Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Есептеу техникасыны? даму тарихы »
Сабақтың тақырыбы: «Есептеу техникасының даму тарихы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Есептеуіш техниканың даму тарихын білуге құштарлығын арттыру, еңбек сүйгіштікке, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, есепшот, ДК, презентация “ЕТ даму тарихы”
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:көрнекілік, ішінара іздеу, практикалық, сұрақ-жауап
Оқушылардың таным-әрекеттерін ұйымдастыру түрі: жеке дара, топтық
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру
V.Жаттығу кезеңі
VІ. Жаңа сабақты бекіту
VІІ. Үй тапсырмасын беру.Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Психологиялық жаттығу.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Викториналық сұрақтар арқылы тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі
жаңа сабақтың мақсатын айту.
өткен сабақпен байланыстыру.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Презентация көрсетіледі және ЕТ даму тарихына жасалған хронологиялық кесте жазып әр оқушының алдына беремін.
Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі даталар:
Жылдар
Оқиғалар
Б.э.д. 3000 жылға жуық
Қытайда есептеу. Қытайлық есепшот (суан-пан), римдік есепшот (абак), орыс есепшоты
1642 жылы
Француз математигі Блез Паскальдың бірінші механикалық қосу машинасы
1694 жылы
Неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц ондық жүйеде жұмыс істейтін есептеуіш машинасын құрастырды.
1801 жылы
Француз өнертапқышы Жозеф Мари Жаккард тігін станоктарына арналған перфрациондық карта ойлап тапты.
1820 жылы
Арифмометрлер сериясының шығуның басы
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары
Ағылшын ғалымы Чарьлз Бэббидж программалық басқарумен жұмыс істейтін аналитикалық есептеуіш машина проектісін ұсынды.
1890 жылы
Американдық инженер Герман Холлерит табулятор-қосу машинасын құрастырды. Ол ең алғаш рет есептеуде электр қуатын қолданды.
1930 жылы
Американдық ғалым Валневар Були бірінші компьютер – дифференциалдық анализаторды құрастырды.
1942 жылы
АҚШ-та физика және математика ғылымдарының профессоры Джон Амонасов және оның аспиранты Клиффорд Берли екеуі электрондық лампаны қолдану арқылы есептеуіш машина құрастырды.
1944 жылы
Американдық ғалым Гавард Айнен “Марк-1” релелік компьютерін жасады.
1946 жылы
Американ математигі Джон фон Нейман машинада бағдарламаны сақтау идеясын ұсынды.
1946 жылы
АҚШ-та Джон Маугли және Джон Преспер Эккерт бірінші толық электрлік-цифрлық компьютер ENIAC жасады.
1948 жылы
Транзисторлар құрастырылды.
1949 жылы
Ағылшын ғалымы Марис Уилкс бағдарлама сақтайтын EDSAC компьютерін жасап бітірді.
1951 жылы
АҚШ-та UNIVAC ЭЕМ-нің бірінші сериялары шыға бастады
1951 жылы
С. А. Лебедевтің басшылығымен Киев қаласында МЭСМ (кіші электрондық есептеу машинасы) жасалды.
1952 жылы
БЭСМ-1 компьютердерін сынақтан өткізу басталды.
1964 жылы
Интегралдық схемалар көптеп шығарыла бастады.
1965 жылы
ДЕС фирмасы алғаш рет РДР-8 мини-компьютерлерін шығарды.
ХХ ғасырдың 70 жылдары
Үлкен интегралдық схемалар ойлап табылды.
1977 жылы
Apple фирмасы СтефенВозниак және Стивен Джобстардың бірінші микрокомпьютерін шығарды.
1980 жылы
Бір кремний кристалында процессор ойлап шығарды.
Кейбір слайдтарды қызықты әңгімелермен ұштастырамын.
Енді адамдар өзі адамның қатысуынсыз автоматты түрде есептейтін машина жасауды армандады. Осындай машинаның бірінші жобасын ұсынған Кембридж университетінің профессоры Чарльз Бэббидж болды. Ол 1820-1856 жылдар аралығында “Аналитикалық машинаның” программалық-басқару жүйесін құрумен айналысты. Ол өте күрделі механикалық құрылғы болғандықтан, оны қолдану мүмкін болмады. Кейбір ғалымдар Бэбидж еңбегін нәтижесіз деп таныды. Бірақ Чарльз Бэббидждің айтқан сөзі уақыт өте дәлелденді. Ол: “Қазіргі аз түсінікті және мүлдем керексіз нәрселер болашақ ұрпақтың қажетті азығына айналады. Бұл ғылыми білімнің заңдылығы”, — деген. Аналитикалық машина проектісінің негізгі идеяларын біздің ғасырдың ЭЕМ конструкторлары қолданды. Қазіргі компьютердің негізгі компоненттері аналитикалық машинада да болды.
V. Жаттығу кезеңі
Компьютермен жұмыс жүргізу.
1. Әр оқушыға слайдтағы ақпаратты қолдана отырып, ЭЕМ буындарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін Не? Қайда? Қашан? кестесін сызу, оны компьютерде толтыру беріледі.
№
Не?
Қайда?
Қашан?
2. Карточкамен жұмыс (топпен, практикалық әдіс)
Қалдырылған сөзді тауып жаз.
Көне есептеу құралы адамның ___________ болды.
Б. э. д. Ү ғасырда Египетте, Грецияда, Римде _______________ кеңінен тарады.
Есептеуіш машинасын құру тарихы француз философы, жазушысы, математигі және физигі ________ атымен байланысты.
Қалдырылған сөзді тауып жаз.
Беббидж уақыттан озды. Оның машинасымен ___________ мамандығы байланысты болды.
1884 жылы _______________халық санағын есептеуге арналған перфорациондық-есептеу машинасын құрастырды.
АҚШ-та ___________ жылы Джон Моучли мен Джон Эккерттің ___________деген бірінші электрондық компьютер құрастырылды.
Топ жұмыстары дұрыс жауаппен салыстырылады.
3. Автотестті орындау. (10-сұрақ)
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
VІІ. Үй тапсырмасын беру. Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
1. ЕТ даму тарихына байланысты кроссворд құрастыру.
2. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина, бірақ... /ойды аяқтау/.