Просмотр содержимого документа
«Информатика пәнінен шығармашылық есеп»
Информатика пәнінің мұғалімі
Жакупов Бақытжан Уашұлының
шығармашылық есебі:
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін –
тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»
Альберт Эйнштейн
XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осы мәселе бойынша 25.06.13ж. мектепте «Компьютерлік сауаттылықты арттыру курсы» атты тақырыбында ауыл тұрғындары мен мектептің мұғалімдеріне семинар сабақ өткіздім. Семинар барысында негізгі баптауларды өзгертіп, көмекті пайдалану жүйесімен жұмыс жасауды, Microsoft Word мәтіндік редакторымен, Microsoft Excel электрондық кестелермен жұмыс жасауды, интернет желісін пайдалануды, электрондық поштамен хат жіберіп, қабылдауды үйреттім. Семинар жақсы бағаланды.
«Математиканы және информатиканы оқытуда ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалану» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау, математика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.
Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасау барысында мен ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаландым. Біздің мектепте интербелсенді тақта болғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар, флипчарттар дайындап, тақтаның көмегімен көрсеттім. Осындай сабақтарым: 9 сыныпта өткізілген «Теңдеулерге есептер шығару», 10 сыныпта «Туындының көмегімен шығарылатын есептер», т.б..
Информатика пәнін оқытуда ойын элементтерін көп қолданамын. Мысалы: 8 сыныпта Microsoft Excel бағдарламасын оқып үйренгенде оқушылар әрқайсысы фирма ашады, сол фирмаға бір бірін жұмысқа қабылдайды қызмет тағайындайды, айлық толеу үшін әртүрлі есептеулер жүргізеді. Фирмаларының табысын, өнімділігін санайды, салыстырмалы диаграммаларды жасайды. Осындай сабақтардың барысында оқушылар тек білім ғана алмай сонымен қатар тәрбие де алады. Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Оқушылар тапсымаларды қызығушылықпен орындайды және сыныпта достық қарым-қатынастары күшейеді. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де өседі.
2013-2014 оқу жылында аймақтық олимпиадаға 10 «Ә» сыныбынан Копбегенов Линарды, Жұмабек Жасуланды, 9 «Ә» сыныбынан Керімбек Сұлтан мен Қанапия Әсетті математика пәнінен дайындап қатыстырдым. Осы балалардан Көпбегенов Линар аймақтан жүлделі орын алып аудандық олимпиадаға қатысып жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Информатика пәнінен Тұрысбек Алдиар аймықта жеңіп шығып, аудандық олимпиададан жүлделі үшінші орынды иеленді.
07.04 - 25.04.2014 күндер аралығында өткен математика пәнінен Қазақстандық интернет-олимпиадаларына 9 «Ә» сыныбынан: Керімбек Сұлтан, Қанапия Әсет, Тұрысбек Айдана, Ахметова Еңлік, Ерболат Алия, Турғынбаева Бұланай, Оразалиева Арай; 10 «Ә» сыныбынан Қайыпбаева Айшолпан, Копбергенов Линар, Әбдіраимова Аяулым, Бауыржан Фариза, Серік Нұрлан; 10 «Б» сыныбынан: Алдибек Мадина, Еркинбек Булбул, Манарбек Еркебулан қатысты оның ішінен 5 оқушы екінші турға өтті. Қатысқандары туралы сертификаттары бар.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
Ынтымақтастыққа үйренді,
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді,
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді,
Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді.
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.