқан ), «еденде» немесе «мұнара» түрінде ( тік орналасқан) шығарылады. Мұнараға ұқсас жүйелік блок өз кезегінде бірнеше түрде болады, олар: мини- оны үстелдіңшетіне, миди- оны жеке үстел үстіне орналастырылады, мұнара- оны еденге қояды. Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақша), просцессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл дискжетек, CD – ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар. Компьютердің артқы тақтасында кіру негізгі (монитордың, пернетақтаның, маустың порттарын) және қосымша құрылғыларды (принтердің,модемнің,сканердің,микрафонның порттарын) қосатын порттардың ажыратып- қосқыштары бар. Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьтердің жұмысын басқарады және бағдарламаларды барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады,оны кеңарна немесе немесе шина деп атайды. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор ( Pentium) « пентиум » деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютердіде « пентиум » деп атайды. Компьютерлердің негігі сипаттамасының бірі – оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетің жиілікке байланысты. Жиілік жоғарлаған сайын, компьютерде жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Дисплей- компьютердің экраннынан ақпаратты шығаратын құрылғы. Сырқы пішіні бойынша десплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телезиалық техникадағыдай Монитор деп атайды. Дисплей- компьютердің « тілі», ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады. Дисплей электронды- сәулелік түтікшеден, коректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, экранда тек мәтіндік ақпарат, ал графикалық болса, экранда символдық ақпараттардан басқа әр түрлі графиктер мен суреттер шығаруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды ( қара- ақ түсті) болуы мүмкін. Монитор экранынадағы кез-келген көрініс ( кескін) түрлі түсті нүктелерден ( егер монитор түрлі түсті болса) немесе сұр нүктелердің әртүрлі реңдерінен ( егер монитор монохромды болса) тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен бірі боялған тағы үш ұсағырақ нүктелерден тұрады.Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оны ажырату қабілеті де жоғары, мониторда жақсы болады. Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320*200 пиксельді монитор деп атады. 1984 жылы EGA-640*350 пиксельді монитор шықты.Қазіргі компьютерлер VGA-640*350 немесе SVGA ( 800*600-ден 1248-1024-ке дейін) мониторлары орналастырылады. Қазіргі дейсплейлердің басты бөлігі электронды- сәулелі түтікше (ЭСТ) болып табылады. ЭСТ- іші люминаформен сырланған, тік төртбұрышты экраны бар, енсіз әйнек цилиндр. ЭСТ ішіндегі арнайы конструкция- электрондық зеңбірек электрондар ағынын таратып, экранда кескін шығу үшін, оны өте жоғары жылдамдыққа дейін үдетеді. Мұндай дисплейдің экранында пиксельдерді жарық шығаратын зат (люминоформ) жасайды, ол дисплейдің электрондық зеңбірегі (пушка) жіберетін сәуленің әсерінен жарқырап көрінеді. Бұл сәуле барлық пиксель торларының жолдарын рет- ретімен периодты түрде жүгіріп өтеді, осы жағдайда ол өзгереді: жарықтанатын нүктелерге түседі де, көрінбейтін нүктелерде үзіледі. Экрандағы нүктеге электрондық сәуленің әсері тоқтатылғанда, оның жылтырауы жылдам өшеді, сондықтан қарап шығу (сканирование) периодты түрде секундына 50-60 рет жоғары жиілікпен қайталанады. Мұндай жиілікте адамның көзі кескіннің жыпылықтағанын (жылт-жылт еткенін) байқамайды, оған кескін қимылдамай тұрған сияқты болып көрінеді. Монохромды мониторда сәуле түскен нүктелер ақ түсті, ал сәуле түспеген нүктелер (пиксельдер) қара түсті болып көрінеді Түрлі түсті дисплейде электрондық зеңбірек үш сәуле жібереді, әрбір сәуле тек бір түсті ғана жарқыратады, бірақ бұл үш нүктелер бір –біріне өте жақын орналасқандықтан, біз оны бір нүкте сияты көреміз. Қызыл, жасыл және көк түстердің араласуынан экранда түстер палитрасы құралып шығады. Пернетақта (клавиатура) Пернетақта-компьютерге ақпарат енгізуге арналғанқұрылғы.Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: -Символдық пернелер,олар пернетақтаның ортасына орналасқан.Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. 2-БӨЛІМ Компьютердің аппараттық құралдары Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, қазақ, орыс, әріптері, цифрлар тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады; - Функциялық пернелер,бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан Олар латынның F (F1,F2….,F12) әрпімен белгіленген.Функциялық пернелер компью- тердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады.Мысалы, Бейсик тілінде F1…F1 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады. -Нұсқауы немесе меңзерді экранда басқару пернелері.Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде)жыпылықтап тұратын символ.Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан,олардың үстінде бағдаршалар (стрелкалар) салынған.Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған; -Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта,олар 10 пернеден тұрады.Пернетақтада оң жақта орналасқан.Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ экранда меңзердің қозғалуын басқаруға болады.пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігін жұмыс режімін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса,онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі.Ал оны тағы бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады (пернелердегі цифрлар орнында-бағдаршалар).Жоғарыда аталған бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар.Олардың негізгілерін қарастырайық(20-сурет). 1.Enter немесе енгізу пернесі.Бұл-ең басты перне,оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын,компьютердің енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады, да компьютерге сендер прнесін басқаннан кейін жетеді. 2. Бос орын (пробел) пернесі.Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне,ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.(қатені түзету үшін) 3. немесе пернесі.Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады 4.пернесі.Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.Бас әріптерді енгізу үшін пернесін басып тұрып,одан соң символдық пернелерді басады да, қажетті әріптерді тереді. 5. пернесі.Егер бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі,тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі. 6. пернесі.Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді (символ дисплейден және машина жадынан өшіріледі) Кейбір амалдарды орындау үшін, прнелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үші екі:Ctrl және Alt арнайы пернелері бар.Мысалы,пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін,Alt+Shift пернелерін қатар басады,яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып,содан кейін Shift пернесін басады да олардың екеуін де босатады. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы- «Маус» манипуляторымен жпбдықталған. Бұдан былай оны тек маус (тышқан) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған Себебі ол – сұр түсті, тыщқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған ілгіш сымы бар қорап. Ол алқанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан (23- сурет). Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетінде ( үстел бетінде) жылжытқанда, шар айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол колмпьютерге « оңға- солға» және « жоғары- төмен» жылжыту сигналдарын береді. Алынған сигналдарды компьютер өңдейді, нәтежесінде маус нұсқағышының экрандағы орны өзгереді, яғни маус нұсқағышы экранда жылжиды. Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса,онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резенке кілемше пайданылады. Сабақты бекіту. 2.2.3. Тапсырма. Құрылғылардың Жүйелік блокта орналасу сәйкестігін анықта. Құрылғылар Орналасуы Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында Жүйелік блоктың ішінде Жүйелік блоктың артқы тақтасында Монитор порты Қатқыл диск Компьютердің қосу,өшіру батырмасы Принтер порты Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер Компьютерді қайта жүктеу батырмасы Маус пен пернетақта порттары 2.2.11. тапсырма Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр Перне аты Перне қызметі Enter Енгізу пернесі Bacspace Курсордың сол жағындағыдағы символды кетіреді Бос орын Символдарды бірінен-бірін ажырату үшін пайдаланады. Shift Бұр кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланады Caps Lock Үлкен әріптер енгізіледі Delete Курсордың оң жағындағыдағы символды кетіреді Тапсырма Сөзжұмбақ Карточкадағы Сұраққа жауап беру. Нұсқауларға жауап беру жауап беру. Сабақты қорытындылау. Д.К. –ге жалғанған құрылғылардың барлығы негізгі құрылғысы болмайды. Уйге тапсырма. Тақырыпты оқу