kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дербес компьютермен танысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютермен танысу»

1-модуль. АЛҒЫ СӨЗ ЖӘНЕ дербес
компьютермен алғашқы таныстық

1.1. Компьютер деген не?

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б. (1.1-сурет).

 

1.2. Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады?

Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді.
Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді.
Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.
Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз.

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.
АКТ қашықтан оқыту, арақашықтыққа қарамастан дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға көмектеседі. Intenet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады. АКТ сондай-ақ медицина қызметкерлеріне тәжірбелік дағдыларды меңгерту үшін де пайдаланылады.
Ғалымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін тәжірибелердің үлгісін жасау үшін қолданады. Бұндай жобаға кез келген өзгерістерді енгізіп, нәтижесін монитор бейне бетінен бақылауға мүмкіндік бар. Бұндай техника виртуалды тәжірибелер жүргізіп, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуге мүмкіндік береді, осының арқасында уақыт та, қаражат та үнемделеді.
Компьютер көмегімен қаржылық есептемелер жүргізу – бұл оның банк ісінде қолданылуының бір мүмкіндігі ғана. Қуатты есептеуіш жүйелер чектерді өңдеу, әрбір салымның өзгерістерін тіркеу, салымдарды қабылдау және беру, несиелерді рәсімдеу және салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен өзге банкке ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сауда-саттық ісінде компьютерді қолдану сатып алушылармен есеп айырысуды жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар санын бақылап отыруға, сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуге және т.б. көптеген жұмыстарды атқаруға көмектеседі.
Компьютер тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді: бос уақытты қызықты етіп өткізуге, электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға, Intenet арқасында жаңалықтарға қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.3. Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы

Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі:
— компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;
— мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;
— монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;
— тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;
— компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз.
Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сондықтан:
— жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;
— қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;
— бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;
— монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;
— дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз. Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс (1.3-сурет).

 

1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес: құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!
2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тікбұрыш жасап бүгілген болсын.
3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық 70 см-ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

Тінтуірмен жұмыс істеу кезінде:
· Білек түзу болуы тиіс. Ешқашан да үстелдің үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс.
· Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширығуына әкеп соғады.
· Тінтуірмен жұмыс істегенде қолыңызды түгелдей созбаңыз. Тінтуірді еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.
Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.
Үзіліс кезінде көзіңізді тынықтырып, шаршағаныңызды басуға арналған жаттығулар жасап отырған жөн:
1. Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты таңғалғандағыдай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған

қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.
3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай: Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз.
4. Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы орындаңыз.
5. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.
6. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған көріністерді көзіңізге елестетіп, содан соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.

1.4. Ақпараттың өлшем бірліктері

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «–», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»).
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады.
Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.

1.5. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар

Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы (1.2-сурет).
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
— ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
— ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
— енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды1:
— жүйелік (аналық) тақша*;
— процессор*;
— оперативті жады*;
— тұрғылықты диск*;
— алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
— CD және DVD диск жетектері;
— бейнесызбалық бейімдеуіш;
— дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
— желілік тақша;
— енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
— қоректендіру блогы*.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді (1.4-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет). Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады.
Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.
Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де ақпарат сыртқы жадыда сақталады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы (1.7-сурет).

Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.

Компьютерді сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы жолдарында (оперативті жады көлемі және процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін көресіздер.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен болады.

Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды (1.8-сурет). Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.
CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді (1.9-сурет). CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.

Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді (1.10-сурет). Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар (1.11-сурет). «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді (1.12-сурет). Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар; ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады (1.13-сурет). Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады.

Көптеген пернелердің бетінде екі-төрт таңба бейнеленген. Пернені қажетті нышанды енгізуге қолдану үшін басқару пернелері пайдаланылады. , , пернелері әдетте қандай да бір әрекетті орындамайды, олар басқа пернелердің міндетін өзгертуге арналған немесе өзге пернелермен бірге қолданылады. Мысалы, пернесі бас әріптерді жазу үшін, ал және немесе және пернелерін тіркесімі – пернетақта тілін өзгерту үшін пайдаланылады.
бас әріптер режімін бекіту үшін қолданылады ( пернесін пайдалану қажет емес). пернесін қайталап басып, бас әріптер енгізу режімін болдырмай тастауға болады.
(енгізу) – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
(болдырмау) – әрекетті немесе амалды болдырмау, сұхбат терезесін немесе мәтінмәндік терезені жабу үшін қолданылады.
Бос орын пернесі – пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
Түзету пернелері – , ,
– Enter пернесінің үстінде орналасқан бағдаршалы перне. Ол жүгіргінің сол жағында тұрған нышаны жояды.
– жүгіргінің үстінде немесе оның оң жағында тұрған нышаны жояды.
– нышандарды енгізу режімдерін ауыстыруға арналған («қою» және «алмастыру» режімдері, үнсіз келісім бойынша «қою» режімі жұмыс істейді).
Жүгіргіні басқару пернелері , , , жүгіргіні бейне бет бойымен өзіне сәйкес бағытта жылжытады.
Жүгіргіні басқару пернелеріне, сондай-ақ , ,, пернелері де жатады.
, – жүгіргіні мәтін жолының басына (соңына) апарады.
, – жүгіргіні мәтін бойымен бір бейне бетке жоғары (төмен) жылжытады.
windows пернесі Бастау батырмасының Бас мәзірін ашады. Басқару пернелері сияқты, ол да басқа пернелермен бірге қолданыла алады.
Мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне тінтуірдің оң жақ пернесінің қызметін атқарады.
Жетелік пернелер – … – алдын ала белгіленген мәні жоқ пернелер. Олардың мәнін бағдарламаларды әзірлеушілер өз қалауынша анықтайды. Жетелік пернелер міндетін нақты бағдарламамен танысу кезінде оқып-қарастыру қажет. Әр уақытта бір ғана міндет атқаратын перне – , ол ақпараттық жүйені шақырады. windows-қа лайықталған бағдарламаларды әзірлеушілер үшін осы пернелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар жасалған, сондықтан көптеген бағдарламалардағы пернелердің міндеті ұқсас болып келеді.
Сандық бөлік екі мақсатта қолданылады. Пернетақтаның сандық бөлігінде пернесі режімі қосылып тұрған кезде пернелер сандық ақпарат пен арифметикалық амалдар таңбаларын енгізуге арналады.
Пернетақтаның сандық бөлімінде пернесі режімі қосылмаған кезде бұнда жүгіргіні басқару пернелері қайталанады.
, , пернелерінің пернетақтаның оң жақ жоғарғы бұрышында сәйкес режім қосылып тұрғанын көрсететін көрсеткіштері бар.
Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор (1.15-сурет).
Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті.
Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет.
Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек.
Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар.

1.7. Компьютерді қалай дұрыс қосу және өшіру қажет?

Компьютерді алғаш қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды.
Егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы (UPS) арқылы қосылған болса, онда оны компьютерге кернеу жеткізу режіміне ауыстыру қажет. Ал егер компьютер тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты қосу қажет.
Осыдан кейін
· компьютердің мониторын;
· өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін шеткері құрылғыларды (басып шығарғыш, сыртқы модем, мәтіналғы және т.б.);
· жүйелік қорапты қосу керек.
Осыдан кейін компьютер бейне бетінде компьютердің жабдықтарын тексеру және амалдық жүйені бастапқы іске қосу бағдарламаларының жұмысы барысы жөніндегі хабарламалар пайда болады.

Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс істеген кезде компьютерді өшіру үшін:
· жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;
· Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес);
· басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем, мәтіналғы және т.б.) өшіру;
· компьютердің мониторын өшіру;
· егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.

1.8. Қандай компьютер сатып алу қажет?

Компьютер сатып алмастан бұрын, мынаны шешіп алыңыз: Сіз оны не үшін пайдаланасыз? Түрлі бағдарламалар компьютер сипаттамаларына түрлі талаптар қояды, олардың ішінде процессордың ырғақтық жиілігіне, тұрғылықты диск көлеміне, оперативті жады көлеміне, дыбыстауыш, бейнелік бейімдеуіш пен желілік тақшаның бар болуына әсіресе назар аудару қажет.
Мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, электрондық кестелер және т.б. сияқты кеңсе бағдарламалары жұмысы қор көздеріне аса қатты талап қоймайды. Компьютерлердің бұл категориясының құрылымы қарапайымдау, сондықтан недәуір арзандау болады. Бұл мақсаттарда қолдану үшін 1,8 GHz ырғақтық жиілігі бар процессор, сыйымдылығы 80 Gb тұрғылықты диск, 256 Mb оперативті жады, аналық тақшаға қоса орнатылған бейнелік бейімдеуішті қамтитын жүйелік қорап және диагоналы 17 дюйм монитор сатып алса жеткілікті.
Ал егер Сіз тек құжаттарды әзірлеп, кестелермен жұмыс істеп, көрмелерді әзірлеп қана қоймай, кинофильмдер көріп, музыка тыңдап, ойындар ойнағыңыз келсе, алдыңғы жинақталымға бір саты жоғарырақ бейнетақша және дыбыстауыш қосу қажет (қазіргі кезде олар аналық тақшаға қоса орнатылады, сондықтан жеке-жеке сатып алудың қажеті жоқ).
Егер Сізге Internet желісінде жұмыс істеуге арналған компьютер қажет болса, аталған құрылғыларға қоса, желілік тақша мен модем алу керек.
Сипаттамасы бойынша үйдегі компьютерге ұқсас ноутбуктар недәуір қымбатырақ тұрады, өйткені оларда өте кішкентай технологиялар, электр көзінен, яғни аккумулятордан тәуелсіз жұмыс істеуге арналған қуатты үнемдеу жүйелері пайдаланылады.
Қазіргі заманғы ойындар компьютердің қор көздеріне өте қатаң талап қояды, сондықтан ол талаптарға сай келетін компьютерлердің құны қымбатқа түсіп отырады. Бұндай жинақталым үшін әдетте ең қымбат бейнелік бейімдеуіштер, қуатты көп ядролы процессорлар, өте шапшаң оперативті жадының аса үлкен көлемі және ауқымды диск кеңістігі қажет.
1.9. Өз бетіңізбен компьютер жинай алу үшін
нені үйрену қажет?

Сіз компьютердің жұмыс істеуі үшін қажетті құрылғылардың барлығын алғаннан кейін оларды кабельдер көмегімен мына ретпен жалғау керек:
1. Жүйелік қораптағы өзіне сәйкес порттарға негізгі құрылғыларды: монитор, пернетақта, тінтуірді жалғау.
2. Қажет болған жағдайда жүйелік қораптағы өзіне сәйкес порттарға шеткері құрылғыларды: басып шығарғыш, мәтіналғы, колонкаларды және т. б. жалғау.
3. Қоректендіру сымдарын алдымен құрылғыларға, содан кейін электр желісіне (ал егер Сіз үздіксіз қоректендіру көзін қолдансаңыз, соған) қосу.
4. Электр желісіне жүйелік қорапты қосу.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Компьютер деген не?
2. Компьютерлердің қандай түрлерін білесіздер?
3. Компьютер қалай жұмыс істейді?
4. Компьютер қандай салаларда қолданылады?
5. Қазіргі заманғы компьютерлер ақпараттың қандай түрлерімен жұмыс істей алады?
6. Қандай компьютер мультимедиалық деп аталады?
7. Компьютерлер әдетте қандай есептеу жүйесінде жұмыс істейді?
8. Ақпараттың өлшем бірліктерін көрсетіңіз.
9. Ақпараттың ең үлкен және ең кіші бірлігін атаңыз.
10. Компьютердің жұмыс істеуіне қажетті ең аз деген құрылғылар жиынтығын көрсетіңіз.
11. Компьютерді қосу-өшіру ретін көрсетіңіз.
12. Жүйелік қорап қандай ішкі құрылғыларды қамтиды?
13. Монитор не үшін қажет?
14. Шеткері құрылғыларды және олардың не үшін қолданылатынын атап шығыңыз.
15. Кернеу азайған кезде және электр қуаты өшіріліп тастағанда компьютерді қандай құрылғы қорғайды?
16. Компьютерді сатып алу кезінде қандай сипаттамаларды білу қажет?
17. Компьютерге күтім жасаудың негізгі ережелерін атаңыз.
18. Ақпаратты тасымалдаушылардың негізгі типтерін (ішкі және сыртқы) атаңыз.
19. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғыны атаңыз.
20. Пернетақтаның негізгі бөліктерін және пернелердің атқаратын міндеттерін атаңыз.
21. Тінтуірдің сол жақ және оң жақ пернелерінің атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.
22. Компьютерде жұмыс істеу ережелерін атаңыз.
23. Ересек адамға компьютер алдында күніне қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі?
24. Компьютерде жұмыс істеу кезінде қашан үзіліс жасау қажет?
25. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық қандай болуы тиіс?
26. Компьютер алдында қалай дұрыс отыру қажет?
27. Компьютермен жұмыс істеу кезінде жасауға болатын көзді тынықтыруға және шаршағанды басуға арналған қандай жаттығуларды білесіз?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дербес компьютермен танысу

Автор: Аймагамбетова Камшат Коптилеуовна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407068

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Пернета?та . Пернета?тамен  танысу. "
    ["seo_title"] => string(38) "piernietak-ta-piernietak-tamien-tanysu"
    ["file_id"] => string(6) "183055"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425710062"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "А?паратты жазу ж?не санау"
    ["seo_title"] => string(24) "akparattyzhazuzhniesanau"
    ["file_id"] => string(6) "273953"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452314150"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі"
    ["seo_title"] => string(53) "komp_iutier_kabinietindieghi_k_auipsizdik_ieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "364038"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480445980"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Компьютерлік  сауаттылы?  Авторлы? ба?дарлама 6-сынып "
    ["seo_title"] => string(54) "komp-iutierlik-sauattylyk-avtorlyk-bag-darlama-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "177325"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424618920"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "MS WORD-пен танысу"
    ["seo_title"] => string(16) "mswordpientanysu"
    ["file_id"] => string(6) "246522"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446393151"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства