Панорамалы? саба?. Есептеу техникасынын даму тарихы. 7-сынып
Панорамалы? саба?. Есептеу техникасынын даму тарихы. 7-сынып
Жамбыл облысы Талас ауданы ?аратау ?аласы А.С. Пушкин атында?ы орта мектебіні? Информатика П?ні м??алімі Есимов Галымжан Талгатбекович
П?н аты: Информатика
П?н м??алімі: Есимов Г.Т.
Сыныбы: 7
Мерзімі: 26.03.2014ж
Та?ырыбы: Есептеу техникасыны? даму тарихы
Саба?ты? ма?саты:
Білімділігі: Электронды есептеуіш техникасыны? даму тарихымен танысу ж?не оны? ??рылу жолдарын ме?герту, тапсырмаларды орындау барысында теориялы? білімді практикамен ?штастыруды ?алыптастыру,
Электронды есептеуіш техникасыны? даму тарихында ?рт?рлі белгілеріне ?арай м?ліметтерді іздеу ?рекеттерін ме?геру.
Т?рбиелігі: О?ушыны? білім сапасын арттыру?а ж?не п?нге ?ызы?ушылы?ын ?здігінен ізденуге т?рбиелеу;
Саба?та пайдаланатынк?рнекiлiктер: ДЭЕМ, проектор, о?улы?тар, интерактивті та?та, о?ушы ?зі толтыратын бланкілері, электронды есептеуіш техникасыны? даму тарихы туралы б?ктемелер, Microsoft PowerPoint презентациясы
Просмотр содержимого документа
«Панорамалы? саба?. Есептеу техникасынын даму тарихы. 7-сынып»
А.С. Пушкин атындағы орта мектеп
Есептеу техникасының даму тарихы
Панорамалық сабақ
Пән аты: Информатика
Пән мұғалімі: Есимов Г.Т.
Қаратау қаласы - 2014жыл
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің Информатика Пәні мұғалімі Есимов Галымжан Талгатбекович
Панорамалық сабақ жоспары
Пән аты: Информатика
Пән мұғалімі: Есимов Г.Т.
Сыныбы: 7
Мерзімі: 26.03.2014ж
Тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Электронды есептеуіш техникасының даму тарихымен танысу және оның құрылу жолдарын меңгерту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді практикамен ұштастыруды қалыптастыру,
Электронды есептеуіш техникасының даму тарихында әртүрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру.
Тәрбиелігі: Оқушының білім сапасын арттыруға және пәнге қызығушылығын өздігінен ізденуге тәрбиелеу;
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі бағалай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.Байқағыштық, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың электронды есептеуіш техникасының даму тарихын меңгеру дағдыларын, ақпараттық сауаттылығын дамыту.
Сабақта пайдаланатынкөрнекiлiктер: ДЭЕМ, проектор, оқулықтар, интерактивті тақта, оқушы өзі толтыратын бланкілері, электронды есептеуіш техникасының даму тарихы туралы бүктемелер, Microsoft PowerPoint презентациясы
б) Техника қауіпсіздігі ережесімен таныстыру, Журналға қол қойдыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8-минут)
1) Тест
1. Ақпарат дегеніміз не ? 1. қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар; 2. белгілі бір нәрсеге берілетін мағлұматтар; 3. деректер жиыны; 4. түрлі құбылыстар.
2. Ақпараттың ең кіші бірлігі: 1. байт; 2. Кбайт 3. бит 4. Мбайт
3. Ақпаратты қандай түрде бере аламыз? 1. ауызша, жазбаша, қимыл не қозғалыс түрінде; 2. жазбаша ; 3. тек ауызша; 4. компьютер арқылы.
4. Ақпаратты тарату құрылғыларын ата? 1. теледидар, радио, компьютер; 2. газет,журнал, радио, теледидар, телефон, интернет; 3. компьютер, адамдар, түрлі желілер; 4. теледидар, телефон,интернет, компьютер.
5.Информатика- .............ғылым. 1. техникалық тасымалдаушыға ақпараттарды орналастыру туралы 2. мәліметтерді сақтау және берілгендерді сұрыптау туралы 3. ЭВМ көмегімен ақпараттарды жинақтау , өңдеу , сақтау және беру, оның қасиеттері, берілу тәсілдері туралы 4. оқу процесінде компьютерді пайдалану туралы 5. телекоммуникациялық технологиялар туралы
Алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суань-пань», жапондықтар «серобянь» деп атаған.
Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
IV. Жаңа сабақты түсiндiру. (15-минут)
ЭЕМ – 4 даму кезеңі бар
1.Механикаға дейінгі кезең. 2.Механикалық кезең. 3.Электромеханикалық кезең. 4.Электронды кезең.
1.Механикаға дейінгі кезең.
Есептеу құралдары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Сондай-ақ олар есептеу үшін үйілген, қатарлап тізілген тастарды да қолданған.
Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.
Ал қазақ халқының санау жүйесінде ұзындықты өлшеу үшін қарыс, сүйем, елі түсініктері пайдаланылды. Біздің халқымыз өздеріңіз білесіздер төрт түлікке бай. Төрт түлігінің санын бір қора қой, бір табын сиыр, бір үйір жылқы деген сөздерді пайдаланын нақты санын біліп отырған.
Есепшот Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. 1761 жылы ағылшын оқымыстысы Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Логарифм сызғышы инженерлердің бірден –бір есептеуіш құралы болып келді.
2.Механикалық кезең.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып өзінің механикалық есептеу машинасын –арифмометрді құрастырды. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды. Есептеуіш техникасының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғының авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина ” жобасын жасады. Дүние жүзі бойынша алғашқы болып, 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс бірінші программист деп саналды.
3.Электромеханикалық кезең.
ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.
4.Электронды кезең.
ХХ ғасырдың 1-жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды-ваккумды лампалар болды. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. 1946 жылы Американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-ның жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. Мақалада баяндалған идеялар “Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы” деп аталды.
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебадевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ деп атады.
1960 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында екінші буынды ЭЕМ –дер шығарыла бастады. Олар: М-220, БЭСМ-3, Урал-11, Урал-13, Минск-22, Минск-32, т.б.
1970-1980 жылдары АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлер шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші фирма болып саналады.
Ал 90-жылдардың басынан бастап APPLE Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни “жасанды интеллект” ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда , ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасың, мәселені (есепті) шешетін болады.
V. Сергіту сәті (5-минут)
Миға арналған жаттығулар /логикалык тапсырмалар/
І-топқа
10
7
11
10
3
8
5
7
9
6
11
6
1. Берілген кестенің вертикаль, горизонталь және диагональ ұяшықтарын қосқанда бірдей сан шығатындай етіп 3,4,5,6,8,9 сандарын орынын тауып орналастырып шығыңдар.
ІІ-топқа
Киноға билет алу үшін Айбек, Марат, Қанат, Жамбыл және Нұржан қатарға тұрды.
1.Мұндағы белгілісі Айбек Мараттан бұрын ал Нұржаннан кейін билет сатып алады.
2.Қанат пен Нұржан бір бірінің қасында тұрған жоқ.
3.Ал Жамбыл болса Нұржанның да, Айбектің де, Қанаттың да қасында тұрған жоқ.
Кім кімнен кейін билет сатып алу үшін қатарда тұр?
VІ. Жаңа материалды түсiнгендiгiнiң алғашқы тексерiлуi. Бекіту тапсырмалары (5-минут)
Топтарға тапсырмалар беріледі. Тапсырманы әр топтан бір оқушы шығып таңдап алады.
І-топ карточкалары
ІІ-топ карточкалары
VІІ. Сабақты қорытындылау (4-минут)
Оқушыларға схема түрінде ЭЕМ даму кезеңдерін қысқаша қайталап өту.
VІІІ. Оқушылар білімін бағалау (2-минут)
№
Оқушының
аты-жөні
Үй тапс. бойынша
Логикалық тапсырмалар
Топтық жұмыс тапсырмасы/
белсенділігі
Сәйкестендіру
тесті/
Сөз жұмбақ
Қорытынды бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ІХ. Үйге тапсырма (2-минут)
«ЕТ даму тарихы» тақырыбын оқу;
ЕТ даму тарихына байланысты қосымша деректер іздеу;