kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лабораторная работа по Компьютерной графике

Нажмите, чтобы узнать подробности

В пособии представлен тематический план элективного курса «Численные методы», а также планы практических занятий. Имеется большое количество примеров решения задач по численным методам. Описано содержание и форма проведения контрольных мероприятий.  Пособие дополняет учебник Трубникова С.В. и Порошина Б.В. «Вычислительная математика», выпущенный издательством БГТУ в 2005 году и составляет вместе с ним единый учебно-методический комплекс.

Пособие предназначено для студентов БГТУ специальностей 230105 «Программное обеспечение вычислительной техники и автоматизированных систем» и 010503 «Математическое обеспечение и администрирование информационных систем». Оно может быть полезно всем студентам вузов, изучающих вычислительную математику, преподавателям и аспирантам, ведущим аналогичные учебные курсы и другим заинтересованным лицам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лабораторная работа по Компьютерной графике»

КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА. КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ТҮРЛЕРІ.


Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Компьютерлік графика және оның негізгі атқаратын қызметтері

  3. Компьтерлік графика

  4. Компьтерлік графиканың түрлері

  5. Анимация және мультипликация

  6. Ғылыми графика

  7. Кәсіби графика

  8. Конструкторлық графика

  9. Иллюстративтік графика

  10. Көркемдік және жарнамалық графика


Деректерді графикалық түрде компьютердің мониторында көрсету алғашқы рет 50-ші жылдардың ортасынан басталды. Оны тек үлкен ЭЕМ-дерде ғылыми және әскери зерттеу үшін қолданылған болатын. ЭЕМ-де сурет салумен айналысатын информатика бөлігі «компьютерлік графика» деп атау алды.

Информатиканың арнайы бұл аумағы – компьютерік графика – бағдарлама - аппараттық есептеуіш жиынтықтарының көмегімен бейнелерді құру мен оларды өңдеу әдістері мен құралдарын оқытады. Бейнені құру әдістеріне қарай компьютерлік графиканы расторлық және векторлық деп бөлімдерге бөлуге болады. Үлкен көлемді объект моделдерін құруға арналған әдістер мен құралдарды оқытатын үш өлшемді графика бөлек пән болып саналады. Тәртіп бойынша үш өлшемді графика векторлық және расторлық әдістермен құрылатын бейнелерге сәйкес келеді. Adobe PhotoShop графикалық редакторын расторлық графикаға жатқызуға болады. Оның көмегімен әсерлі мәтіндер жазуға, суреттерді өңдеуге, бейнелерді құруға және өңдеуге, батырмалар салуға, фонын таңдауға, тақырып толдарын өз қалауыңыз бойынша құруға мүмкіндік береді.


Компьютерлік графика және оның негізгі атқаратын қызметтері


Компьютерлік графика біздің өмірімізге өте жақсы енген. Қазіргі кезде компьютерлік графиканың көмегімен жасалған көптеген клиптер бар. Компьютерлік графиканың мәнерлі мүмкіндіктерді кеңейткеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оның шығармашылық қолданылуы арқасында жарнама көрермен алдында үлкен жетістіктерге жетуде. Компьютерлік немесе машиналық графика – бұл адамның қызмет аясының ең бір өзіндік облысы болып табылады. Компьютерлік графика – бұл жобалаушылар, конструкторлар және зерттеушілер үшін жаңа әсерлі техникалық құрал. Машина бұрындары математиктердің өздері салуға именетін күрделі геометриялық объектілерді бейнелейді.

Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік пәндерде көрнекі құрал ретінде, ақпарат беру үшін қолданылады. Сонымен қатар медицинада, жарнамалық бизнесте, ойын – сауық индустриясында және т.б. қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы азығы болып бейне табылады. Бұл бейне әр – түрлі сферада қолданылады. Компьютерлік графикада келесі есептер қарастырылады:

  1. Компьютерлік графикада бейнелерді беру;

  2. бейнелерді визуалдандыруға дайындық;

  3. Бейнелерді құру;

  4. Бейнелі әрекеттерді шығару.

Ақпаратты графикалық түрде бейнелеу адам үшін өте көрнекі болып келеді. Баған немесе дөңгелек сектор түріндегі индикатор көп жағдайда цифрлық приборды бергеннен әлдеқайда ыңғайлы. Қазіргі заманғы компьютердің графикалық ақпаратты енгізу, сақтау, өңдеу және шығару мүмкіндігі бар. Бұл мақсатта ол техникалық құрылғылардың толық қатарын қолданады. Дисплей және баспаға шығарушы құрылғы бұрыннан графикалық болған және олардың түспен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Бейнелерді енгізу құрылғысы, мысалы сканер, ол да осы күні өте кең тараған. Сонымен қатар, өте жылдам дамып келе жатқан үлкен көлемді ОЕСҚ бар процессорлар және үлкен көлемді ақпарат тасымалдаушылар, мысалы CD – ROM дискілер компьютерлік графиканың елеулі дамуына мүмкіндік береді.

Компьютерлік графиканы қазіргі заманда қолдану өте әртүрлі. Әр сала үшін графикалық бағдарламалар немесе графикалық пакеттер деп аталатын арнайы бағдарламалық жабдықтар құрылады.


Компьютерлік графиканың түрлері


Компьютерлік графиканың 3 түрі бар. Бұл растрлық графика, векторлық графика және фрактальді графика. Олар монитор бетіне немесе қағаз бетіне бейненің шығу принциптерімен ерекшелінеді. Растрлық графикада бейне боялған нүктелер түрінде беріледі. Бейненің мұндай әдіспен берілуі растрлық деп аталды. Растрлық графиканы электрондық (мультимедиялық) және полиграфиялық баспаларды өңдеу барысында қолданады. Растрлық графика құралдарын қолданған иллюстрациялар компьютерлік бағдарлама көмегімен қолмен өте аз жасалынады. Көбіне бұл мақсатқа сканерден өткізілген суретшімен, фотографпен жасалған бейнелер қолданылады. Кейінгі кезде компьютерге растрлық бейнені енгізу үшін цифрлық фото – видеокамералар көп қолданылады. Растрлық бейнемен жұмыс істеуге арналған көптеген графикалық редакторлар тек бейнені салуға емес сонымен қатар оны өңдеуге де арналған. Интернете әзірге тек растрлық иллюстрациялар қолданылады. Векторлық әдіс – бұл бейнелерді қиықтар және доғалар түрінде беру әдісі. Біздің жағдайымызда вектор дегеніміз – бұл қандай да бір объектіні беретін деректерді теру. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құралдар алдымен иллюстрация құруға, содан соң барып оны өңдеуге арналған. Мұндай құралдар жарнамалық ұйымдарда, дизайнерлік бюраларда, редакцияларда және баспаларда көбінен қолданылады. Шрифтерді және қарапайым геометриялық элементтерді қолдануға негізделген көрнекілеу жұмыстары векторлық графика құралдарын қолдану арқылы жеңіл шешіледі.


Анимация және мультипликация


«Компьютерлік графика» ұғымы өте кең тараған Бұл – компьютердің көмегімен сурет және сызбаларды салу. Ал компьютерлік анимация – бұл компьютерлік суреттің қозғалыспен сәйкескен кең құбылыс. «Анимация" деп негізінен мультипликация деп аталатын өнер түрін атаймыз. просвещенный «Animate» - ағылшынша және французша «тірілту», «жандану» деген мағына береді. «Animation» - бұл тірілу немесе жандану. Сонымен, компьютерл3к анимация – бұл компьютер көмегімен құрылған анимация.


Ғылыми графика


Жоғарыда айтылғандай бұл бағыт ең бірінші пайда болған. Берілу –ғылыми зерттеу объектілердің визуализациялануы (яғни, көрнекі бейне), есеп берулердің шешімдерінің графикалық өңделуі, есептеу эксперименттердің шешімдерінің көрнекі түрде өтуі болып табылады.


Кәсіби графика


Бұл компьютерлік графиканың әртүрлі мекемелердің жұмыстарында иллюстрацияларды құруға арналған облысы болып табылады. Жоспарлық көрсеткіштер, есептік құжаттар, статистикалық жинақтар – бұл кәсіби графиканың көмегімен құрылатын иллюстративтік/көркемдік материал болып табылады. Көбіне бұл графиктер дөңгелек және бағаналық диаграммалар болады.



Конструкторлық графика


Инженер – конструкторлардың, жаңа техниканы табушылардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі Жобалауды автоматтандыру жүйесінің /ЖАЖ/ (элементом систем автоматизации проектирования (САПР)) міндетті элементі болып табылады. ЖАЖ – дағы графика жобаланған құрылғылардың техникалық сызбаларын дайындауға қолданылады. Есеп берумен сәйкестендірілген графика тиімді конструкцияны іздеуді көрнекі формада өткізуге, конструкцияда өзгертулерге әкеліп соқтыратын детальдарды тиімді топтауға мүмкіндік береді. Конструкторлық графиканың құралдарымен жайпақ бейнелерді (жобалар мен қималар) және кеңістіктік, үшөлшемді бейнелерді алуға болады.




Иллюстративтік графика


Иллюстративтік графиканың бағдарламалық құралы адамға қарындаш, бояу, циркуль, сызғыш және т.б. құралдардың көмегімен қағазға сурет салғандай компьютерді еркін сурет, сызба салу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Иллюстративтік графика пакетінің қандай да бір кәсіптік бағыты жоқ. Сондықтан олар жалпы берілуді қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалар қатарына жатады.


Көркемдік және жарнамалық графика


Иллюстративті графиканың қарапайым бағдарламалық жабдықтары графикалық редактор деп аталады. Бұл телевиджениенің арқасында атағы шыққан, алайда салыстырмалы жаңа сала болып табылады. Компьютер көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеосабақтар, видеопрезентациялар және т.б. құрылып жатыр. Бұл мақсатқа арналған графикалық пакеттер жылдам қызмет етуі мен жадыс жағынан үлкен компьютерлік ресурстарды қажет етеді.



Графикалық пакеттердің бұл класының ерекшелену негізі шын бейнелерді (яғни, табиғиға өте жақын) құру мүмкіндігі, сонымен қатар «қозғалатын суреттер» жасау мүмкіндігі болып табылады. Мұндай категориялы графикалық пакеттерде шын бейнелерді құру үшін өте күрделі математикалық аппарат қолданылады. Мысалы, үшөлшемді объектілерді, олардың бұрылуларын, жақындатуын, жойылуын құру – бұның барлығы геометриямен тығыз байланысты. ЭЕМ – да қозғалатын бейнені алу компьютерлік анимация деп аталады. Көптеген адамдар көркемдеуші – мультипликаторлардың қөз фильмдерін қалай құратынын біледі. Олар қозғалыс ьеру үшін, бір – бірінен айырмашылығы аз көптеген бейнелерді салады. Содан соң барып бұл суреттер кинопленкаға қайта түсіріледі. Компьютерлік анимация жүйесі рутиндық жұмыстың мәнді аумағын өзіне алады. Мысалы, суретші экранда қозғалатын объектінің тек бастапқы және соңғы жағдайын ғана салады, ал барлық аралық жағдайын компьютер өзі есептейді және бейнелейді. Анықталған жылдамдықпен рет бойынша экранға шыққан сурет қозғалыс иллюзиясын құрады. Мультимедиа – жаңа ақпараттық технологияда салыстырмалы өте жас сала. «Мультимедиа» сөзінің астарында қолданушыға ақпараттық каналдардан бірмезгілде әсер деген ұғымды береді.


Тағы да басқаша былай айтуға болады: мультимедиа – бұл компьютер экранында жоғары сапалы бейненің (сонымен қатар графикалық анимация мен видео кадрлардың) шындыққа негізделген дыбыстық қамтамасыз етуміен бірігуі. Мультимедия жүйесі оқыту облысында, жарнама және ойын – сауық облыстарында ең көп тараған.

Компьютерлік графиканың негізгі ұғымы


Компьютерлік графика – бұл информатиканың компьютерде әртүрлі бейнелерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) алу мәселелерімен айналысатын облысы. Компьютерлік графикамен жұмыс дербес компьютеді қолданудың ең көп тараған бағыты. Бұл жұмыспен тек дизайнерлер мен суретшілер ғана айналыспайды. Компьютерлік графиканың көмегінсіз қазіргі заманғы бірде бір бағдарлама жұмыс істей алмайды. Компьютерлік графика бағдарламалаушылардың массалық қолдану бағдарламаларын шығару жұмыс уақытының 90% пайызын алады. Редакция және баспа жұмысының негізгі еңбек өтеуін графикалық пакеттермен көркемдік және безендіру жұмысы алады. Графикалық бағдарламалық жабдықтарды кеңінен қолдану Интернеттің дамуымен тығыз байланысты. Компьютерлік графиканы қолдану облысы тек қана көркемдік әсерлермен шектелмейді. Ғылымның, техниканың, медицинаның, коммерциялық және басқару әрекетінің барлық салаларында компьютер көмегімен әр түрлі ақпараттарды көрнекі түрде көрсету үшін құрылған сызбалар, графиктер, диаграммалар қолданылады. Конструкторлар машиналар мен самолеттердің жаңа модельдерін өңдей отырып бұйымның соңғы бейнесін алу үшін үшөлшемді графикалық объектіні қолданады.

Интерактивті компьютерлік графика дегеніміз – бұл бейнелерді дайындау мен қайта өңдеу үшін компьютерді қолдану, бірақ солай бола тұра қолданушы оперативті түрде бейнеге оның қайта берілу кезінде тікелей өзгертулер енгізе алады. Интерактивті граафика компьютерлік графиканың маңызды бір бөлімі болып табылады. Қолданушы интерактивті басқару құрылғысының көмегімен бейне мазмұнымен, оның формасымен, көлемімен және дисплей бетіндегі түсімен динамикалық түрде басқара алады.


Компьютерлік графиканың түрлері


Компьютерлік графиканың 3 түрі бар. Бұл растрлық графика, векторлық графика және фрактальді графика. Олар монитор бетіне немесе қағаз бетіне бейненің шығу принциптерімен ерекшелінеді. Растрлық графикада бейне боялған нүктелер түрінде беріледі. Бейненің мұндай әдіспен берілуі растрлық деп аталды. Растрлық графиканы электрондық (мультимедиялық) және полиграфиялық баспаларды өңдеу барысында қолданады. Растрлық графика құралдарын қолданған иллюстрациялар компьютерлік бағдарлама көмегімен қолмен өте аз жасалынады. Көбіне бұл мақсатқа сканерден өткізілген суретшімен, фотографпен жасалған бейнелер қолданылады. Кейінгі кезде компьютерге растрлық бейнені енгізу үшін цифрлық фото – видеокамералар көп қолданылады. Растрлық бейнемен жұмыс істеуге арналған көптеген графикалық редакторлар тек бейнені салуға емес сонымен қатар оны өңдеуге де арналған. Интернете әзірге тек растрлық иллюстрациялар қолданылады. Векторлық әдіс – бұл бейнелерді қиықтар және доғалар түрінде беру әдісі. Біздің жағдайымызда вектор дегеніміз – бұл қандай да бір объектіні беретін деректерді теру. Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құралдар алдымен иллюстрация құруға, содан соң барып оны өңдеуге арналған. Мұндай құралдар жарнамалық ұйымдарда, дизайнерлік бюраларда, редакцияларда және баспаларда көбінен қолданылады. Шрифтерді және қарапайым геометриялық элементтерді қолдануға негізделген көрнекілеу жұмыстары векторлық графика құралдарын қолдану арқылы жеңіл шешіледі.

Нақты өмірде әрбір картинка немесе сурет (фотография) бірқатар үздіксіз элементтер жинағы болып табылады. Тіпті өте мұқият қарамасақ қарындашпен түсірген сызықтағы үзіктерді байқай алмаймыз. Сандық емес фотографияның белгілі бір түстерінің немесе сұр түстерінің көлеңке аймағы да үздіксіз болып табылады. Ауысу жаймен немесе керісінше тез әрі оғаш болады, әйтсе де, бір түстің аймағы сол түстің аймағы болып қалады.

Компьютерлік әлемде графика басқа принциптерге негізделген. Мұнда үздіксіз ешнәрсе жоқ, сканерден немесе сандық фотоаппараттан алынған бейнелердің, экранға немесе принтерден берілген кесіндері әрқашанда дискретті, яғни жеке нүктелерден тұрады. Бұл нүктелер анықтай алмайтындай өте кіші болуы мүмкін, әйтсе де сандық картинка – мозаика, басқаша айтқанда растр болып табылады.

Бейнелері нүктелер матрицасы түрінде өңдеу және сақтау принциптері растрлік графика деп аталады. Осы графикамен жұмыс істеуге арналған программа – Adobe Photo Shop. Растр (биттік матрица) түрінде фотобейнелер, әдетте толық түсті күрделі графика болып сақталады, олардың жұмыс принципі фотографияны өңдеумен сәйкес келеді.

Сонымен растрлік бейне тізбектелген (қатар бойынша) нүктелер жиынынан құрылған бейне болып табылады. Бұл теледидарлық техникадан алынған, таң қаларлық алғашқы мониторлар (ал үлкен есеп бойынша қазіргі кездегі) телеқабылдағышы жоқ телевизор ьолып табылады. Әрбір нүкте, оның түсі бойынша сақталады. Алынған түрлі-түсті мозаика, ең соңында біртұтас бейне сияқты болып көрінеді.

Бірлік ұзындыққа (әдетте-дюймге) сәйкес келетін нүктелер саны, мүмкінділік (разрешение) деп аталады да картинканың сапасын анықтайды. Мүмкінділігі неғұрлым жоғары болса (яғни нүкте саны, сақталған түстер) соғұрлым бейне сапасы да жоғары болады. Бейне сапасын сипаттайтын тағы бір шама дюймге келетін сызық (линиатура) саны, бұл көбінесе баспа жұмыстарында қолданылады.

Мүмкіндік dpi (дюймдегі нүкте саны) мен Ipi (дюймдегі сызық) басқа пиксел (монитор экранындағы нүкте саны) бойынша есептеледі. Мысалы – компьютер мониторының мүмкінділігі 1024*768 пиксел десек, бұл экрандағы әрбір жатық горизонталь сызығында 1024 нүкте, 768 сызық бар екендігін білдіреді. Бұл кезде экран мүмкінділігі дюймдегі нүкте бойынша алғанда 72-ге тең болады.

Картинканы растрлік тәсілмен сақтаудың тиімді жақтары көп. Ол тек монитор ғана емес, сканер және принтерлерге де ыңғайлы болып табылады.

Corel Draw программасы векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған. Векторды бар болғаны тек екі сандар жұбы арқылы (басы және соңының координаталары) беруге болады, оған қоса түсі туралы мәлімет - әрбір нүкте үшін жеке емес, барлық нүктелерге бірден беріледі. Мұндай тәсіл, мәліметтерді сақтаудың қосымша шығындарын төмендетеді (бірдей бейнені векторлық файл етіп сақтағанда оның алатын орны, растрлікке қарағанда он типті жүз есе аз болады).

Векторлық графика – бұл сызықтық бейне (әдетте тікелей немесе оған ұқсас программада құрылады). Corel trace утилитінің көмегімен растрлік бейнені векторлыққа түрлендіруге болады. Түрлендіру нәтижесі, бейне сызықтық болған кезде өте сәтті шығады. Осыған кері процесті, яғни Corel Draw программасында жасалған бейнені растрлік форматқа түрлендіру мүмкіндігі бар.

CorelDRAW бағдарламасымен жұмыс істеудің негізгі принциптері

CorelDRAW-мен жұмыс істеу алдында CorelDRAW-дың жалпы мүмкіндіктері туралы мәлімет алуымыз керек. Мысалы оларды реализациялау құралдары және редактрмен жұмыс істеудің негізгі әдістерімен. Басқада векторлық графика редактрлері сияқты CorelDRAW-дың негізгі мүмкіндігі объект түсінігі болып табылады. Кез-келген иллюстрациямен жұмыс істеу үшін бірінші объект құрудан басталады, одан кейін оларды редактрлеу мен қажетті орындарға орналастыру керек. Алдымен объектінің жуық мәні құрылады, одан кейін форманы бекіту үшін жобаға қосымшаларды қосып, жойып және ауыстыру әдістерін қолданамыз. Объектінің қажетті формасы құрылғаннан кейін жобаның түсі және объект түсі таңдалады. Редактрде стандартты фигураларды құруға болады: төртбұрыштар, элипстер, көпбұрыштар, автофигуралар, тор мен ирелектер, сонымен қатар түзу және қисық сызықтан тұратын жеке фигуралар. Стандартты фигуралар ішінде күрделі суреттер бар. CorelDRAW мәтіндермен жұмыс істеу әдістері мәтіндік редактрлеу мүмкіншіліктеріне жақындады. Форматтаудың үлкен көлемді мүмкіндіктері ол редактрде үлкен көлемді мәтіндік құжаттарды құра алады және оны суреттермен әрлейді. Редактрде құрылған әрбір сурет бір немесе бірнеше объектіден тұрады. Объект ретінде кез-келген расторлық графика редакторының көмегімен жасалған және CorelDRAW-ға импортталған расторлық суреттерді қолдануға болады.

Қорытындылай келе CorelDRAW-мен жұмыс істеудің негізгі принциптерін тізіп шығайық:

  • Қарапайым геометриялық бейнелерді немесе қисық және үзбелі, тұйық және ашық фигураларды құру. Мәтіндерді форматтау мен қою.

  • Кез–келген объектіні редактілеу, жоба түсін өзгерту, объект формасын өзгерту

  • Құжатқа бұрын сіз құрған иллюстрацияларды немесе дайын суреттерді қою.

  • Әр түрлі көркемдік әсерлерді қолдану.

  • Барлық объектілердің қажетті орындарына қою, объектілердің бір – бірін жабу тәртібін анықтау.


Редактор жұмыс терезесінің элементтері


CorelDRAW программасының жұмыс терезесі басқа графикалық редактрлер терезесінен көп айырмашылығы жоқ. CorelDRAW-ды іске қосыңыз. Экранда программаның алғашқы диалогы пайда болады, егер сіз бұл режимді басында қайтару (отмена) етпесеңіз. Бұл режимді қайтару үшін Show this Welcome Screen at startup (бұл терезе жұмыс іске қосылғанда көрсетілсін) жалаушасын алып тастау керек. Жаңа құжат құру New Graphic (Құру) вариантын тышқанмен шерту арқылы таңдаңыз. Алғашқы диалог жабылады енді сіз иллюстрациялармен жұмысты бастай аласыз, бірақ алдымен программаның құрылысына көңіл бөлеміз. Егер жұмыс терезесі барлық экранды алмай тұрса программаның тақырыпшасында орналасқан жабу кнопкасын басыңыз. Егер жұмыс терезесі барлық экранды алып тұрса онымен жұмыс істеу ыңғайлы болады.

CorelDRAW векторлық графикасының редактрдегі жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысамыз. Кез – келген Windows ортасындағы программалар сияқты CorelDRAW терезесінің жоғарғы бөлігінде терезе тақырыбы мен меню қатары бар.


Бағдарламаның жұмыс терезесі


Бағдарлама терезесінің ортасында жұмыс аумағы деп аталатын парақ бетінің суреті орналасқан. Сіз суретті жұмыс аумағының ішінде және одан тыс жерлерде сала аласыз, бірақ баспадан тек жұмыс аумағында жасалынған жұмыстар шығады. Жол шығыршақтары суреттер бойынша қозғалуға мүмкіндік береді, ал өлшеуіш сызғыштар суреттердің элементтерін дұрыс салуға және олардың көлемін өлшеуге арналған. Түстермен жұмыс істеу үшін терезенің оң жақ бөлігінде түстер палитрасы орналасқан. Іс-қимыл жолында редактрмен жұмыс істеуді жеңілдетуге көмектесетін әртүрлі ақпараттар шығады. Жұмыс істеуге негізінен қажетті құралдар құрал-саймандар тақтасында орналасқан. Бұл құралдар редакторда кез-келген операцияларды оңай әрі жылдам орындауға мүмкіндік береді.

Ең негізгі панель Property Bar (панель қасиеті). Құрал – саймандар тақтасын қозғалту үшін оны тышқан көмегімен орындаймыз. Тақтаны терезенің кез–келген аумағына қоюға болады. Кез–келген құрал-саймандарды алып тастауға немесе көрсетуге болады.

Тышқанның оң жақ батырмасын құрал-саймандар тақтасының бос жерінде шертсеңіз көмекші меню шығады. Көрінетін панелдер жалауша белгіленген. Көмекші менюдегі Standard (негізгі) командасын таңдау үшін жалауша қойыңыз. Егер экранда меню қатарын көрмесеңіз Menu Bar (меню панелі) командасын таңдаңыз, нәтижесінде програма терезесінде меню қатары пайда болады. Программа терезесіне Property Bar (қасиеттер панелі), Toolbox панелі (Графика) және Status Bar (іс-қимыл жолы) қойыңдар.

Текспен жұмыс істеу


 



графикалық редактор Corel Draw тексті өндеу үшін арнайы текст деген сайман қолданылады. Оның мүмкіншіліктері аз болса да қолдануға өте ынғайлы. Corel Draw текстық объектілерді екі түрде қолдануға мүмкіндік береді: қарапайым текст (Paragraph) және артистикалық текст (Artistic). артистикалық текст (Artistic) көбінесе көркемді публикацияларды қолдану үшін қажет. объект Artistic еңгізу үшін пиктограмма басу қажет, ол саймандар панелінде орналасқан. Экранның керекті жеріне апарып басуға болады, сосын тексті еңгізуге болады. Егер көп көлемді текст жазатын болса формат Paragraph қолдану қажет. Объект Paragraph еңгізу үшін пиктограмманы бірнеше уақытта үстап сосын тандап алу керек. Объектіні құру кезінде парақта текст еңгізілетін орнын көрсету керек.

Текст объектісімен нешетүрлі эффектерді құруға болады, ол үшін Effects мәзірінен: маштабтау, созу, қысу, айналдыру-командаларын қолдану керек

Corel Draw программасындағы текспен жұмыс істеу үшін негізгі операцияларды қарастырайық. Текстін түрін форматтау үшін Text мәзірін қолданады

Text Roll-Up

Текстін негізгі параметрлері: қолданылатын шрифт, оның көлемі, қатарлардың дұрыстауы /оң жағы, сол жағы, орталық, көлденең/.

Character...

Бұл пункті тандау кезінде қолданушы шрифті, көлемді, символдар стилін /сызылған, үстінен сызылған,астынғы, үстінгі регистр/, символдар арақашықтығын, сөздер және қатарлар арақашықтығын, қатарларды дүрыстауды /оң жғы,сол жағы, орталық, көлденен/ өзгерту үшін мәзірді қолданады

Paragraph...

Тек Paragraph объектісін қолдану үшін. Бұл мәзірде текстін параграф параметірің, сөздер және символдар, параграф шек арасын, оң жақ және сол жақ отступтарың, табуляция позицияларың өзгертуге болады. Арнайы көркем шрифтерінен/аңдар, азық-түлік,музыкалдық символдар және т.б./ символдар еңгізуге болады.


Frame...

Тек Paragraph объектісін қолдану үшін. Тексті газет форматында шығару үшін, яғни колонкалар тәрізді қолданады. Колонкалар саны – 1 ден 8 дейін

Fit Text To Path

Бұл команда тексті объектімен беріктіреді, текст сол объектінің бойымен майысады. Астында мысал келтірілген. Бұл операцияны қолдану үшін екі объектіні белгілеу керек. Сол кезде әдемі жаңа объект пайда болады. Мұнда тексті өндеуге болады.

Corel Draw программасында тексті әр түрлі тұрлендіруге болады. Мысалы параметрі бойынша «заборчик» түрінде құрастыруға болады, немесе тексті қай жағынаң жазуға болатындығын тандауға болады: үстінен, астынан, оң жағынан және сол жағынан.

Бұл эффекті әдемі буклеттер, рекламдық анықтамалар үшін қолданылады.

Align To Baseline

Тексті базалық сызық бойынша дұрыстайды.



Straighten Text

Тексті базалық сызық бойынша дұрыстайды және барлық символдар форматтарын /біріктіру, қисайту/ өз қалпына келтіреді.

Type Assist...

Текпен жұмыс істеу кезінде арнайы сервистық примочкалар:

  1. 1.   Capitalize first letter of sentences – бірінші әріпті бастапқы әріппен жазады.

  2. 2.   Correct two initial, consecutive capitals – егер сөз екі бас әріппен жазылса /көбінесе қате жазған кезде/, онда екінші әріп кішкентай әріппен жазылады.

  3. 3.   Capitalize names of days – Алғашқы әріп күндер, апталар жазылған кезде бас әріппен жазылады.

  4. 4.   Replace text while typing – серфистық функция, екі есеп шығару үшін қолданылады: кейбір қиын және көп кездесетін сөздерді тез еңгізу кезінде. (мысалы, ARR - All Rights Reserved). Corel Draw программасында резервталған алмасу тізімдер орналасқан, бірақ қолданушы өзіде қосымша еңгізе алады.

Spell Checker... – орфографияны тексеру.

Thesaurus... - әр сөздін оның синонимімен алмасу мүмкіндігі. Find... - найти текст.

Replace... - тексті ауыстыру мүмкіндігі.

Edit Text... – өте қарапайым тексті еңгізу формасы. 

Текстпен неше түрлі операциялар жасауға болады: созу, сығу, айналдыру, орын алмастыру және т.б. Ол үшін Effects мәзірінен Transform Roll-Up пунктін тандап алу керек.

 

Көлемін өзгерту:

Үстіне қарай

 

Көлеміне қарай

 

пропорционалды

 

курсорды бір қара квадраттын үстіне апарып шертіп оң жак кнопканы басып жібермей созу керек. Бейне жаңа масштабта қайта құрылады.Егер квадраттың бұрышынаң созсақ, онда көлденен және ұзындығы пропорционалды өзгереді.

Астында текстық объектілердін көлемінің өзгеруі мысал ретінде көрсетілген. 

 

 

 

Айналу және орын ауыстыру (тексті тағы бірлет шерту керек):

 

Көлденен бойынша қозғалту

 

Жоғарыға қозғалту айналдыру

Курсорды бір стрелкаға апарып оң жақ кнопканы басып керекті жерге курсорды орналастыру керек.Бұрыштық стрелкалар –айналдыру, қалғандары- қозғалту. Ортасында орналасқан шенбер – ол айналдыру орталығы, оны қозғалтуға болады.

Астында тексті қозғалту және айналдыру мысалдары келтірілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

Барлық операцияларды визуальды ғана емес, сандарда еңгізуге болады ,ол үшін Transform Roll-Up пунктін Effects мәзірінен тандап алу керек. Мұны орындаған кезде орын алмастыру,айналдыру, көлемін өзгерту, айна көрінісін, қозғалту кнопкалары пайда болады. Ол үшін Apply командасын қолдану керек.

 



Отражение (Mirror)

Бұл функция тексті оңнан солға қарай айналдыру үшін немесе үстінен астына қарай айналдыру үшін қолданылады.

 Осы операцияларды орындаған кезде тексті өндеуге болады. Ол үшін CTRL+SHIFT+T (Edit Text...пункті Text мәзірінде) қолдану керек.




Тексті объект бойында орналастыру үшін:

  1. Текст жазып оны белгілеп алу керек

  2. Текст мәзіріндегі «форматировать текст» командасын қолдану керек

  3. Белгілі бір объект сызу керек / мысалы, шеңбер/

  4. тексті белгілеп Текстпреоброзовать в фигурный текст командасын орындау қажет.

  5. Тексті және объектіні белгілеп алып

  6. «Подогнать текст к пути» командасын орындау қажет.


Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі.

CorelDRAW объектілерінің үлгісінде нүктелік бейнелерге (bitmap) айрықша класс бөлінген. Монохромды және түрлі түсті нүктелі бейнелер ажыратылады. Сонымен қатар, қандай түс үлгісінің қолданылатына байланысты түрлі түсті нүктелік бейнелер ішкі кластарға бөлінеді, ең көп тарағандар RGB және CMYK. Түс үлгісінің (түс тереңдігі) нүктелік бейнесінің жалпы ішкі класының тізімі өзіне келесі баламаларды қосады: штрихтік бейнелер (Black and White. Пикселге 1 бит), монохромдық жарты ендік бейнелер (Grayscale. пикселге 8 бит), дуплекс (Duotone, пикселге 8 бит), RGB (пикселге 24 бит). Lab Color (пикселге 24 бит) және CMYK (пикселге 32 бит).

CorelDRAW объектісі ретінде нүктелік бейнелердің негізгі атрибуттары түс үлгісі, кеңейтулер, габарит мөлшерлер және бұрылу бұрышы болып табылады. Штрихты нүктелік бейненің (ақ-қара) алдыңғы жолдағы түс пикселі сулы түсі, ал фонның түстік пикселі – құю түсі болып есептеледі. Үндемеумен импортталатын нүктелі бейнелер CorelDRAW құжатына кірістіріледі. Бұл мынаны білдіреді. Құжатқа сәйкес файл құрамына бейнелердің толық көшірмесі қосылады. Бір жағынан – бұл файл мөлшерін маңызды үлкейтеді (жаманы), ал басқа жағынан – CorelDRAW құралдарымен нүктелік бейнелерді өзгертуге мүмкіндік туғызады, мысалы, нүктелі әсерлерді қолдану арқылы.

Бейнені импорттау кезінде оның байланыс режимін беруге болады. Бұл жағдайда CorelDRAW файлының құрамына төмендетілген кеңейтулері бар нүктелік бейнелердің кішкентай көлемді көшірмесі қосылады, оның көмегімен барлық әрекеттер орындалады. Бастапқы нүктелік бейнелер тек баспадан шығу процесінде ғана қосылады. Мұндай импорттау әдісі файл көлемін қысқартады, бірақ байланысты бейнелерге нүктелі күшті әсерлерді қолдануға болмайды.

Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден түратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады. Машиналық график бағдарламасы жұмыс істейтін барлық бейнелер екі сыныпқа бөлінеді: нүктелік және векторлық.

Машиналық графика терминологиясында (тәжірибелік информатикада бейнелерді автоматтандырудың және оларды компьютер көмегімен өңдеудің саласында) нүктелік бейне көлемі бойынша (яғни, бірдей көлемді және бірдей фигуралардан тұратын ұяшықтар) және жайпақ геометриялық фигуралар бойынша (көбіне, квадраттар немесе шеңберлер) бірдей, үнемі қолданылатын желілерде орналасқан пиксельдер массивін атайды. Әр пиксель үшін қандай әдіспен болса да түс беріледі (негізінен түс тіркелген бірлік санымен кодталады). Компьютер жадысында нүктелік бейнелерді беру — дегеніміз бұл барлық пиксельдердің түсі туралы мәліметтер массиві.

Виртуальді әлемнің нүктелі бейне түрінде пайда болуы, нақты өмірде мозаика болып табылады. Бұл пайда болу тізілу деп аталады және полиграфияда, компьютерлік графикада, дәстүрлі бейне өнерінде өте үлкен рөл ойнайды.

Соңында бұл идеяны өнерге Пуантилизм техникасын өңдеген импрессионшылар ұсынды. Исакиевтік соборды, Христовтың жексенбілік храмын, Орыс музейін және Эрмитажды көріп келген соң, нүктелік бейнелермен жұмыс техникасы бірінші компьютер пайда болғанға дейін пайда болғандығын көруге болады.

Нүктелік бейнелердің тағы бір мысалы – қазіргі уақытта өте көп тараған «Япон кроссворды» десе де болады. Кез-келген компьютердің мониторындағы сурет, нүктелік, ол үлкейткіш шыныдан өте жақсы көрінеді. Көптеген принтерлер көбіне нүктелік бейнелерді басып шығарады.

Paint программасы – нүктелік бейнелермен жұмыс істеуге арналған.


Векторлық бейнелер


Векторлық бейне деп көбіне күрделі және әртүрлі геометриялық объектілерді айту қалыптасқан.

Векторлық графиканың ерекшелігі, әр объекті үшін оның түрін нақтылайтын басқару параметрлерді анықтайды.

Мысалы, дөңгелек үшін басқару параметрлері болып диаметр, түр, сызықтың типі және жалпақтығы және ішкі облыс түрі табылады.

Компьютер жадысында нүктелік бейнеге қарағанда, векторлық бейнені беру өте қиын. Жеңілдеткенде, бұл бейне құрылған барлық объектілерді береді деп есептеуге болады.

Мектеп бағдарламасында векторлық бейнелеу геометрия, сызу және математика (функция графигі) сабақтарында пайда болған. Техникалық оқу орындарында оқитындарға аналитикалық геометрия сабағында векторлық бейнелермен жұмыс істеуге тура келеді.

Нүктелік бейнені экранға немесе баспаға шығару процесі өте қарапайым – экранда пиксельге әр түрлі түрлермен жанатын люминифордың үш бөлігінен тұратын топ сәйкес келеді, принтер пиксельді сияның тамшысымен немесе тонер дағымен бейнелейді.

Векторлық бейнелерді басатын құрылғыға конструкторлық барысында көп кездеспейтін графоқұрғыштар жатады. Әр уақытта векторлық бейне баспаға шығару алдында нүктелік бейнеге өзгертіледі. Мұндай процесті машиналық графикада рендеринг деп атайды.

Жоғарыда келтірілген салыстырудан векторлық бейнемен жұмыс істеу қиын деген ұғым қалыптасуы мүмкін. Алайда көптеген жағдайда нүктелік және векторлық бейнелердің арнайы жетістіктері мен кемшіліктері шешуші ролде болады.

Нүктелік бейненің негізгі кемшілігі тіркелген пиксель көлемінде болады. Сондықтан үлкейту немесе кішірейту кезінде қажет емес эффект туындайды. Бейнені үлкейту кезінде бір-біріне өте қатты «сығылған» пиксельдер арасында бос орын пайда болады. Оны ештеңемен толтыруға келмейді. Тек қасында бос орында кездесетін пиксель көшірмғесімен толтыруға болады. Алайда пиксель көлемін өте қатты үлкейтуге болмайды. өйткені өте үлкен пиксельдер біркелкі бейне болып көрінбейді. Мұндай эффекті «бидай шықты» деп атайтын кәсіби фотографтарға өте таныс. Шынында да өте қатты үлкейтілген нүктелік бейнелер көрінетін бидай құрылысын береді. Машиналық графикада мұндай құбылыс боялудың бүлінгендігі деп аталады.

Нүктелік бейнелердің көлемін сақтай өзінің бастапқы пиксель отырып тек екі, үш және т.с.с. үлкейтуге болады. Егер бұл шарт орындалмаса, бейнеде ирек түпті сызықттар пайда болады.

Бейне обьектілерінің ішкі құрылғысы нүктелік бейненің тағы бір кемшілігі болып табылады. Осы мысалға тоқталып көрейік. Егер нүктелік бейнеде біз көбелек – галстуктағы ер кісіні көрсек, онда – бұл біздің миымыздың жұмысы. Ол бейнеден сондай объектілерді ерекшелеп тұр. Нүктелік графиканы редакторлеу жұмысы кезінде осы объектіге сәйкес пиксельдерді идентификациялау үшін көп еңбектену керек. Бейнемен жұмыс кезінде значокты өшіру керек болса, онда жойылған пиксельдің бос орнын толтыру керек болады.

Нүктелік бейненің үшінші кемшілігі – оны сақтауға кететін жады көлемінің үлкендігі. Үлкен айқындықты және салыстырмалы үлкен көлемді нүктелік бейнелермен жұмыс істеу кезінде сәйкес файлдың көлемі жүздеген мегабайт болатындығы жиі кездесетін жағдай. Мұндай үлкен көлемді объекті лермен жұмыс істеу соңғы және мықты компьютерлердің өзіне жеңіл емес.

Векторлық бейнемен жұмыс істеу бұған қарағанда жеңілдеу. Үлкейту немесе кішірейту кезінде тек бір ғана басқару параметрін өзгертсе жеткілікті. Одан векторлық бейнелі файлдың көлемі бір байтқа да өзгермейді. . Рендеринг кезінде суреттің көлемі ескеріледі және суреттің сапасы сақталады. 1.1 суретте нүктелік және векторлық бейнелердің үлкейтілгеннен кейінгі қорытындысы берілген.

1 - сурет. Векторлық бейне (сол жақта), нүктелік (оң жақта)

Нүктелік бейнеден векторлық бейненің айырмашылығы құрылымдық дәрежесі еркін сұрыпталу болып табылдаы.

Екі класты салыстырмалы талдауынан соң щығаты қорытынды, векторлық бейне нүктелік бейнеде өзімен қарапайым және формальді әрекетті көрсетеді. Ал нүктелік бейнені векторлық бейнеге аудару кезінде қолданушының шығармашылық қатынасы керек. Анық қорытынды: графикалық жобаны өңдеу кезінде ол қай класқа жатпаса да, векторлық бейненден бастаған жөн. CorelDRAW 11 – де нүктелік бейнелермен жұмыс істеуге де болатын мықты орта арсеналы бар.


Векторлық объектілерді нүктелік бейнелерге өзгерту


Кейбір жағдайларда қажетті графикалық бейнелерді құру үшін бастапқы материалдар ретінде векторлық емес нүктелік бейнелерді қолданып құрған тиімдірек болады. Мысалы, әуедегі болашақ күшті әсері келесі түрде салынады: соқна бірнеше жобаға бөлінеді (қарапайым оқиғада – алдыңғы, аралық және алыс), объектілер жоба бойынша топталады, содан соң аралық және алыс жобалар нүктелік бейнелерге өзгереді (аралық – мөлдір фонмен) және алынған нүктелі бейнелерге шаю сүзгісі қолданылады, бірақта алыс жоба қатты шайылады.

  • Color (түс) ашылатын тізім түрлі түсті үлгіні таңдауға мүмкіндік береді (немесе нүктелік бейнелер тілінде айтатын болсақ түс тереңдігі)

  • Resolution (Кеңейту) ашылатын тізім болашақ нүктелі бейнелердің белгілі бір стандартты кеңейту мәнін таңдауға мүмкіндік беруге арналған. Әртүрлі баспа құралдарынан шығаруға қолданылатын 300,-200, 150 и 100 нүктелер мәні дюимге тең, экранға шығаруға арналған бейнелер мәні 96 және 72 нүктесі дюймге тең.

  • Anti-aliasing (тегістеу) кішкене жалауша режимді қосады ол нүктелік бейнелерге өңделетін векторлық объектілердің шетіне түстер пикселі қосылатын болады.

  • Dithering (Импорттау) кішкене жалауша түс тереңдігі 8 битке тең болғанда қолданылады.

Векторлық бейнелерді нүктеліктерге өзгерткеннен кейін олар өте шайылған болып көрінеді және көбіне суретші құралдарымен салынған нәтижені еске түсіреді.

Adobe PhotoShop интерфейсі

Photoshop- ол графикалық бағдарлама. Оны көбінесе фотосуреттерді және бейнелерді өңдеу үшін қолданады, сонымен қатар оңда қарапайым суреттер салуға болады.

Бейнелерді түрлендіру – дайын фотобейнені акварельмен, қарындашпен, бормен, көмірмен салынған сурет, барельеф түрінде беру болып табылады. Сонымен қатар Photoshop – та ақ – қара түсті фотобейнелерді бояуға, бүлінген фрагменттерді қайта өңдеуге, бейнелерді, коллаждарды монтаждауға болады.


Жаңа құжат құру

Photoshop бағдарламасын қосқан кезде экран бетінде саймандар понелі, мәзірлер қатары, және 4 терезе оң жақта орналасқан. Жұмыс аумағын көрмейсіндер, өйткені бұл бағдарламада автоматты түрде жаңа құжат шығармайды. Жаңа құжатты құру үшін Файл-создать командасын орындау қажет.

Төмендегі суретте Photoshop бағдарламасымен жұмыс істеу терезесі көрсетілген:

(1) батырмасында шерту қосымшаны басқару мәзірін шақырады. Ол келесі командалардан тұрады: Restore (Қалыпқа келтіру/Восстановить), Move (Орналастыру/Переместить), Size (Көлемі/Размер), Minimize (Орап қою/Свернуть), Maximize (Ашып қою/Развернуть) және Close (Жабу/Закрыть).

(7) батырмасының көмегімен құжатты басқару мәзірі шақырылады. Құжаттың негізгі мәзірінде келесі командалар мазмұны бар: Restore (Қалыпқа келтіру/Восстановить), Move (Орналастыру/Переместить), Size (Көлемі/Размер), Minimize (Орап қою/Свернуть), Maximize (Ашып қою/Развернуть), Close (Жабу/Закрыть) и Next (Келесі/Следующий).

Әр түрлі сұқбат терезелерін, ішкі мәзірді және командаларды ашу үшін, (2) мәзірінің кез келген элементінде шертіңіз.

Таңдалған сайманның параметрін анықтау үшін (3) опция панелі арналған.

Қосымша терезесін орап қою үшін Minimize (4) батырмасында шертіңіз. Қорытындысында оның пиктограммасы есеп тақтасында пайда болады. Терезені қалпына келтіру үшін сол белгіні шертсе жеткілікті.

(5) қосымшасының немесе (10) құжатының Maximize (Развернуть) батырмасы терезе көлемін үлкейтуге мүмкіндік береді. Егер терезенің қалыпты күйін келтіргіңіз келсе, онда Restore батырмасын шертіңіз. Терезе көлемі қайта қалпына келген соң Restore батырмасы Maximize батырмасына өзгереді.

(6) қосымшаның жабу батырмасы терезе қосымшасын жабады. (8) бейненің аты мен көлемі тұрады, слой немесе Background (Фон) идентификаторы туралы мәлімет болады.

Құжат терезесін (9) құжаттың Minimize батырмасымен орап қоюға болады. Бұл жағдайда құжат пиктограммасы Қосымша терезесінің сол жақ төменінде орналасады. Терезені қалпына келтіру үшін Restore (Восстановить) батырмасын шертіңіз.

Егер бейнені немесе палитраны жапқыңыз келсе, (11) пиктограммасына шертіңіз.

Егер экранда (12) линейканы шығарғыңыз келсе, View Show Rulers (Вид Показать линейки) командасын орындаңыз. Оинейка үшін өлшем бірлікті сұқбат терезесінде таңдаңыз: Edit Preferences Units&Rulers (Правка Установки Единицы измерения & линейки).

Бағдарламада 13 палитра (13) бар, оларды экран бойына және топ бойынша орналастыруға болады.

Саймандар тақтасын (14) және басқа да ашық палитраларды көрсету, алып тастау үшін Tab пернесін басыңыз.

Қалып – күй қатарында (15) келесі параметрлердің мәні бейнеленеді: Document Size (Құжат көлемі/Размер документа), Document Profile (Профиль документа), Scratch Sizes (Жады көлемі/Объем памяти) – қазіргі кезде қолданылған оперативті жадтың көлемі.

Photoshop бағдарламасы үшін Efficiency (Тиімділік/Эффективность) қолданылған жады көлемін білдіреді, Timing (Уақыт/Время) және Current Tool (Ағымдағы құрал/Текущий инструмент) – құралдар аты.

Қалып-күй қатарына тышқанды апарып шертіңізде оны жібермей ұстап тұрыңыз, осы кезде беттегі бейненің қалай орналасатынын көресіз. Егер қалып-күй қатарына тышқанды Alt пернесімен бірге басып тұрсаңыз, онда экранда бейненің көлемі, каналдар санын, кеңейтулері туралы ақпарат шығарады.

Қабылданған көрсеткіштер

Мәтінде майлы әріппен (полужирным шрифтпен) интерфейстің элементтері белгіленеді: терезе аттары, мәзір бөлімдері, командалар, сонымен бірге батырмалар.

Курсивпен базалық терминдер мен анықтамалар белгіленеді.

Web-адрестердің асты сызылған (подчеркиванием).


Негізгі мәзірлер

File (Файл). мұнда негізгі командалар орналасқан, олар арқылы құжатты құрады және жұмысты аяқтайды: ашу, құру, импорттау, сақтау, басып шығару және т.б.

1-сурет. File мәзірі


Edit (Правка). Бұл мәзір арқылы кесіп алу, көшірмесін алу, еңгізу командаларын орындайды.

2 сурет. Edit мәзірі


Image (Изображение -Бейне) мәзірінде бейненің көлемің , түсін, кенейтілуін өзгертуге болады.

Layer (Слой) мәзірінде Қабаттармен, маскалармен жұмыс істеуге арналған

Select (Выделение -белгілеу) мәзірінде бейнелерді белгілеу жұмыстарын атқарады.

Filter (Фильтр) мәзірінде фильтрлар жинағы орналасқан. Фильтр – ол кішігірім бағдарлама, арнайы функцияларды орындайды және «хозяин»-бағдарламаның бағытымен жұмысты атқарады.

View (Вид) мәзірі арқылы жұмыс аумағын кұйге келтіреді.

Windows (Окно –Терезе) мәзірінде көбінесе палитраларды ашу және жабу жұмыстары орындалады.

Help (Помощь- көмек) мәзірінде бағдарлама жайлы мағлумат алуға немесе көмек терезесін іске қосуға мүмкіндік береді.


Саймандар панелі

Барлық саймандар 4 топқа бөлінеді:

  • Белгілеу саймандары

  • Сурет салу саймандар

  • Текст, градиентық қую /заливка/ жұмыстарына арналған арнайы саймандар

  • Бейнені көріп шығуға /просмотра изображения/ арналған саймандар.


3 сурет. құрал саймандар


Белгілеу саймандарына Marquee (область-аудан), Lasso (Лассо), Maqic Wand (Волшебная палочка-сиқырлы таяқ), Move (перемещение-орын алмастыру).

4 сурет. Белгілеу саймандары

Сурет салу саймандарына Airbrush (Аэрограф), Paint Brush (Кисть), Pencil (Карандаш), Rubber Stamp (штамп) жатады. Line (Линия-Сызық) сайманы түзу сызық сызуға мүмкіндік береді, Eraser (Ластик) сайманы арқылы бейненің жартысын өшіруге болады. History Brush (Өткен қалыпты кисть –кисть предыдущих состояний) сайманы арқылы қайта қалпына келтіру немесе керсінше операцияларды орындайды. Art History Brush (Өткен қалыпты көркемдік бояу жаққышы - /художественная кисть предыдущих состояний/) сайманы арқылы әр түрлі көркемдік стилдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

5 сурет. Сурет салу саймандары

Текст, градиентық құю /заливка/ жұмыстарына арналған арнайы саймандары.

Gradient Tool (градиенттік түс-Градиентный цвет) сайманын екі түсті немесе көп түсті фондық түстерді қолдану үшін, Paint Busket (Бояу-Заливка) сайманы арқылы белгіленген аумақта бояйды.

Сонымен қатар мұнда бейненін орын алмастыру, өзгерту саймандары кіреді. Ол Smudge (Палец-саусақ), Sharpen (резкость) , Dodge (Осветлитель-Жарықтандыру), Burn (Затемнитель-Қара түстпен бояу), Sponge (Губка).

6 сурет. Текст, градиентық қую саймандары.


Бейнені көріп шығуға /просмотра изображения/ арналған саймандарға Hand /рука-қол/, және Zoom /масштаб/ жатады.


7 сурет. Бейнені көріп шығу саймандары.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Лабораторная работа по Компьютерной графике

Автор: Мусинов ?уантай Т?леугали?лы

Дата: 13.03.2016

Номер свидетельства: 305154

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(175) "МЕТОДИКА ПРОВЕДЕНИЯ ЛАБОРАТОРНЫХ РАБОТ ПО ФИЗИКЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ. "
    ["seo_title"] => string(102) "mietodika-proviedieniia-laboratornykh-rabot-po-fizikie-s-ispol-zovaniiem-informatsionnykh-tiekhnologii"
    ["file_id"] => string(6) "234889"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443543730"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Дидактический материал к элективному курсу "Компьютерная графика" "
    ["seo_title"] => string(71) "didaktichieskii-matierial-k-eliektivnomu-kursu-komp-iutiernaia-ghrafika"
    ["file_id"] => string(6) "105611"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1402895974"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Представление о программных средах компьютерной графики "
    ["seo_title"] => string(65) "priedstavlieniie-o-proghrammnykh-sriedakh-komp-iutiernoi-ghrafiki"
    ["file_id"] => string(6) "133575"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416546998"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(210) "Разработка урока по компьютерной графики  "Лабораторная работа №1 «Обзор и настройка интерфейса  программы Inkscape»" "
    ["seo_title"] => string(117) "razrabotka-uroka-po-komp-iutiernoi-ghrafiki-laboratornaia-rabota-1-obzor-i-nastroika-intierfieisa-proghrammy-inkscape"
    ["file_id"] => string(6) "132442"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416335275"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(292) "Информационная сессия  "Развитие познавательных интересов учащихся через интеграцию учебных предметов" из опыта работы учителя информатики Крапивницкой О.В. "
    ["seo_title"] => string(183) "informatsionnaia-siessiia-razvitiie-poznavatiel-nykh-intieriesov-uchashchikhsia-chieriez-intieghratsiiu-uchiebnykh-priedmietov-iz-opyta-raboty-uchitielia-informatiki-krapivnitskoi-o-v"
    ["file_id"] => string(6) "166423"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422959898"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства