Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу. Осыған сәйкес, қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа ақпараттық технологияның маңызы»
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Тенизбаева Кенжетай Бектуровна
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
Ақтау қаласы
Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу. Осыған сәйкес, қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары. Жалпы алғанда, ақпараттық технологиялар қоғам өмiрiнiң ажырамас бiр бөлiгiне айналып келе жатыр. Оны игiлiгiмiзге қалай пайдалану өзiмiздiң қолымызда.
Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.
«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» – мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер қоры, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналған іргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық технологиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылған. Олар аталған ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттық-коммуникациялық технология» ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:
- ақпаратты өңдеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда), бағдарламалық құралдарды және т.б. жасау технологиясы (В.В.Персианов, Н.А.Шайденко);
- ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы (М.И.Жалдак);
- оқытуда компьютерді қолдану (Н.В.Апатова);
- ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым (Е.Ы.Бидайбеков);
- негізгі ақпараттық процестерді жетілдіруге арналған және бағдарламалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология (Ш.Х.Құрманалина).
Жоғарыдағы аталған ғалымдардың көзқарасынан ақпараттық технология компьютер арқылы оқытудың жүйелі әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне бағыттап оқытуда түрлі техникалық, электрондық және компьютерлік құралдарды қолдану.
Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық процестерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланысты модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алу ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер қорынан және басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды.
Білім беру процесін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – процесінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту процесіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы қолданылатын тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио, видеоқұралдар, компьютерлер, интерабелсенді тақта, электронды оқулықтар, тестілеу жүйесімен бағалау, телекоммукациялық желілер т.б.).
Оқытудың ақпараттық технологиярының мәні:
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылық;
-оқу процесінде компьютерді пайдалану білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Елеулі өзгерістерді оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтармен қатар оқу процесінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді. Электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
- модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді. Оқу процесінде модельдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар білім алушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
- компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интербелсенді тәртіппен компьюер арқылы қандай да болсын пәнді оқып үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар білім алушылардың білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары кеңінен қолданылады. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін кешенді түрде қолдануды жүзеге асыру көп деңгейлі электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп деңгейлі электрондық оқулықтар:
- білім алушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
- әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға
- оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
- қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы оқыту процесін толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды.
Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту;
- оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау;
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту;
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу.
Сабақта ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- шығармашылық есептер шығару;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- іс – әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие процесінде білім алушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу – бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа ақпараттық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Ақпараттандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру.
Қазақстан мектебі, №2, 2000
«Информатика негіздері» №4 2005 ж 2, 30, бет
«Информатика негіздері» №1 2004 ж 14,16 бет
«Информатика негіздері» №4 2004 ж 2 бет
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.