Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Айналамыздағы ақпарат. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме) | 5.2.1.1-әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету |
Сабақ мақсаттары | Барлық білім алушылар үшін: Сезім мүшелерінің қызметімен қоршаған әлемнен қабылдаған ақпараттарды түрлері бойынша ажыратады және де ақпараттың берілу тәсілдерімен танысады. Көптеген білім алушылар үшін: Ақпаратты қабылдауда сезім мүшелерінің қызметін түсіндіреді. Кейбір білім алушылар үшін: Ақпаратты қабылдайтын сезім мүшелерінің қызметінің маңыздылығына дәлелді мысал келтіреді. |
Бағалау критерийлері | - айналадағы қоршаған ортадан түрлі ақпарат көздерін қабылдауды біледі; - сезім мүшелерінің қызметін түрлі ақпаратты ажырату үшін қолданаалады; - ақпараттың берілуі бойынша түрлерін ажырата алады. |
Тілдік мақсаттар | Білім алушылар орындай алады: Пәндік лексика және терминология: ақпарат, хабар, ақпарат түрлері, ақпарат көздері, ақпаратты қабылдау, ақпараттың берілуі. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
АКТ қолданудағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қаламмен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, керібайланыс парағы т.б |
Бастапқы білім | Компьютер және программалар |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал. «Бұзық телефон» Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады. «Бірсөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! | Оқушыларды топтарға бөлуге арналған кәмпиттер. |
Сабақтың ортасы 7 мин 5 мин 2 мин 10 мин | Ширату тапсырмасы. Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау. Ақпарат алмасу не үшін қажет? Сынып, аула, отбасы және басқа да қоршаған ортадан қандай ақпарат алуға болады? Сөйлесуден басқа ақпарат алмасудың қандай түрлерін білесіңдер? Топтық тапсырма: Кесте толтыру. Ақпаратты қайдан аламыз? | Ақпаратты кімнен аламыз? | Ақпарат алу көздері | | | | Тапсырма. LearningApps.org сайтынан құрылған тапсырманы орындау Сұрақ: - адамдар үшін ақпаратты қабылдау немесе беру не үшін қажет? Жұптық жұмыс: Айналаңнан бір затты алып, зертте. «Зат атауы?», «Қандай ақпарат береді?», «Зерттеуде қай сезім мүшесін көбірек пайдалануға болады?» «Неліктен?» сұрақтарына жауап іздеп, пікіріңді жұбыңмен бөліс Топтық жұмыс (постер қорғау): Қоршаған ортадан (орманда, тауда, шөл далада, теңіз жағасында, жайлауда) адамға ақпараттың берілуін және қабылдауын қалай түсіндірер едіңдер? Қандай сезім мүшесі бәрінен артық ақпарат қабылдайтынын сурет арқылы салып дәлелде. Дескриптор: - айналадағы қоршаған ортадан түрлі ақпарат көздерін қабылдауды біледі; - сезім мүшелерінің қызметін түрлі ақпаратты ажырату үшін қолдана алады; - ақпараттың берілуі бойынша түрлерін ажырата алады. | Таратпа материалдар https://learningapps.org/display?v=p4tg5j6qn18 Плакаттар, маркерлер, жапсырмалар, түрлі-түсті қағаздар. |
5 мин | Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау. №1 тапсырма Ақпараттың қасиеттерін салыстыру. (оқулықтан) №2 тапсырма №3 тапсырма | Оқулықтан 63 бет. Сабақтың презентациясы Топтарға таратпа материал |
2 мин | Сергіту сәті | Бейнематериал https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM |
Сабақтың соңы 2 мин | Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Рефлексия О қушыларға«Нысана» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. ҚБ: Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы: 64 беттегі ақпаратты ажырату. | Оқулықтағы қосымша тапсырмалар. «Нысана» кері байланыс парағы |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу . | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |