kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерные вирусы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Там написана о компьютерных вирусах. Как они делиться

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерные вирусы»

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжі


Жаманкулова Майра Егизбаевна


Арнайы пән оқытушысы


Компьютерлік вирустар


Жобада зерттеу мақсаты, зерттеу міндеттері, болжам,  зерттеу тәсілі мен объектісі, күтілетін нәтиже мен болжам беріледі.    

       Бұл ғылыми жобада компьютерлік вирустар жайлы толық мағлұмат алуға болады:

вирустардың пайда болуының негізгі белгілері;

вирустардың шығу тарихы;

вирустардың ену мүмкіндіктері; вирус түрлері; вирустардың жіктелуі;

антивирустық бағдарламалар және олардың түрлері;

вирустардан қорғану жолдары  және т.б.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Компьютерлік вирустарды және олардың түрлерін анықтап, вирустардан қорғану жолдарын іздестіру. Қазіргі кезге лайықты антивирустық программалардың түрін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Тақырып бойынша терең білім алу; Бағдарламаның мүмкіндіктерін игеру; Компьютерлік вирустардан сақтану шараларын айқындау; Антивирустық программалармен жұмыс жасау; Антивирустық программалармен вирусты жою.

Болжам: Егер, компьютерлік вирустар және олардан қорғану туралы ақпарат берсем, онда оқушылар вирустардан қорғану жолдарын білетін болады. Егер әр бір қолданушы берілген тақырыпты жан- жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларғатосқауыл болу.

Зерттеу объектісі: компьютерлік вирустар

Күтілетін нәтиже: Компьютерлік вирустар туралы мәліметті жетік меңгеріп, үйренсек, олармен күресу мүмкін.

Өзектілігі: Компьютерлік вирустардан қорғанудың жолы - вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану болып табылады. Қазіргі кезде антивирустық бағдарламалар көптеп шығарылуда, бірақ олармен күресу жолдары аз.
Міндеттері:
1. Компьютерлік вирустарды теориялық тұрғыдан жіктеу.ндеттері: 
2. Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу.
3. Antiviral Toolkit Pro ( AVP ) программасына сипаттама беру.
Зерттеу нысаны: Компьютерлік вирустар және оларға қарсы программалар.
Зерттеу пәні:  Информатика және компьютерлік технологиялар.
Ғылымға пайдасы:  Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағұлматтар беру. 
Кіріспе. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.Вирустың көптеген түрлері компьютер жадында басқару жүйесі қайта жүктегенше тұрақты сақталып, өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені  байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын вирустарға не істеуге болады?!
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:
— резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
—резидегатік емес (уақытша) вирустар.Резиденттік вирус жұққан программа іске қосылғанда вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді. Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін: 
1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты) .сот жөне .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
2.  Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінін ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш" (загрузочная) немесе Вооі -вирустар деп аталады.Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды жөне әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі — компъютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұңдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен түрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметгер кластерлеріне жазылып қалады. Құрылғылар драйверлері. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге кешіру өте сирек болатындықтан, мүндай вирустар көп тарала қоймаған.  Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. 
Барлық .СОМ жөне .ЕХЕ типті файлдар үшін — каталогтағы файлдың мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш — таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты компьютер жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жүмыс атқарған сияқты болып сырт кезге мұның әсері білінбей түрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай "ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы 
антивирустік программалар қажет (мысалы, касперский программасының соңғы нұсқалары)."Көрінбейтін" жәие өздігінен өрбитін вирустар
Көптеген вирустар жасырынуды әдетке айналдырған, Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жұғатын" вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері қүрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатъш файлдарға да зиянын тигізеді.Компьютерлік вирустар түрлері«Троянский конь» - тiкелей қатысуды талап етпейтiн, бағдарламаға айырмашылықты өзі орындайды. Ол әдетте әрбiр операциядан алдын ала ашық есеп нақтылы сомадағы бөлiп шығаруы үшiн қылмыскерлермен қолданылады. «Троянская матрешка»- бөгде программалық қамтамасыз етудін бағдарламалары жойып ,өз-өзін құртып жібереді.«салями» - осы әдiс компьютер техникасының құралдарының жылдамдығында негiзделген. Коммерциялық мәмiлелердiң iске асыруында дөңгелектенедi. «логическая бомба» - әдiс жағдайлардың нақтылы күйiнде iстейтiн арнайы командалардың бөгде программалық қамтамасыз етуiне құпия енгiзу болады. Бұл әдiстiң бiр түрi уақытша бомба болып табылады. «Вирусы-черви» - бұл вирустар программалық файлдарды өзгертпейдi. Олар компъютер желiсiнен компьютерiнiң жадтарына кiредi, және басқа компьютерлердiң мекенжайларын есептейдi. Вирустың көшiрмесi басқа компьютерлерге жіберіледі. «Паразитические» - программалық файлдарды мiндеттi түрде өзгертетiн вирустер мұнда кiредi. «Әуесқойлармен жазылған вирустар - студенттiк» - мұндай вирустар қателерде көп болады, және арнайы бағдарламалармен оңай мәлiм болады.Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері Кейбiр бағдарламалардың жұмысының бәсеңдiгi.  Файлдардың өлшемдерiнiң үлкеюi. 
Бар болмаған бұрын оғаш файлдардың пайда болуы.  жедел жадтың көлемiнiң кiшiрейтуi. Кездейсоқ пайда болатын түрлi видео және дыбыстық эффекттер.
Қорыта айтқанда қорғану тәсілдері қосымша дискет құру; жүктеушi сектор сүзсiн және бастапқы жүктеушi сектордың көшiрмесiн құру; файлдарды вирустарға тексеру, қоса архивтi.ARJ,.ZIP,.RAR );  жедел жадты тексеру ; алдын ала тап қалған кесте бойынша диск автоматты тексеру; компьютерге файлдар олардың түсуiнде тексерсiн және диск сияқты немесе торлық құрылымға үндеуiнде, вирустар бұл құрылымдар iздестiру кезiнде тексеру; қайта тиеудiң жанында тексеру керек, дискет дисководта, және бұл қолданушы туралы ескертуге қалмады; фон тәртiбiндегi диск тексеру;  Компьютерлік вирустан емдеу жолдары. Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар, Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Sсan, Norton AntiVirus, Doctor Web және Касперски программалары.

Ұсыныс Жаңа ақпараттық технологияны одан әрі дамыту. Тек технологияны шығарып қоймай, оны пайдалану барысында вирустардан қорғау жолдарын білу керек. Тағы да айтар кететін жайт, колледжімізде толықтай ақпараттық технологиялар қамтамасыз етілу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

2. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

3. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003.

4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

5. Педагогика журналы №2-2009 ж.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Компьютерные вирусы

Автор: Жаманкулова Майра Егизбаевна

Дата: 15.11.2020

Номер свидетельства: 563421

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Разработка урока "Компьютерные вирусы, антивирусы, архиваторы" "
    ["seo_title"] => string(62) "razrabotka-uroka-komp-iutiernyie-virusy-antivirusy-arkhivatory"
    ["file_id"] => string(6) "159153"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421854438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "КОМПЬЮТЕРНЫЕ ВИРУСЫ И СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДЫ БОРЬБЫ С НИМИ "
    ["seo_title"] => string(61) "komp-iutiernyie-virusy-i-sovriemiennyie-mietody-bor-by-s-nimi"
    ["file_id"] => string(6) "100204"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1402371789"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Урок информатики по теме "Компьютерные вирусы и антивирусные средства" "
    ["seo_title"] => string(75) "urok-informatiki-po-tiemie-komp-iutiernyie-virusy-i-antivirusnyie-sriedstva"
    ["file_id"] => string(6) "136591"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417148478"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Конспект  урок на тему  "Компьютерный вирус" "
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekt-urok-na-tiemu-komp-iutiernyi-virus"
    ["file_id"] => string(6) "206484"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430196457"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "презентация для урока по информатике компьютерные вирусы и антивирусные программы "
    ["seo_title"] => string(92) "priezientatsiia-dlia-uroka-po-informatikie-komp-iutiernyie-virusy-i-antivirusnyie-proghrammy"
    ["file_id"] => string(6) "147100"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419325542"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства