Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау-Cіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Сабақты Блум таксономия негізінде белсенді әдістер қолдану арқылы жоспарлаймын Сабақ кезінде берілетін тапсырмалар мазмұнын оқушылардың білім деңгейлеріне, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай жоспарлаймын Дереккөздерді оқулықтан және қосымша нұсқаулықтардан, электронды оқулықтардан, интернет желісінен алып, ықшамдап ұсынамын Диалог және қолдау көрсету мақсатында оқушыларды ойланту, жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды «Миға шабуыл» әдісімен қолданамын Бағалау әрбір тапсырманың соңында ҚБ түрлерін қолдану арқылы жүргізіледі. | Әрбір тапсырмадан соң ҚБ жүргізіледі Топпен жұмыс барысында Білу деңгейіндегі «Детальдарын қосу» әдісі бойынша берілген тапсырмада топтар «бас бармақ» бойынша өзара бағалайды. Талдау деңгейіндегі«Formulator Tarsia» программасында дайындалған доминоны толтырғанда әрбір оқушының жауабы жеке мадақтау (Тамаша!, Жақсы, Керемет!) арқылы ҚБ беріледі Жұптық жұмыс барысында Жеке жұмыс барысында Қолдану деңгейі бойынша «Жұбын тап» белсенді оқыту әдістерінде «LearningApps» web сервисінде жасалған тапсырма орындауда әр оқушының жұмысы геометриялық фигуралар арқылы ҚБ беріледі Жинақтау деңгейінде ««Семантикалық карта» әдісінде жауап парағы арқылы өзін- өзі (дұрыс, дұрыс емес) ҚБ беріледі «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. | Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын, қауіпсіздік ережесін сақтауларын қадағалау. Белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында бірін- бірі топта тыңдау, сыйластық таныту, бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу құндылықтарын назарда ұстаймын |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |